Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2700 0 пікір 19 Тамыз, 2011 сағат 07:05

Тараздық суретші Брюммердің көрмесі Семейде ашылды

Семей.19 тамыз. ҚазТАГ - Суретші Леонид Брюммердің «...Жүректен, сезіммен» атты Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы көрмесі Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы көркемсурет мұражайында ашылды. Көрмеге портрет, пейзаж, натюрморт жанрында салынған 59 көркем полотно қойылды.

«Суретші қазақ жерінің қарапайым адамдарының - механизаторларының, ағаш шеберлерінің, балықшылардың, балалардың бүтіндей портрет топтамасын салды. Оның полотноларында бояулар өте нәзік берілген. Суреттерде көңіл күй мен сарын өте өткір берілген. Оның жұмыстарындағы сюжет таң қалдырады», - дейді экспозицияларды өнертанушы Светлана Киляоглова.

Л. Брюмер Украинада орыстанып кеткен неміс - Владимира фон Брюмердің отбасында дүниеге келді.

Киевте, Ялтада, Ескі Қырымда, Орел, Нальчик қалаларында өмір сүріп, кейін тегіне байланысты Павлодардағы Ертіс жағалауына жер аударылған. 1955 жылдан бері суретші Таразда тұрған. Л. Брюнер 1971 жылы қарттар үйінде, ешкімге керексіз, ұмыт күйде дүниеден өтті. Оның жерленген жері де белгісіз.

«Оның 1000-нан астам суреттері сақталып қалған екен, 90-шы жылдардың ортасында оларды ағасы облыстық мұражайға өткізді», - деді С. Киляоглова.

2002 жылы облыстық мұражай, Қазақстандағы немістер қауымдастығы, Германияның Қазақстандағы елшілігі Таразда Л. Брюммердің көркемсурет мұражайын ашты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475