«Тобыл-Қарталы» поезының вагондар құрамына қосымша 3 жолаушылар вагоны қосылды
Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - № 5201/5202«Тобыл-Қарталы» поезының вагондар құрамына қосымша 3 жолаушылар вагоны қосылды, деп «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
«2011 жылдың 19 тамызынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ халықтың темір жол көлігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, әрі Қостанай облысының тұрғындарының сұранысын ескере отырып, № 5201/5202«Тобыл-Қарталы» поезының құрамына үш жолаушылар тасымалдайтын вагондар жалғады», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, құрам бес вагоннан тұрады, бір вагон - жабық, бір вагон «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне арналған сыныптық вагон және үш қосымша жолаушылар тасымалдайтын вагон. Қосымша әр вагондағы отыратын жалпы орындық саны - 81 орын. Аталған маршрут әлеуметтік маңызды мәнге ие. «Баталы», «Заятск», «Ақсу» стансаларының тұрғындары үшін, сондай-ақ 11 елді мекен үшін «Тобыл- Қарталы» поезы осы бағыттағы жүретін негізгі көлік болып табылады.
Осы поезд арқылы 243 жолаушы тасымалданады. Тобыл стансасынан Қарталыға дейін билет құны - Т407 тұрады.
№ 5201/5202 поезы бейсенбіден басқа күндері күн сайын жүреді. Тобылдан жолға шығатын уақыты 08:05, Қарталыға келетін уақыты - 12:05. Поезд кері қарай Қарталыдан 13:35-те шығып, Тобылға 17:00-де келеді (Астана уақытымен).

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сай, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Тобыл-Ақсу» темір жолының ұзындығы 102 км болатын учаскесін ресейліктер «ҚТЖ» ҰК» АҚ балансына тапсырған болатын. Бұған дейін аталған участокта Ресей Федерациясының Оңтүстік Урал темір жолының № 6527/6528 «Қарталы-Тобыл» поезі жүретін. Ол 2011 жылы 1 шілдеде тоқтады.