Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6171 4 пікір 25 Желтоқсан, 2019 сағат 12:03

Қайдасың, Қаржаубаев?

Соңғы бірер аптадан бері Қаржаубаевтың қайда жүргені мені қызықтыра бастады. Кешегі Желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке қиянат жасап, Сәбит Исабектерге өтірік кәулік берген Н. Қаржаубаев! (Бұл сатқынның атын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр). Бірақ, жер жұтып кетпеген болса ол пенденің бір жерде жүргені анық. Желтоқсан жақындаған сайын өз айыбынан өзі ұялып, кірерге тесік таппай жүрген болса, оны анықтайық. Бәлкім, оның да өз айтары бар шығар. Қалай болғанда да ақиқат айтылуы тиіс.

Қай қоғамда да қылмыскер жазасыз қалған емес. Біздің пайымдауымызша, Қаржаубаев – қылмыскер! Болмағанды болды деп, жазықсыз жанға жала жауып, өтірік куәлік ету арқылы бір адамның өліміне себепкер болып отыр. Және оған саналы түрде барды.

Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым ететіндер оның өліміне себепші болған сатқындардың жазасын беруі тиіс. Шын мәнінде әділетті қоғам орнатқымыз келсе, бүгінде әр жерде бұқпантайлап жүрген қаржаубаевтарды табуымыз керек. Және сатқындықтың түбі жақсы болмайтынын жас ұрпақтың санасына сіңіре білейік.

Сонда ғана әркім өзінің арының алдында адал болуға әрекет етеді.

Аман Жайымбетовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz
4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383