Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2916 0 пікір 7 Қыркүйек, 2011 сағат 19:01

«Орыстар орманда жалаңбұт жүргенде, бiз жiбек дамбал кигенбiз!»

"Қазақта шекара болмаған, мемлекеттiлiк болмаған" деген сөз үшiншi рет айтылса, орыс ұлтшылдары Қазақ жерiн басып алуға үндейтiн шығар

Қазақстандағы орыстарға арналған russiankz.info сайтында Максим Акимов деген әлеуметтанушының көлемдi мақаласы жарияланды. Мақала "Қазақстандағы ресейлiк отандастарға... Орыстар, ояныңдар!" деп аталады. Онсыз да "ұйқы безi iсiнген" бiздiң орыстарды Акимов одан әрi өрекпiтiп қойыпты. "Сәлеметсiздер ме, "Лад" славян қозғалысының белсендiлерi!" деп бастайды мақаласын Акимов. Көрдiңiз бе, кiмдердiң құлағына ши жүгiртiп отырғанын. Онсыз да "ұлы орыстық" шовинизм десе, құйрығы жер иiскемейтiн "ладтықтар" қопаңдасып-ақ қалған шығар.

 

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕДI...

"Қазақта шекара болмаған, мемлекеттiлiк болмаған" деген сөз үшiншi рет айтылса, орыс ұлтшылдары Қазақ жерiн басып алуға үндейтiн шығар

Қазақстандағы орыстарға арналған russiankz.info сайтында Максим Акимов деген әлеуметтанушының көлемдi мақаласы жарияланды. Мақала "Қазақстандағы ресейлiк отандастарға... Орыстар, ояныңдар!" деп аталады. Онсыз да "ұйқы безi iсiнген" бiздiң орыстарды Акимов одан әрi өрекпiтiп қойыпты. "Сәлеметсiздер ме, "Лад" славян қозғалысының белсендiлерi!" деп бастайды мақаласын Акимов. Көрдiңiз бе, кiмдердiң құлағына ши жүгiртiп отырғанын. Онсыз да "ұлы орыстық" шовинизм десе, құйрығы жер иiскемейтiн "ладтықтар" қопаңдасып-ақ қалған шығар.

 

АҢДАМАЙ СӨЙЛЕГЕН АУЫРМАЙ ӨЛЕДI...

Акимов былай дейдi: "Бұл иен далаға орыстар келгенге дейiн мұнда отырықшыл халық болған жоқ. Ешқашан болған емес! Қазiргi Қазақстанның оңтүстiгiнде шағын ауылдар болуы мүмкiн. Бiрақ қала болған жоқ, өркениеттiң иiсi де сезiлмейтiн. Ресейдiң iшкi губернияларынан келген орыстар және өзге де славяндар - бұл жердiң алғашқы отырықшыл халқы. Сондықтан да Қазақстанның негiзгi халқы солар болуы тиiс. Мұнда түрлi көшпелi халықтар көшiп-қонып жүрдi. Олардың шекарасы болған жоқ. Мемлекетi де жоқ болды. Қазiргi Қазақстанның жерiнде мемлекеттiң iргесiн қалаған - орыстар".  "Мына сөздi бiр жерден құлағым шалған сияқты" деп бас қатырмай-ақ қойыңыз. "Қазақтың шекарасы болмаған, мемлекетi болмаған" дегендi Акимовтан бұрын Қазақстанның президентi Нұрсұлтан Назарбаев айтқан. Әрине, Н.Назарбаев бұл сөздi мақтан үшiн айтты. "Шекараны мен белгiледiм, мемлекеттiң iргетасын мен қаладым" дегенi. Н.Назарбаевтың сөзiн орыстың бұрын-соңды бiз атын естiмеген ұлтшылы жоққа шығарды. Қазақстан мемлекетiнiң iргетасын қалаған қазақ халқы да емес, Назарбаев та емес - орыстар екен! Бұған Назарбаев пен оның айналасындағы кеңесшiлерi не уәж айтады? Бұлар президенттiң сөзiн қамшы етiп, қазақты бас-көзге сабап отырған жоқ па?! Бұл бер жағы ғана. Әрi қарай кеттiк. Акимов тағы былай дейдi: "Қазiргi Қазақстанның территориясын бүгiнде "қазақ жерi" деп жүр. Негiзiнде, бұған үлкен күмәнiмiз бар. Қырғыз-қайсақтар, яғни көшпелi қазақ жүздерi бұл жерге табан тигiзген тұңғыш тайпалар емес. Көшпелi халықтар мұнда көп болды. Олардың көпшiлiгi қазақтармен iргелес тұрды. Алайда олар құрған мемлекет iшiндегi мемлекеттер (квазигосударство) қазiргi шын мәнiндегi "мемлекет" деген ұғымға еш қабыспайды. Олар тек тайпалық одақтар ғана болатын. Он сегiзiншi ғасырдағы қазақ жүздерi мен сол кездегi Ресейдi салыстыру ақылға сыймайды". Мiне, көрдiңiз бе, Акимовтың көмекейi қалай бүлкiлдеп отырғанын. Өзiмiзге де обал жоқ...

 

ҚАЗАҚ ПЕН СЫҒАННЫҢ АРАСЫ

"Отырықшылықты енгiзген халық Қазақстанның негiзгi халқы болып саналуға мiндеттi. Өркениеттi мемлекеттi қалыптастырған, ауыл, қала салған да солар. Әрине, мен қазақтар мен көшпелi әзiрбайжандарды немесе сығандарды салыстырмаймын. Алайда ұзақ жылдар бойы таңылып келген көзқарас түпкiлiктi дұрыс емес. Кең аймақта көшiп-қонып жүрген көшпелi­лер бөлек те, тұрғылықты халық - мүлдем басқа. Көшiп-қонып жүргендердiң жердi иеленуге құқығы жоқ", - дейдi Акимов. Акимовтың түсiнiгiнше, қазақтың сығаннан түк те артықшылығы жоқ. Қазақтың жерi болмаған, жерi болмағандықтан шекарасы да жоқ, мемлекеттiлiгiн сөз етуге тұрмайды. Мұндай нәрсе ашуыңды келтiре ме? Әрине, келтiредi. Бiрақ билiктiң өзi шовинистердiң аузына сөз салып берiп отырса, ауыз ауыртқаннан басқа бiздiң қолдан келер не қайран бар?

 

ҚАЗАҚ ТIЛI ТУРАЛЫ

Акимовтың түсiнiгiнше, қазақ болу - көшпелi малшы болу деген сөз. "Ресейде Ломоносовтар мен Менделеевтер туғанда қазақ мал бағып жүрген. Орыстар дамыған ұлт болды. Ал қазақтар мен қырғыздар мұндай дәрежеге қол жеткiзе алған жоқ", - дейдi ол. Ресейдiң ломоносовтар мен менделеевтердi тудырғанына талас жоқ. Бiрақ солардан бұрын қазақта әл-Фарабилер туғанын, Отырар, Сайрам, Түркiстан, Тараз сияқты мыңдаған жылдық тарихы бар қалаларымыз болғанын неге айтпайды Акимов? Айта алмайды! Айта алмайтын себебi - "шекарамыз болмаған, мемлекеттiлiгiмiз болмаған" деген президент Н.Назарбаевтың қисынсыз сөзiне байланған "дәлел-дәйегiнiң" күл-талқаны шығатынын бiледi. Қазақ тiлiне қатысты Акимов бүй дейдi: "Орыстар өздерiне мүлдем түсiнiксiз түркi тiлiн үйренуге мәжбүр. Онда да әлдекiмдерге жағымды әсер қалыптастыру үшiн ғана. Қазақ тiлiн күштеп таңу - саясаткерлердiң ермегi мен ұлтшылдардың эгоизмi. Бұл тiл ештеңе бере алмайды. Орыс тiлi сияқты көзiңдi ашып, көкжиегiңдi кеңейте алмайды. Орыстар бұл тiлдi ұлы және бай болғандықтан емес, әлдебiреулердiң ермегi үшiн ғана үйренуге мәжбүр. Егер қазақ немесе қырғыз тiлi орыс тiлi сияқты бес жүз жыл бойы дамыса ғана бәсекеге қабiлеттi бола алуы мүмкiн". Акимов сияқтылар Қазақстан билiгiнiң басында "қара орыстар" (орыстанған қазақтар) отырғанын, Қазақ мемлекетiнiң саясатын сол "қара орыстар" жасайтынын жақсы бiледi. Қазақ тiлiне қатысты әлгiндей сөздердi айтқанда онысы әлгi "қара орыстарға" жағатынын да түсiнедi.  

 

ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОРЫС ИМПЕРИЯСЫНЫҢ БIР ПҰШПАҒЫ ҒАНА МА?

Акимов Қазақстандағы орыстардың осыншама "пұшайман" күйге түсуiн олардың өздерiнен көредi. "Жағдайдың осылай өрбуiне Орталық Азиядағы орыстардың, орыстiлдiлердiң өздерi кiнәлi. Олар "кедей көршi" деп кигiзген қамытқа көндiге салады. Қазiргi Қазақстандағы орыстар өз үйiнде, өз отанында жүр. Орыстар - бұл жердiң негiзгi халқы. Тек орыстар ғана! Бұл жер - Ресей империясының бiр бөлшегi. Славяндар, ояныңдар! Ешқашанда Қазақстаннан кетiп қалуға болмайды! Керiсiнше, бұл аймаққа қайта қоныстану керек. Бұрынғы ара салмақты қайтадан қалпына келтiру қажет! Жағдайды өзгерту үшiн ақылға сыймайтын талаптарға (қазақ тiлiн үйренудi меңзеп отыр - Е.Р.) мойынсұнбау керек. Бәрi орын-орнына келуi үшiн тоқсаныншы жылдары бiзге таңылған жалған теорияны күл-талқан етейiк. Тарихты қайта жасауды қолға алайық. Орыс әлемiнiң шекарасын жасау бiздiң қолымызда екенiн түсiнейiк!", - дейдi ол. Ал сiз бұған не дейсiз, құрметтi оқырман? Күнi бүгiнге дейiн Жириновский сияқты орыс шовинистерi аузына келгенiн айтатын. Оның сөзiне әр тұстан әлсiз ғана "әу" деп қоятынбыз. Ал мына Акимов дегенiң... Қазақстандағы орыстардың құлағын көтергенiмен қоймай, ашықтан-ашық күреске шақырып отыр. Қазақ халқына, қазақ ұлтына, қазақтың мемлекеттiлiгiне қарсы күреске! Президент "шекарамыз болмаған, мемлекеттiгiмiз болмаған" деп екi рет айтып үлгердi. Бүкiл әлемнiң алдында айқайлап айтты! Мақтанам деп бүтiн бiр ұлтты жер еттi! Үшiншi рет тағы да осылай десе, орыс шовинистерi отандастарын қазақ жерiн басып алуға үндейтiн шығар, сiрә. "Шекарасы, мемлекеттiлiгi болмаған" ынжық елден кiм ығады?.. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет осылай дегенде мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы былай деген: "Президент түрлiше сөйлейдi. Бүгiн - басқаша, ертең одан да басқаша айта бередi. Жақында былай деп қойып қалды: "Қазақстанда, қазақтарда ешқашан шекара болған жоқ. Бүгiнгi шекара шегiнде ешқашан да мемлекеттiлiк болмаған". Тiкелей эфирден осылай дедi! 10 телеарна бойынша берiлген тiкелей эфирден! Мен ойлап едiм, ендi айтыс-тартыс қызатын шығар деп. Ештеңе де болған жоқ. Бәрi тiлiн жұтып қойғандай үнсiз қалды. Ау, бағанағы "ақыл-ойларымыз" қайда? Неге үн қатпайды? Парламент ләм-мим деген жоқ. Президенттi өз отырыстарына шақырып, түсiндiрме талап етпедi. Ең аяғы профессор-депутат Айталы да жұмған аузын ашқан жоқ. Президенттiң осы сөзiнiң қисынсыз екенiн жете түсiнiп, оны өзгелерден гөрi тереңiрек бiлiп тұрса да. Жарайды, Ағатаева мен Нехорошевты бiлмедi-ақ делiк. Бiрақ XX ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов, Әлiмхан Ермеков және Алашорданың өзге де аяулы азаматтарының Мәскеуге арнайы барып, елiмiздiң бүгiнгi күнгi шекарасын белгiлеп, нақтылап бергенiн Айталы бiледi ғой. Өздерiнiң бiлiмi мен бiлiгiне сүйенiп, тарихи айғақтар мен деректердi көлденең тартып, Алаш азаматтарының бiздiң шекарамызды айқындап кеткенiн неге ұмытуға тиiспiз?". ...Жұрт арасына тарап кеткен мына бiр сөз ерiксiз еске түстi: "Орыстар орманда жалаңбұт жүргенде, бiз - қазақтар жiбек дамбал кигенбiз". Акимовтың мақаласы талай нәрсенi айтып тастауға итермелеп тұрса да, осы бiр ауыз сөзбен қорыттық. Қалғанын айтуды бұл мәселенi бiзден гөрi терең, бiзден гөрi түпкiш бiлетiн профессор Амангелдi Айталыға және басқа да кiсiлерге қалдырайық...

erik_r@bk.ru

Ерiк РАХЫМ

http://zhasalash.kz/saraptama/5304.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408