Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
2785 0 пікір 6 Қаңтар, 2020 сағат 10:35

Ұшақ апатынан зардап шеккен 30 адам әлі ауруханада жатыр

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ апатынан зардап шеккен 30 адам әлі ауруханада жатыр деп мәлімдеді 5 қаңтарда Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Олардың жетеуі - бала. Жан сақтау бөлімінде екі адам жатыр. Үш адам әрі қарай ем алу үшін Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілген.

"Барлық зардап шеккендердің, соның ішінде Алматыда жан сақтау бөлімінде жатқан адамдардың жай-күйі тұрақты, бір қалыпты жақсаруы байқалады" делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Барлығы 22 операция жүргізілген, олардың бәрі сәтті аяқталған.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлап, сол маңдағы үйге соғылған. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Ұшақ соғылған үйдің жаңадан салынып жатқаны, апат кезінде үйде ішінде адам болмағаны хабарланған.

Желтоқсанның 30-ы күні Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткізген Bek Air әуе компаниясының өкілдері Fokker-100 ұшағының "техникалық жағдайы жақсы болған" деді. Компания басшылығы "Fokker-100 ұшағы әуеге көтерілерден бір минут бұрын ұшқан ауыр салмақты Airbus-321 ұшағының ілеспе толқыны әсер етіп, ұшақты басқаруды күрт қиындатқан болуы мүмкін" деген болжам айтқан.

Премьер-министр Асқар Мамин апаттан қаза болғандардың отбасына төрт миллион теңгеден (шамамен 10,5 мың доллар) төленетінін айтты. Ұшақ апатының себебі анықталғанға дейін Bek Air әуе компаниясына берілген лицензия уақытша тоқтатылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1984