Өскемен мен Мюнхенде ғылыми-инжиниринг орталықтары құрылады
Өскемен. 6 қырқүйек. ҚазТАГ - Өскемен мен Мюнхенде ғылыми-инжиниринг орталықтары құрылады. Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) әкімі Бердібек Сапарбаевтың пен Германия Федеративті Республикасының (ГФР) Бавария Республикасының (БР) Федерация және Еуропа істері жөніндегі министрі Эмилия Мюллермен кездесуінде осындай ұсыныс айтылды.
«Өскемен мен Мюнхенде екі қаланың ғылыми қызметін үйлестіретін ғылыми-инжиниринг орталықтарын құру идеясы бар», - деп ұсынды Б. Сапарбаев.
ШҚО әкімінің айтуынша, ұсынысты ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) мен сыртқы істер министрлігі (СІМ) қолдап отыр.
Б. Сапарбаевтың айтуынша Шығыс Қазақстан ғылым саласында Бавариямен ынтымақтастық орнатып үлгерген. Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (ШҚМТУ) мен Мюнхеннің техникалық университетінің арасында меморандумға қол қойылған.
«Біз профессорлар-оқытушылармен, студенттермен алмасуға мүдделіміз, одан басқа, біз дәстүрлі емес қуат көздеріне, әсіресе күн қуатына қызығушылық танытып отырмыз», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде БР министрі «Бавария ҚР-мен, әсіресе Шығыс Қазақстанмен қарым-қатынастарды тереңдетуге мүдделі» екенін жеткізді.

Министр ынтымақтастықтың бағыттары мен мүмкіндіктерін атап өтті: шикізат өңдеу, дәстүрлі емес энергетика және қайта жаңартылатын қуат көздері.
«Біз инфрақұрылымды дамытумен, көлік қатынасымен, құрылыспен айналысатын кәсіпорындармен ынтымақтастықты ұсынамыз», - деді Э.Мюллер.
Делегация сапарының аясында Өскеменде неміс киносының «КИНОГЕРМАНИЯ»фестивалі өтеді. Өскемендіктер неміс тіліндегі фильмдерді бес күн бойы тамашалай алады.
ШҚО-ның ГФР-мен сыртқы сауда айналымының көлемі өткен жылы $97 млн ( облыстың жалпы сыртқы сауда айналымы көлемінің 3,2%) құрады.
ШҚО-дан ГФР-ға темір кендері мен концентраттары, баспа өнімдері, қара металл сынықтарының қалдықтары экспортталады.
Германиядан облыс аумағына шай, мұнай өнімдері, жанармайлар, дәрі-дәрмек, шиналар, баспа кітаптары, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық пен тағам өнеркәсібіне арналған жабдықтар әкелінеді.