Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Абай мұрасы 4730 1 пікір 30 Желтоқсан, 2019 сағат 11:01

Абайдың қара сөздері күнтізбеге басылды

Әр адамның жұмыс күні күнтізбені бір шолудан басталады. Ал әр күн сайын сол күнтізбеңізге бір көз тастағанда, Абайдың қара сөздерінің бір жолын оқып тұрсаңыз, керемет емес пе? Жаңа жыл қарсаңында ForteBank 2020 жылға арналған өзгеше корпоративтік күнтізбесін ұсынды. Онда әлемнің бірнеше елінің суретшілері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының құнды мұрасын барынша жаңғыртуға тырысқан. Күнтізбенің әр бетіне әйгілі ақынның қырық бес қарасөзінен үзінділер келтірілген.

Movators шығармашылық студиясының бас продюсері Дмитрий Щеголихиннің сөзінше, Абайдың қарасөздері өте ойлы, ал тілі шұрайлы. «Бір ғана жолымен бірнеше мағынаны ұқтырады, халық мұрасының құнды дүниелерімен сусындатады. Ол өмір сүрген уақыттың әлеуметтік мәнін ескерсеңіз де, әлі күнге мәнін жоғалтпаған нақылдарды көресіз. Рас, Абай шығармашылығын өзге тілдерге аудару қиын, бірақ біз классикалық сөздерімізді қазіргі сөйлеу мәдениетімен ұштастыра отырып, оларды қайта жаңғыртуға тырыстық», дейді ол.

Күнтізбенің 12 бетінде Қазақстан, Грузия, Ресей және Беларусь елдерінің алдыңғы қатарлы дизайнерлері жасаған 12 түпнұсқа сурет бар. Олардың әрқайсысы стильдік айырмашылығына қарамастан, бір ғана ойды қаузайды, ол - Абай шығармашылығының көркемдігін зерттеуге тырысу.

Күнтізбе Абай мұрасын қайта жаңғыртуды ғана емес, сонымен қатар ForteBank-тің экологиялық ұмтылысын де бейнелейтінімен қызықты. «Күнтізбе экологиялық таза форматта, жартылай қайта өңделген материалдардан жасалған. Сол себепті, оны биологиялық тұрғыдан толығымен ыдыратуға болады», - дейді ForteBank-тің маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким. Оның айтуынша, бұл өнімдер өткен уақыт пен болашақтың арасындағы қазіргі тақырыптың нағыз жалғасы іспетті. 

12 беттегі үзінділер – теңіздің бір тамшысындай ғана. Күнтізбені жасаушылар айтқандай, оларды таңдау да оңай болған жоқ. Ақиқатында, Абай көп жағдайда ойлы, мұңды ақын ретінде қабылданады, ал оның әр жолының мәнін ашу ұлттың қасіретін тап басумен, шындықты айқындай түсумен тең. 

Ал ForteBank пен суретшілер ең ойлы, салмақты үзінділерді таңдап алуға тырысты. Айтпақшы, ақынның мерейтойына орай, жоба ұйымдастырушылары тек күнтізбені ғана жасап қойған жоқ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кез келген адам лайықты түрде атап өту үшін ForteBank өзінің веб-сайтында барлық көрнекі суреттерді өте қол жетімді түрде орналастырып қойды. Оны кез келген қолданушы футболкаларына, кружкаларына компьютерінің «жұмыс үстеліндегі» фон ретінде қолдана алады, өйткені Абайдың қара сөздері ғасырлардан кейін де құнын жоғалтпайтын даналық.

 «Күнтізбе экологиялық таза форматта жартылай қайта өңделген материалдардан жасалады, сондықтан ол толығымен биоэлементтермен ыдырайды. Бұл өнімдерді кешегі мен болашақтың қазіргі уақыттағы нағыз жалғасы деп білгеніміз жөн. Біз білім беру ұйымдары үшін оқу материалдарын жасауды, Қазақстан қалаларының көшелерін көркемөнер туындыларымен безендіруді және клиенттер мен ақындардың шығармашылық мұралары туралы пікір алмасу жүргізуді жоспарлап отырмыз. ForteBank жобасы классикаға заманауи өнердің призмасы арқылы қарауға арналған », - деді ForteBank Маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980