Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
2959 0 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 10:34

Қырғызстанда Кой-Таш оқиғасына күдіктілердің мүлкі қамауға қойылды

Қырғызстанда Кой-Таш оқиғасына қатысты күдіктілердің мүлкі қамауға қойылды. Бұл жөнінде Қырғызстан ішкі істер министрлігі 5 қаңтарда мәлімдеді.

«2019 жылдың 7-8 тамызындағы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу ісіне байланысты мемлекетке келтірілген зардаптың орнын толтыру үшін ауыр қылмыс жасады деген күдіктілердің мүлкі қамауға қойылды», - деп мәлімдеді ІІМ.

7-8 тамызда Шу облысы, Аламудун ауданы, Кой-Таш ауылында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлі түрде тергеуге алып келу шарасы жүрді. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің «Альфа» арнайы күші тарапынан жүргізілді. Алғашқы күні күш өкілдері мен саясаткер жақтастары арасында қақтығыс болып, арнайы күштің 6 өкілі кепілдікке алынып, біреуі – Үсенбек Ниязбеков оқтан қаза тапты.

Келесі күні Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары билікке берілді. Артынша оларға қылмыстық іс қозғалды.

Бұрынғы президент пен оның алты жақтасы қазір қамауда отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984