Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2067 0 пікір 22 Тамыз, 2011 сағат 06:02

Фазылбек Әбсаттарұлы. Қазақ тілі: Үкімет пен қоғамның қайсысы қауқарсыз?

 

 

Жасыратыны жоқ, ақпарат кеңістігіміз, іс-қағаздарымыз, заңдық құжаттар: сот іс-қағаздары, нотариустар, барлық келісім-шарттар, сенімхаттар, т.б.  дерлік орыс тілінде. Қысқасы, орыс тілі мемлекеттік тілдің қызметін атқарып келеді. Бірақ осы күнге дейін бірде бір БАҚ, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар орыс тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқарып келе жатқанын яғни, «мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында екі тіл тең қолданылады» деген конституциялық норманың орындалмай жатқанын жаза алмады. Енді осы норманың жолсыз бұзылы беретінін ескерген ҚР Мәдениет министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі міндетті деген орынды мәселе көтере қойып еді, ресейлік және отандық орыс тілді басылымдар «тіл төңкерісі», «мемлекеттік төңкеріс» болады деп сес көрсетіп, айқай-шу көтеріп ала жөнелді. Ал, шын мәнінде керісінше, қазақ тілінің мемлекеттік тіл қызметін атқара алмауы «тіл төңкерісі» болып табылмай ма? Іс-қағаздарын тек қана орыс тілінде жүргізіп келе жатқанда Конституцияның нормасы неге орындалмайды деп ешқайсысы айтпайды. 20 жыл бойы бұзылып келе жатқан Конституциялық норманы іске асыра қояйын деп едік, орыстілділер заңсыздықты жақтап шу шығаруда. Бұл жолы орыстілділер Қазақстан Конституциясына қарсы екенін ашық көрсетті. Одан да бұрын ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстан үкіметінің іс-әрекетіне өре түрегеліп қарсы шығуы тіпті таңқалдырды. Бұл дегеніміз, Ресейдің Қазақстанды ашық басынып, ішкі істеріне араласуы болып табылады. Ресейлік ақпарат құралдарынан сескенген ҚР Мәдениет министрлігі болса, артынша мемлекеттік тілді міндеттеген норманы алып тастапты. Бұл туралы «Мегаполис» газетінің 2011 жылғы 15 тамыздағы санында ҚР Мәдениет вице-министрі Ғ.Телебаев хабарлады. Сонда бұл қалай?! Біз Ресейдің боданындағы елміз бе? Қазақстанның өз заңдары шеңберінде әрекет етуіне не кедергі? Бұл түрімізбен ертең Қытай ақпарат құралдары шу көтерді деп қытай тіліне де басымдық беретін шығармыз. Егер де Қазақстандағы тіл жағдайына зерттеу жасап, тіл мәселесі қандай заң нормаларына сәйкес, қандай заңдармен әрекет ететінін бағамдасақ, біздегі тіл туралы барлық әрекеттер Қазақстанның емес, Ресейдің тіл заңдарымен жүріп келе жатқандай әсер қалдырады. Оны айтасыз, Конституцияның орындалуын талап ете алмай отырғанымызға да 20 жыл өтті. Қысқасы біз, мемлекеттік тілдібілуді  мемлекеттік қызметкерлерге міндеттей алмайтын  масқара мемлекет болдық. Қазақстан мемлекеттік қызметкерлерінен мемлекеттік тілді талап ететін норманы қайта енгізуі тиіс. Біздің мемлекеттік саясатымызға, ішкі істерімізге ешкімнің араласуға құқы жоқ.

Осындайда еліміздегі орыстілді азаматтарымыздың сатқын әрекеттері әшкере болып жататыны бар. Мысалы «Алаш айнасы» газеті қазақстандық Православтар одағының Spgk.kz сайтында жарық көрген Ф.Мирогловтың мақаласынан үзінді келтіріпті. Аталған сайтта Мироглоф деген былай дейді: «Орыс азаматтары мұндай шешімдерге (заңға)  салқын қараңыздар. Өздері жаза берсін. Тілге қатысты кез келген жарлық пен заңды күле отырып оқыңыздар, себебі оның барлығы - фантастика ауылынан туылған дүние. Бұрынғыдай негізгі тілде, құдіретті, ұлы орыс тілінде сөйлеуді және жазуды жалғастыра беріңдер. Оған тосқауыл қою ешкімнің қолынан келмейді...»

Міне, арандатушылықтың көкесі қайда жатыр! Осындай арандатушы азаматтар жазалансын! Мемлекеттік тілге, мемлекеттік саясатқа қарсы шыққан азаматтарымыз заң аясында жауапқа тартылсын.  Кезінде Ресей империясы Қазақстанға күшпен орыс тілін енгізгенде қазақтардың, қазақтілділердің құқы туралы сөз болмап еді, енді қазақ тілін қайта қалпына келтірейін десек, тағы да орыстар кедергі болып тұр. Орыс тілінің Қазақстанға қалай енгенін еске түсіргендеріңіз абзал. Орыс тілін үйренбегендерді кемсітіп, қызметте өсірмей, мәжбүрлеп, табанында езіп отырып орыс тілін үйреткен еді. Ал біз   зорлықпен қазақ тілін үйретуді жақтап отырғанымыз жоқ, Конституциялық норманың орындалуын талап етіп отырмыз. Сондықтан алынып тасталған заң нормасын қайта қосуларыңызды сұраймыз.

«Абай-ақпарат»

Редакциядан:

"Қазақстандағы парламенттаризмді дамыту" қорының президенті Зәуреш Батталова ханыммен өтіп жатқан интернет-конференция жауаптар келісімен  жарияланатын болады.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439