Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3435 0 пікір 7 Қыркүйек, 2011 сағат 07:14

Талғат Мамашев: «Оралмандарды ұрғаным бар...»

Кеше Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында «Этникалық көші-қон: құрылтай шешімдері және жаңа заң» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға  шетелдегі қазақтардың бірлі-жарым өкілі, сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі көші-қон комитеті, білім министрлігінен қызметкерлер және қазақ көшіне қабырғасы қайысып, алыстағы ағайынның атажұртқа оралуына жанын салып жүрген азаматтар қатысты.

Жиынға келгендер жаңа заңды талқылап, шешілмей жатқан мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Әңгіменің ауаны Қытайдан келетін қазақ көшінің тоқтап қалуы, елге келген қандастардың Қазақстандағы көші-қонға жауапты жергілікті ресми мекемелерден көрген құқайы, қағазбастылық, бюракратиялық,  тіпті, заңда көрсетілмеген көші-қон мекемелерінің ойдан шығарып алған кедергілері бәрі-бәрі айтылды. Министрлік өкілдері мәселенің мәніне қаныққан сыңай танытып, бас шұлғысып тыңдады. (Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелерді төмендегі видеолардан көре аласыз).

Дүниежүзі қазақтарының 4-нші құрылтайында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруды және Елбасының жарлығымен бекітілген «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа заңды сөз еткен аты дардай жиынды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев мырза жүргізді. (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы президент Н.Назарбаев).

Ағайындар бас қосқан аталған отырыста Мамшев мырзаның қордаланып жатқан мәселелерді сөз еткен оралмандармен біртүрлі қарым-қатынасына куә болдық. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары дөңгелек үстел басында отырған шенеунік мырзаларға зар-мұңын айту үшін бір бұрышта үйіріліп тұрған ағайынға екі сөзінің бірінде жекіп, ұрсып отырды. Сөйтіп, асып-тасыған Талғат Мамашев министрлік өкілдерінің, шетелден келген қазақтардың, журналистердің көзінше жаутаңкөз ағайынға «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып, адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар!» деп салды. Бұл -  жер бетіндегі қазақтың басын қосып, бір шаңырақтың астына жинап, мемлекеттің іргесін мықтауға тиісті президент Назарбаевтың өзі төрағалық ететін ұйымның бірінші орынбасарының сөзі мен ниеті.

Мамашев мырзаның бұл сөзі дөңгелек үстелге жиналған алыс-жақыннан келген ағайынның жүрегіне қанжардай қадалып, үмітін су сепкендей басты. Бұл - Отанынан жырақта жүрген 5 миллион қазаққа қаратылып айтылған сөз. Демек, «Оралманды ұрмайтын» адам үшін Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзіндегі қазақты елге әкеліп, сол арқылы мемлекет құрушы халықтың санын өсіріп, елдегі қордаланған қазақ мәселесін түбегейлі шешуге арналған стратегиялық саясатының құны көк тиын. Президенттің көші-қон мәселесі жөнінде айтқан сөздері мен берген тапсырмалары «Оралманды ұрмайтын» кісінің бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кететініне айтқан сөзі дәлел.

Және шетелдегі қазақты атамекенге көшіріп алу, оларды өзге ұлт өкілдері басым солтүстік, батыс шекараға жақын облыстарға  орналастыру  мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты екенін ағайынға әкіреңдеп жүрген Мамашев мырза түсінеді дегенге, әй, қайдам, ешкім сенбейді-ау.

Үкіметтен көші-қонға бөлінген қаржы игерілмей, квотаның орны толмай, көштің тоқтап жатқаны шетелдегі қазақ қоныстанып отырған мемлекеттердің кедергісінен емес, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев секілді басшылардың ниеті мен пейілі әм надандығынан екені даусыз!

Жалпы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы шетелдегі қазақтардың мәселесін терең зерттеп, зерделеп, сараптап Үкіметтің алдына мәселе етіп қойып отыратын ұйым  бүгінде көші-қон мәселесінде президентті алдарқатып, әлі күнге ешқандай нәтиже бермейтін жиындар өткізумен ғана шектеліп келеді. Ал, ұйым төрағасының бірінші орынбасарының сөзі - «Оралмандарды ұрғаным бар». Дәл осы бір қанжардай қадалатын сөз Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жыл ішінде дүниедегі барша қазақтың басын қосуда аянбай жұмыс жүргізіп келе жатқан елбасының беделіне, шетелдегі қазақтар арасындағы атақ-абыройына қаншалықты нұқсан келтіретінін ойлап көріңізші. Ал, президент өзі төрағалық ететін ұйымның шаруасын сеніп тапсырған Талғат Мамашев: «Оралманды ұрғаным бар» деп отыр.

Талғат мырзаның таңдайы тақылдап айтқан сөзін дөңгелек үстелге шетелден келген әрбір қазақ сол елдегі ағайынға жеткізетіні сөзсіз. Ендеше, қазақ көші тоқтамағанда қайтеді. Әрі жиынға қатысқан министрлік өкілдері Мамашевтың әлгі сөзінен кейін көші-қон жұмысына жанын салып , жандандырып жібереді дегенге сеніп көріңіз...

«Абай-ақпарат»

Талғат Мамашев
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="420" height="345">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415