ОҚО әкімдігі жарты жылдың ішінде 1400-ден аса кәсіпкерлік жобаны қаржыландырды
Шымкент. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) әкімдігі бірінші жарты жылдықта Т2 млрд соманың 1 мың 492 кәсіпкерлік жобасын қаржыландырды, деп хабарлады ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының (КӨБ) бастығы Нұржан Әлтаев.
«Қаржыландыру бюджеттен елде аналогы жоқ «Максимум» инвестициялық орталығы арқылы жүргізіледі», - деді ол.
Н. Әлтаевтың айтуынша, аймақтық үйлестіру кеңесі Т3,4 млрд соманың 1 мың 808 жобаны мақұлдаған. «Қаржыландыру алған жобалар бойынша 1 мың 361 жұмыс орны құрылып, салық төлемдері 25,4 млн. теңгені құрады», - деді КӨБ бастығы.
Басқарманың мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың І жарты жылдығында облыс нарығында белсенді түрді қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 112,2 мыңға жетті. Олар Т140,5 млрд соманың өнімін шығарды, жұмысмен қамтылғандардың саны 295,7 мың адам.