Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
5962 4 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 14:49

Отставкаға кеткен Тараз әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты қызметінен босатылған Тараз қаласының экс-әкімі Қайрат Досаев Жамбыл облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

-Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым, - деп жазды Президент твиттердегі жазбасында.

Айта кетейік, Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылып, оның орнына Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Қарабалаев тағайындалған болатын.

Ал, 20-желтоқсан күні Тоқаевтың тапсырмасымен қызметінен кеткен Қайрат Досаев Жамбыл облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қайрат Досаев 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері қызметінен бастаған.

1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

1998-2001 жылдары Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының басшысы, тарифтер жөніндегі басқарма басшысы, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2007-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда еңбек етті.

2011-2014 жылдары «Қазспортинвест» АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі қызметінде болды.

2017-2019 жылдары Шу ауданы әкімі болды.

2019 жылдың 24 сәуірінен бастап 21 қарашаға дейін Тараз қаласының әкімі болды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980