Көк байрағымызға да тәуелсіздік беруіңізді сұраймын!
ҚР Президенті Қ.Тоқаев!
Ұлттық кеңес мүшесі ретінде өзіңізден сұраймын!
Жастарымыздың қанымен келген 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, біздің көк байрағымызға тәуелсіздік беруіңізді сұраймын!
ҚР азаматшасы ретінде көк байрағымды, өз елімде еркін алып жүргім келеді!
Елімізде болашақ ұрпақты патриот қылып тәрбиелегіміз келсе, ең бірінші көк байрағымызды сүйіп құрметтеуді үйрету керек!
Көк байрағымызды ережеге сай ұстап жүр; байрақты дұрыс ілмегесін деген ереже заңдарды алып тастауыңызды. Үйдің қабырғасына, балконына ілсе айып пұл салып, қудалауды тоқтатуыңызды сұраймын.
Тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл болды. Болашақ ұрпаққа елді сүюді рәміздерден бастап үйретуіміз керек! Біз бір-бірімізбен алысып, "оппозиция билік "- деп жүргенде, бізден кейін өсіп келе жатқан ұрпақ өз елінің рәміздерін білмей өсіп келеді. Отанды сүйюді, отанға қызмет етуді үйрету бәріміздің парызымыз!
Көк жалауымыз ешқашан жерге түспесін, әрбір қазақтың құшағында болсын!
Әрбір Қазақстандықтың үйінде көк байрағымыз ілініп тұрса дұрыс болар еді.
Елімнің көк байрағын үйімнің бір бұрышына ілгенім үшін, отанымды сүйетінімді көрсеткенім үшін айып пұл төлегім келмейді!
Құрметті Президент!
Заңға өзгертулер енгізуіңізді сұраймын!
Айгүл Орынбек,
ҚР Президент жанынан құрылған Ұлттық кеңес мүшесі.
(Фейсбук парақшасынан.)
Abai.kz