Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3677 0 пікір 26 Тамыз, 2011 сағат 11:02

Рахым Айыпұлы. АҚШ Ата заңының қабылдануы хақындағы ойлар (басы)

Біздің жыл санауымыздың 1787 жылы 25 мамырында әлемдегі ең құдыретті елдің ата заңын қабылдауға арналған Филадельфия мәжілісі өз жұмысын бастады. Мәжіліс салтанатын алтынмен апталып, күміспен күптелген сәнді сарайларда өтетін біздегі Парламент отырыстарының айбынымен салыстыру мүлде мүмкін емес. Ондағы мәжіліс залы көрер көзге өте қораш, төрағалар жайғасатын биік мінбе деген атымен жоқ. Стол, орындықтар қалай болса солай қойылған ауылдың қарапайым хабақханасынан еш парқы жоқ еді. Ал мәжіліс делагаттары да Америка Құрама Штаттарының тағдырын шешуге жиналған салауатты саясатшылардан гөрі хабақханаға шәй ішуге немесе тәңертең бірер тостаған сыра ішіп, бас жазыуға жиналған ауыл адамдарына көбірек ұқсайтын. Шынында да, олардың  басым көпшілігі ауылдық жерден сайланған даланың еркін көкжалдары еді. Олар мәжіліс отырыстарында өзін өте еркін сезінетін. Отырыстарға қаласа қатысатын, қаламаса шығып жүре беретін. Өз ойларын ешкімнің қабағына қарамай бүкпексіз ашық айтатын. Тіпті, бір-бірінің сөзін тоспай қызыл кеңірдек болып дауласып жататын. Оларды тәртіпке шақыруға да ешкімнің билігі жүрмейтін еді. Делагаттардың саяси көзқарасы, кәсібі, шығу тегі, экономикалық әл-ауқаты, өскен ортасы да түрліше болатын. Осы бір топ дала тағыларының бостандыққа еті үйренгены сонша, егер ішкі-сыртқы жағдай мәжбүрлемегенде, оларға мемлекет пен үкіметтің де ешбір қажеті жоқтай көрініуші еді.

Біздің жыл санауымыздың 1787 жылы 25 мамырында әлемдегі ең құдыретті елдің ата заңын қабылдауға арналған Филадельфия мәжілісі өз жұмысын бастады. Мәжіліс салтанатын алтынмен апталып, күміспен күптелген сәнді сарайларда өтетін біздегі Парламент отырыстарының айбынымен салыстыру мүлде мүмкін емес. Ондағы мәжіліс залы көрер көзге өте қораш, төрағалар жайғасатын биік мінбе деген атымен жоқ. Стол, орындықтар қалай болса солай қойылған ауылдың қарапайым хабақханасынан еш парқы жоқ еді. Ал мәжіліс делагаттары да Америка Құрама Штаттарының тағдырын шешуге жиналған салауатты саясатшылардан гөрі хабақханаға шәй ішуге немесе тәңертең бірер тостаған сыра ішіп, бас жазыуға жиналған ауыл адамдарына көбірек ұқсайтын. Шынында да, олардың  басым көпшілігі ауылдық жерден сайланған даланың еркін көкжалдары еді. Олар мәжіліс отырыстарында өзін өте еркін сезінетін. Отырыстарға қаласа қатысатын, қаламаса шығып жүре беретін. Өз ойларын ешкімнің қабағына қарамай бүкпексіз ашық айтатын. Тіпті, бір-бірінің сөзін тоспай қызыл кеңірдек болып дауласып жататын. Оларды тәртіпке шақыруға да ешкімнің билігі жүрмейтін еді. Делагаттардың саяси көзқарасы, кәсібі, шығу тегі, экономикалық әл-ауқаты, өскен ортасы да түрліше болатын. Осы бір топ дала тағыларының бостандыққа еті үйренгены сонша, егер ішкі-сыртқы жағдай мәжбүрлемегенде, оларға мемлекет пен үкіметтің де ешбір қажеті жоқтай көрініуші еді. Сол себепті де олар бұл араға құдайдың зорлығымен амалсыз бас қосты. Әр штаттан сайланаған делагаттар мәжіліс  болатын жерге бірі ерте, бірі кеш жиналады. Тіпті, мәжіліске өкіл жіберуден бас тартқан штаттар мен өз өкілдеріне жол қаражат тауып бере алмаған штаттарда болды. Осындай жағдайлардың кесірінен мәжіліс белгіленген уақыттан 11 күн кешігіп басталды. Және соның өзінде небары жеті штаттың өкілдері ғана келіп үлгерген болатын.

Осыдан кейін мұнша қиындықпен құрылтай шақырып, заң қабылдаудың қандай қажеттілігі болды екен деген заңды сұрақтың өз-өзінен туындайтыны сөзсіз. Енді осыған тоқталайық. АҚШ тарихына көз жіберсек, осы бір алып держауаның ел болу тарихы 1976 жылы 4 шілдеде жарияланған «Тәуелсіздік жарнамасынан» бастау алады. Ал одан бүрын шы? Одан бүрын солтүстік Америка құрлығында мемлекет емес Ұлы Британия империясының отарлары болатын. Империяның осы өңірдегі отар аймақтары түрліше кезеңдерде және түрліше жағдайларда қалыптасты. Ағылшын императорының бұл аймақтарға сырттай иелік құқығы  болғанмен, іс жүзінде олар өздерін-өздері дербес басқарды. 1607 жылдан 1732 жылға дейін мұндай отар аймақтардың 16-сы құрылды. Кейін үшеуі басқаларға қосылды да 13 орталық аймақ болып қалыптасты. Олар солтүстіктен  оңтүстікке қарай Нью-Хэмпшир, Масачусетс, Род-Айленд, Конектикүт, Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания, Делавер, Мэриленд, Виргиния, солтүстік және оңтүстік Каролина, Джорджия аймақтары еді. Бұл отар аймақтардың  қалыптасу жолдары да әр қилы болды. Мысалы, Виргиния мен Масачусетс отар аймақтарының негізін салушылар айырықша құқықты компаниалар болса, Нью-Хэмпшир, Мэрилент,  оңтүстік және солтүстік Королина, Ню-Джерси, Пенсильвания аймақтары ағылшын ақсүйектеріне Король сиға тартқан жерлерден бой көтерді. Ал Род-Айленд, Коннектикут отарлары Роджер-Уилямс сияқты еркін ойлы адамдардың бастауымен айырықша құқықты компаниялардан бөлініп, шекаралық өңірлерде жаңа елді мекендер  салу арқылы, тұрғындардың өзара келісімімен автономиялы аймақтар қалыптастырды.

Түрліше жағдайда қалыптасқан отар аймақтар өз алдына түтін түтетіп, өз күндерін өзі көретіндіктен, өмір сүру тәсілі, басқару жүйесі, қоғамдық тәртіпі және даму деңгейі де бір-бірінен өзгеше болатын. Тәуелсіздік жолында соғыс тұтанғанға дейін олар бір-біріне қол үшін бермейтін, өзара ат ізін салмайтын томаға тұйық жағдайда өмір сүрді. Олардың басын қосып бір тұтас басқарудың аса қымбатқа түсетіндігін сезген Британ Үкіметі де отар аймақтарды біріктіруге құлықты болған жоқ. Мұндай бетімен кеткен берекесіз аймақтардың басын қосып, бір мемлекет құруды қиялдаудың өзі қорқыныш еді. Тіпті, оларды бір дастарқанның басына жинап, кеңесудің өзі қиынның хияметі болатын. Егер сол кездегі Британ Парламенті астамшылық танытып, жаңа отаршылдық жүйе қалаптастыру үшін 1774 жылы бес бірдей шектен шыққан заң жобасын қабылдамағанда, отар аймақтар сол баяғыдай бір-біріне ат ізін салмаған күйде өз бетімен өмір сүре беруі де бек мүмкін еді.

Аталған заң жобаларында егер Британ мәнсаптыларының үстінен шағымданған отар аймақтар тұрғындарының арызы отар аймақтардың өзінде емес, тек Британ аймағында қаралады. Британ әскерлері отар аймақтар тұрғындарының үйіне қалаған уақытында басып кіріп, тінту жүргізе алады. Масачусетстың өз-өзін басқару құқығы жойылады. т.б.

Әрине, мұндай шектен шығушылыққа  әсте түзуге болмайтын еді. Тәуелсіздік пен бостандықты өз өмірлерінен жоғары қойып үйренген адамдар үшін мұндай кемсіту мен қорлауға көну өліммен бірдей болатын. Бірақ, Британ корольы Георг ІІІ осыншама халықтың өркениетті Ангелиядан кетіп, адам аяғы баспаған құлазыған қу далаға келуі еркін, тәуелсіз өмір сүру үшін екендігін түсінгісі келмеді. Әсіресе,  Масачусетстерді өз-өзін басқару құқығынан айыру барып тұрған саяси көрсоқырлық болатын.

1620 жылы Англиялық Пилигримдердің (дінніи реформашылыр) ең алғашқы бөлегі Голландияның Лейден қаласынан «Мэйфлауэр» кемесіне отырып, теңізде 66 күн сапар шегеді. Олар кемеде Пилигримдердің билік құрылысы туралы құжат қабылдайды. Ол бізге «Мэйфляуэрдегі келсім» деген атпен белгілі. Алғашқы топта  Масачусетстке қоныс тепкен осы бір қайсар жандар  небары 102 адам ғана болатын. Сол жылғы қатал қыстың өзі олардың 58 інің өмірін жалмады. Келер көктем де «Мэйфлауэр» кемесі осы араға қайта оралғанда тірі қалғандардың бірде-біреуінің өркениетті Англияға қайтқысы келмей осы бір құлазыған қудалада еркін өмір кешуді таңдауы кеме капитанын таң-тамаша қалдырған болатын. Бүгінде Америклықтардың  «Мэйфлауэр» кемесімен келгендерді Америка рухының бастауы санап, мақтаныш ететіндігі де сол себепті болса керек.

Астамшыл корольдың отар аймақтарды тізеге салып, күшпен көндірмек болған қатыгез саясатының ақыры отар аймақтар халқын қаруға жүгініп,өз құқық-мүддесін қанмен қорғауға мәжбүр етті.  Әрине, олар бірден қан төгіске асыққан жоқ. Мәселені бейбіт жолмен түсіністік пен келісім арқылы шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырды. 1774 жылы 5 қыркүйекте Филядельфияда шақырылған тұңғыш құрлықтық конгресс те «Құқықтық декларация» қабылдап, корольдан адам түзгісіз заң әктілерінің күшін жойып, бейбіт келісімге келуді талап етті. Американдық төңкерісші Джозефоррен Ағылшын досына жазған хатында: "Таласты бейбіт жолмен шешуге әлі де кеш емес. Бірақ, мен мынаған кәміл сенемін. Егер ..........біздің елге Парламенттің соңғы әктілерін жүзеге асыру үшін әскер келетін болса, Британдықтарға бүкіл Америкадан кетуге тура келеді " -деп ескерткен болатын. Өкінішке қарай, халыққа бірінші болып қару кезенген де Корольдың өзі болды.  Бұған жауап ретінде отар аймақтар  да қаруға қарумен жауап берді. 1775 жылы 10 мамырда Филядельфия да құрлықтық армия жасақталып, оған полковник Джордж Вашингтон  бас қолбасшы болып тағайындалды. Толарсақтан қан кешкен қатыгез соғыс сегіз жылға созылып, отар аймақтардың жеңісімен аяқталды.

Жалғасы бар

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048