Нұра Матай. Қазақты қорлаудың құны 151 мың теңге екен
Соңғы жылдардың бедерінде шовинистік пиғылдағы орыс басылымдары мен ұйымдарының баяғы совет замандағыдай қазақты қорлау әрекеті қайта бас көтеріп келеді. Бұған біздің ескі көз, көпұлтты һәм көпвекторлы саясатты ұстанатын биліктің тым ресейшілдігі де көрік басқандай кейіп беріп отыр.
Сөздің нақты айғағы - Көкшетауда жарық көретін «Степной маяк» газетінде жарияланған сөзжұмбақ. (http://old.abai.kz/node/8857)
Киіз үйді қаңғыған қазақтың баспанасы етіп көрсеткен басылымның пасық пиғылына қазақ қоғамы өре түрегеліп, газетті жабу туралы мәселе мәжілістің мінберінде де айтылған. Ақыры, қазақты қорлаған «Степной маяк» соттың шешімімен 151 мың 200 теңге айыппұл төлеп құтылыпты. Соттың бұл шешімі «ақшасын төле де Алаш жұртын айызың қаңғанша қорлай бер» дегенді айтпаса да түсінікті етіп тұр. Бәлкім, Қазақстан халқы ассамблеясын құрып, аз ұлттардың қамын жеп жүрген билікке бағынышты сот қазақты амалсыздан «...маяктың» мазағына жығып берген де шығар.
Қалай болғанда да мемлекет Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлағалы отырған бүтін қазақтың құны орыс басылымы мен оның құрылтайшылары һәм жақтастары үшін 151 мың теңге ғана екен.
Ендігісін ел айтсын.
«Абай-ақпарат»
Суретте: «Степной маяк» газетінің бас редакторы Сергей Кибасов