Қайраткерлер қостілділікке қарсы емес
«Азат» партиясы бастап, қазақтың жезтаңдай әншілері мен қайраткерлері қостаған, орыс тілін ресми мәртебесінен айыру керек деген ашық хаттың арты дауға ұласуда. Дәлірек айтсақ, ашық хатқа қол қойған Бибігүл Төлегенова, Қыдырәлі Болманов, Герольд Бельгер, Ғазиз Алдамжаровтар «Время» газетіне (http://www.time.kz/index.php?module=news&newsid=23457 ) берген сұхбатында бұл әрекеттерін жоққа шығарып отыр. Ашық хатқа атақты адамдардың қолын қойып жіберу мақтарлық іс емес. Бірақ танымал адамдардың орыс тіліне қарсы шығып қойдық деп, жанұшыра ақталғаны да көңілге кірбің салмай қоймады. Президенттің саяси кеңесшісі Ермұхаммед Ертібаев ашық хатты ұйымдастырушылардың әрекеті ұлтараздықты қоздырады деп мәлімдеме жасады. Орыс сайттары ойларына келгенін айтқанда ауыз ашпаған биліктің қазақ тілділер қам қылғанда өре түрегелгені көп нәрсені аңғартатын шығар. Осыдан-ақ, бүгінгі биліктің бетпердесі түріле түспей ме?! Биліктің тырп ете алмайтыны баяғыдан белгілі. Қазақша ән салып, жай күндері қазақ тілі десе жанын беруге дайын қайраткерлердің ұлт намысы жанылған тұста қайрат таныта алмай қалғаны қалай?! Олар «Время» газетінің бетінен былай деп сайрап, ашық хат үшін арандап қалғандарын айтыпты:
Бибігүл Төлегенова, әнші, Кеңес Одағының Халық әртісі:

Қазақ тілінің көркейгені бәрімізге жақсы. Бірақ, мұны күшпен емес, ақылмен шешу керек. Маған телефон шалды, мен Түркияда болғандықтан мәселенің мән жайын түсінген жоқпын.
Ғазиз Алдамжаров, Қазақстан Компартиясының көбасшысы:
Мен ашық хатқа қол қойған жоқпын. Мұхтар Шаханов телефон шалып, қазақ тілін қолдайтын хат бар екенін, оның газетке шығып кеткенін айтты. Мен қазақ тіліне қарсы емеспін, әрине. Бірақ, орыс тіліне де қарсы шықпаймын.
Герольд Бельгер, жазушы-аудармашы:
Маған ашық хатқа қол қоюымды сұрап бірнеше адам хабарласты. Бірақ, мен бірден, саналы түрде кері қайтардым. Себебі, бұл идеяның өміршеңдігіне сенбеймін. Қазақ тілі қайтсе көркейеді деп тілейтіндердің бірі менмін. Осы тілдегі шығармаларды аудардым, осы тілде жаздым... Елдегі ұлттық мәселелерге орыс тілі, орыс мәдениеті мен орыс тілді әдебиеттің еш кінәсі жоқ. Отыз жылдан бері бұл дау бітпей келеді, қазақ мектептеріндегі оқушылардың өзі қазақша сөйлемейді. Бұл үшін олардың ата аналарын да, өздерін де, басқа ұлт өкілдерін де кінәлауға болмайды. Сондықтан да, ашық хат дегенің жәй мылжың ғана...
Қыдырәлі Болманов, әнші-продюсер:
Маған біреулер телефон шалып, қазақ тілін қолдайтын ашық хатқа қол қоюымды өтінді. Бірақ, мен өмірі билікке, президентке немесе басқаларға хат жазбаған адаммын. Жалпақ жұртқа жария етпей-ақ, іс тындыруға болады. Бұл менің ұстанымым. Ашық хат туралы айтқан адамдарға хаттың мазмұнын қарап шығайын дегенмін. Олар электронды поштама салғанымен, ашылмай қалды. Мен әрі қарай Ақтөбеге жеке кәсібім бойынша ұшып кеттім. Әине, туған тілімнің аясы кеңейгенін мен де қолдаймын. Алайда, өзге тілдерді тұсап қоюды да қолдамаймын.
«Абай-ақпарат»