Америка халқы АҚШ-тың соғысқұмар президентін уақытында тоқтатты
Бақытымызға орай, әлем қауымдастығы мен Америка халқы АҚШ-тың соғысқұмар президентін уақытында тоқтатты. Адамдар әсіресе тығырыққа тірелген кездерде, ақылға емес, сезімге ерік беретінін есте сақтау керек. Иран, аяғы не болатынына қарамастан, кез келген тәсілмен қарсы жауап бере алады. Бұл жағдайда, Иранның дереу қарсы жауабы АҚШ билігіне қысым көрсетіп жатқан әлем қауымдастығы мен Америка азаматтарына қатты әсер етті. Иранның кез келген зымыранына жақын аймақта тұрған Израильды ескерсек, Иран мен АҚШ арасындағы соғыстың соңы жақсылықпен бітпейтіні түсінікті. Сондықтан АҚШ-тағы еврей диаспорасының қысымы Трамптың осындай шешімге келгенiне үлкен үлес қосты деп ойлаймын.
Дегенмен, Трамп бітімге келетінін білдіріп сөз сөйлегенімен, АҚШ азаматтарына қауіп-қатер төніп үлгерді және енді оның азаюы екіталай. Сондықтан адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелер арнаулы қызметтерiнің пайдасына шешілiп қатаң тәртіптер енді күшейе түседі.
Соғыс болмағанмен, бірақ мыналардың қолдары мақсаттарына жетті.
- Бүкіл әлем бойынша арнайы қызметтің бюджеті артады, олардың құқықтары көбейеді, ықпалы күшейе түседі.
- Әскери-өнәрсіптік кешен әртүрлі қару-жарақ түрлерін шығару үшін өте көп жаңа келісім-шарттарға отырады.
- Әртүрлі қауіпсіздік жүйелерін өндірушілер байи түседі.
- Мемлекеттер өз азаматтарын бақылауды одан әрмен күшейтеді.
- Саясаткерлер өз халқының терроризмге, діни экстремизмге (әлемдегі ешбір дін соғысты үгіттемесе де) деген қорқынышын туғызып соны пайдаланып ойнайды. Әлем поляризацияланып, дос пен жау болып бөліне береді. Ал демократияны қауіпсіздікті күшейту сылтауымен әрi қарай шектей бередi.
Азаматтар ше? Ал азаматтар осының бәріне өз қалтасынан ақша төлейдi.
Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz