Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3710 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 04:10

Азамат ҚАСЫМ. «Шығыс шынары» Бауыржан Жақыпқа бұйырды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал­ған «20 жарқын іс» акциясы аясындағы «Шығыс шынары - 2011» атты ІІ халықара­лық мүшәйра Өскемен қаласында өтті.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал­ған «20 жарқын іс» акциясы аясындағы «Шығыс шынары - 2011» атты ІІ халықара­лық мүшәйра Өскемен қаласында өтті.

Шығыс Қазақстан облысының әкі­мі Бердібек Сапарбаевтың бастама­сымен өмірге келген бұл шара өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен, шетелдегі қан­дастарымыздан 170 ақын қатыс­қан-ды. Мақсат еліміздің шұрайлы да шы­райлы өлкелерінің бірі - Шығыстың ғасырлар қойнауындағы тарихын, ата-баба ерлі­гін, Тәуелсіздік жылда­рын­дағы жеткен жетістіктерін, табиғат көр­кін жырға қосып, жас ұрпақтың санасына отансүй­гіш­тік рух ұялату, дана Абай туған өлке­нің кешегі, бүгінгі тарлан ақындарының ізбасарларын түлетуге саяды.

Биылғы мүшәйраға еліміздің әр түк­пірінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Моң­ғолия, Қытай қатарлы шетелдер­ден 108 ақын қатысып, осылардың іші­нен сайдың тасындай іріктелген санаулысы ғана соңғы кезеңге жолда­ма алған. Ақындардың шалқар ша­быт­­тан туған  салқар жырлары бірінен-бірі асып түседі. Деген­мен де өрнекті өле­ңімен талайға таңдай қақтыр­ған Қазақстан Жазушылар одағының мү­шесі, М.Мақа­таев атындағы, мемле­кет­тік «Дарын», «Жастар» сый­лық­та­ры­­ның лауреаты Бауыржан Жақып бас жүлдені еншіледі.  1-орынға  - алма­ты­лық ақын, «Жас қа­зақ үні» газетінің ре­дакторы Қазыбек Иса, 2-орынға  ал­ма­­ты­лық Жарас Сәрсек пен астана­лық Жанат Әскербек­қызы ие болды. 3-орын­ды ақын Жәркен Бөдеш, Жүр­сін Ерман, Ұларбек Дәлей енші­леді.

Жалпы, іріктелген ақындардың еш­қай­сысы да ескерусіз қалған жоқ. Ақын Әлия Дәулетбаева, Бақыт Беделхан, Кәдірбек Құныпиялар - арнаулы сыйлыққа, Азамат Тас­қара, Динара Мәлікова, Асанқадыр Иса­бек, Қорғанбек Аманжол ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Дүбірлі жыр додасының көрермендері сұлу жырмен сусындап қана қоймай, Шы­ғыс­тың әр үйінің төрінде тұрар құнды туын­ды­лар - биыл жарық көрген «Демократия сал­танаты», «Шығыс жұлдыздары», «Шы­ғыс шынарлары» деп аталатын үш кітаптың тұсауын кесу рәсімінің куәсі болды.

Жиын соңында облыс әкімі қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевті Абай атындағы арнайы сыйлықпен ма­ра­пат­тады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің да­муы­на қосқан үлесі үшін Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, бү­кіл өмірін баспасөз қызметіне арнаған, Қазақ­стан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Юсупов, мемлекеттік «Ақ жауын» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген әртісі, күйші, сазгер Секен Тұ­рыс­беков биылғы жылдың мерейтойы сый­­лығының иегері ретінде марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Елдің елдігін танытатын, атын шығаратын әдебиет екені белгілі. Әрі өлең-жыр - халқымыздың атадан бала­ға жалғасып келе жатқан киелі өнерінің бірі. Сол өнердің кіндігі үзілмей, ұр­пақ­тан ұрпаққа жалғасуы үшін, кемелдене беруі үшін жыр мүшәйрасын дәстүрге ай­налдырмақ ниеттеміз. Бұл - біздің егемендігіміздің арқасы. Өскемен қала­сында қазақ ақындарының мүшәйрасын өткізу бір кездері өңіміз түгіл, түсімізге кір­меген. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің Туын көтеріп, тұғырын бекемдеген Ел­ба­сымызға алғыс айтамын. Өткен жыл­ғы мүшәйра ұлы Абай бабамыздың туға­нына 165 жыл толу мерекесіне ар­нал­са, биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналып отыр.

Автор: Азамат ҚАСЫМ Өскемен

http://alashainasy.kz/culture/27093/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347