Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5531 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 05:00

Шерхан МҰРТАЗА: «Ежовшылдық қайта бас көтергендей...»

Жақында Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы санаторийда дем алып жатқан қазақтың марғасқа жазушысы, ұлт жанашыры Шерхан Мұртаза ағамызға арнайы сәлем бере барған едік. «Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген, Шерағамызға қазіргі кезде қоғамдағы түйткілді кейбір мәселелер жөнінде де сауалдарымызды қойып, шағын сұхбат алдық. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

 

- Аға, денсаулығыңыз қалай? Оразаңыз қабыл болсын!

- Ораза қабыл болсын, Алланың рахметінде болыңдар. Барлығы жақсы болсын. Биыл денсаулыққа байланысты ораза ұстай алған жоқпын. Бұрын талай жыл ұстадым. Бұл жолы жағдай болмай қалды.

- Шераға, әңгімемізді әуелі ұлттық идеологиядан бастасақ. Ол туралы не айтасыз? Жиырма жылдық белес бізге үзік-үзік, өткінші шағын жоспарлардың орнын басатын, тұтас ұлтты ұйыстыратын рухани бағдар жетіспейтінін көрсетіп берген жоқ па? Бұл әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Қалай ойлайсыз, ұлттық өрлеу, рухани дамуда өз соқпағымызды айқындау міндеті керек пе?

- Керек әрине. Ол үшін қандай кеңес, қандай жол керек? Ең бастысы сол қажет. Жалпы сөз, демогогия кімге керек? Бізге сан ғасырдың сүрлеуінен сүрінбей өткен өз соқпағымыз керек.

- Осы орайда әдебиеттің мұраты не болу керек деп ойлайсыз?

Жақында Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы санаторийда дем алып жатқан қазақтың марғасқа жазушысы, ұлт жанашыры Шерхан Мұртаза ағамызға арнайы сәлем бере барған едік. «Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген, Шерағамызға қазіргі кезде қоғамдағы түйткілді кейбір мәселелер жөнінде де сауалдарымызды қойып, шағын сұхбат алдық. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

 

- Аға, денсаулығыңыз қалай? Оразаңыз қабыл болсын!

- Ораза қабыл болсын, Алланың рахметінде болыңдар. Барлығы жақсы болсын. Биыл денсаулыққа байланысты ораза ұстай алған жоқпын. Бұрын талай жыл ұстадым. Бұл жолы жағдай болмай қалды.

- Шераға, әңгімемізді әуелі ұлттық идеологиядан бастасақ. Ол туралы не айтасыз? Жиырма жылдық белес бізге үзік-үзік, өткінші шағын жоспарлардың орнын басатын, тұтас ұлтты ұйыстыратын рухани бағдар жетіспейтінін көрсетіп берген жоқ па? Бұл әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Қалай ойлайсыз, ұлттық өрлеу, рухани дамуда өз соқпағымызды айқындау міндеті керек пе?

- Керек әрине. Ол үшін қандай кеңес, қандай жол керек? Ең бастысы сол қажет. Жалпы сөз, демогогия кімге керек? Бізге сан ғасырдың сүрлеуінен сүрінбей өткен өз соқпағымыз керек.

- Осы орайда әдебиеттің мұраты не болу керек деп ойлайсыз?

- Әдебиеттің мұраты қай кезеңде де - біреу. Ол - Хақиқатқа қиянат қылмау! Сол тазалықты ұлт, ұрпақ, адам баласының көкірегіне егу. Бұдан басқа мұратты білмеймін. Басқа мұраты болса, ол - әдебиет емес!

- Ақтөбедегі діни астары бар оқиғалар жұртты дүр сілкіндірді. Осы күндері ваххабизмнің қаупі жайлы Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау өңірлері зиялы қауым өкілдері, елге танымал азаматтардың Елбасыға жазған ашық хаттары БАҚ беттеріне жарияланды. Замананың өткір мәселелеріне аса сезімтал зиялылардың бұл алаңы туралы туралы не айтасыз? Ұлттық дәстүр мен құндылықтарды мансұқтайтын кереғар діни идеологиялар бізге қаншалықты қатерлі деп ойлайсыз?

- Өте қатерлі! Менің білетінім, өте қатерлі. Ваххабизм деген бәле бүйректен сирақ шығарып жүреді, олар маған мүлде ұнамайды. Ондайларды қалай деп айтуға болатынына теңеу, сөз таппай отырмын. Ол деген барып тұрған халықтың арасын бұзушылық, іріткі салушылық. Тәп-тәуір болып отырған халық едік. Енді вахаб келіп бөліп, елді алатайдай бүлдіріп, қырқысып жүргені сол. Бұл мені қатты алаңдатады, маған ұнамайды. Мұндай бәленің қазаққа, адамзатқа керегі жоқ. Шама келсе, бірде-бірін қалдырмай, қылтанақ қалдырмай, оларды арамшөп ретінде түбірімен жұлып тастау керек. Бұлар - арам шөп! Лаң!

- Осы орайда Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ діни танымда өз даму жолымыз бар екенін, оның Қожа Ахмет Ясауи мұраларында екенін талмай айтып келеді. Биылғы көктемде Түркістанда өткен зиялы қауыммен кездесуде тағы қуаттады. «Ясауи біздің Конфуциіміз» деді. Елбасының осы ұсыныстарын орындау, насихаттау жағы көңіліңізден шыға ма?

- Елбасы бұл ұғымды ойдан шығарып отырған жоқ. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, адами болмысымыз. Ол талқыланбау керек, ол - орындалуы тиіс! Сондықтан орайы келіп тұрғанда атқа қамшы баспасаң, қапы қаларымыз анық.

- Осы орайда Ясауи жолының бүгінгі мұрагерлерінің қуғындалуы туралы мәселе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қамауда отырған дін ғалымы Исматулла мақсымды жақтап, ашық хаттарға өзіңіз де қол қойдыңыз. Ол туралы пікіріңізді де бір басылымнан оқыдық. Жалпы осы Исматулла мақсымды қаралаудың сыры неде? «Сопылар ісінің» астарында не жатыр осы?

- Бұл қиын сұрақ. Алдыменен Исматулланың істеп жүрген қазіргі әрекетінің бізге қарсылығы бар ма? Біздің қоғамымызды қиратып жіберетіндей күш пе соншалықты? Неге сонша оған шүйлікті?! Неге азаптап жатыр? Соның бәрі мен үшін түсініксіз нәрсе. Жетекшісін зынданға тығып қойып, Ясауи ілімінің құндылықтарын қоғамға қалай енгіземіз?! Ұрпақ көкірегіне қалай егеміз?! Міне бұл барып тұрған - абсурд! Исматулла осы қоғамымызды қиратып жіберуге әрекет жасап жатыр ма? Бірақ оның ешқандай қылмысы жоқ қой. Жалалар дәлелсіз. Дәлелденбейді де! Құр әншейін жазықсыздан жазықсыз жазалай бере ме? Ол қандай заңға сияды? Ертең сұрауы болады ғой. Мұның атын барып тұрған «ежовщина» дейді. Баяғыда Ежов деген болған, «халық жауларына» қасірет көрсетіп, әбден жазалаған. Оны қандықол, «Ежовая рукавица» дейді. Сонымен «халық жауларын» буындырған, олар жазықсыз еді. Соның арты не болды? Былықтары ашылды ғой, халық жаулары дегендер ақталды, өлгені өлді, тірілері қатарға қосылды, қалғаны неше түрлі қапастан қайтты. Сондай Ежовский, «ежовая рукавица». Бұл - 37-ші жылдың лаңдары, әлі содан қалмаған тәсіл. Сол қайтадан бас көтерген. Мұндай әрекет жарамайды, болмайды. Қазір біз қай заманда өмір сүріп жатырмыз? Одан бері қай заман өтті? Заман өзгерген жоқ па, түзелген жоқ па? Бізде сана деген де өзгерген жоқ па? Әлде біздегі сол баяғы жабайы «ежовщина» ма?! Мүмкін, Ежов қайтадан тіріліп келген шығар?! Сондай бәле бұл. Сол менің айтарым.

- Исматулла мақсымды қайдан танисыз, қай қырынан білесіз?

- 1992 жылы Президентпен бірге Пәкістанға бардым. Оны сол сапарда жолықтырдым. Нағыз діндар, ғұлама кісі. Отанын, яғни, Қазақстанды жан дүниесімен сүйетін адам. Осы турасында «Егемен Қазақстанға» мақала да жаздым. Оны танымай, білмей ашық хаттарға қол қойып, араша түсетіндей ақымақ емеспін. Әлгі мақалада: «Исламабад» мейрамханасында пәкістандық бір қазақпен ұшырасып қалдық. Ол өзін Сматулла мақсым деп таныстырды. Отаным - Қазақстан, ондағы Ақмешіт, кәзіргі Қызылорда, руым - шөмекей дейді. Бабам - әйгілі Маймақ ишан, әкем мақсым Қазан төңкерісі кезінде Ауғанстан асып кеткен. Жасым қырық сегізде. Мен ислам діні жолын қуған адаммын. Кәзір Пешевар шаһарындамын.

- Оу, Пешевар кәзір қып-қызыл оттың, мұжахедтердің ортасы емес пе?

- Иә, оныңыз рас. Мен мұжахедтер жағындамын. Солардың діни, рухани басшыларының бірімін. Алла Тағала жар болып, әруақтар қолдап, Кабулды алсақ, содан соң Алла нәсіп етсе, елге, ата-бабамның кіндік қаны тамған жеріне жетіп, топырағын сүйсем - екі дүниеде арманым жоқ. Қазақстан дегенде мына жүрек жарылып кете жаздайды. Нұрсұлтан Назарбаевты, сіздерді бір көрмекке соноу Пешевардан әдейі келдім. Екі күн болды күткеніме - Алла сәтін салса жолығармын. Қазақстан тәуелсіз болып, Президент Нұрсұлтан Пәкстанға келеді дегенде Құдайға ақсарбас айтып, мұжахедтерге ас бердім. Қазақтың жолын Алла-Тағала ақ қылсын, қантөгістен, қиянаттан, қырсықтан, бәле-жаладан аман сақтасын деп күніне бес рет намазыма қосып, тілеу тілеп жүрген жанмын.

Өзі Ауғанстанда туса да, жүрегі Қазақстан деп соққан пәруана Отан деген ұлы ұғымды дұғасына қосқан. Отанды осыншама сүю үшін жат жердің дәм-тұзын тату керек пе. Біз, Қазақстанда жүргендер, Қазақстанды осыларша сүйіп, қадіріне жетіп жүрміз бе?..» - деп жазыппын.

Исматулламен кейін елге келгесін де бірнеше рет кездестім. Ол қазаққа, мемлекетке зор пайда келтірген адам! Қанша бұзылған ұяны бүтіндеді. Қанша азған адамды түзеді. Қанша жасты ұлтын, отанын сүйетін ата-қалыпқа түсірді! Елімізді дін атын жамылғандардан келетін қауіптен сақтандырды, қорғады. Ендеше, досты жау тұтуға болмайды, өйтсең, доссыз қаласың!

- Сұхбаттасқаныңызға рахмет!

- Жүрген жеріңе гүл бітсін!

Сұхбаттасқан -

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ

Алматы-Тараз-Алматы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300