Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 8 Қыркүйек, 2011 сағат 12:19

Атырауды алашапқын еткендер Пәкістанға ақша жіберіп отырыпты

Түнеугүні Атыраудың астан-кестенін шығара жаздаған экстиримстік-лаңкестер атышулы «БТА» банкі арқылы Пәкістанда тұрып жатқан Хабидолла, Жұмабаев, Шілманов, Мұңатов, Зналиев және Өтеғалиев дейтін азаматтарға ақша жіберіп отырған. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевке сілтеме жасай отырып, ақпарат агенттіктері хабар таратып жатыр.

Боранбай Ғалиевтің сөзіне сенсек, Атырау облысы мен республиканың өзгеде аймақтарында лаңкестік әрекет жасамақ пиғылдары болған 24 күдікті ұсталып, қамауға алынған. Оның 14-і жұмыссыз, екеуі - жүргізуші, біреуі - сатушы және екеуі студент болса, бірі кәмлеттік жасқа толмаған бала ал, қалған үшеуі  - кәсіпкер екен. Бұлардың Пәкістанға қанша ақша жіберіп тұрғандары әзірге белгісіз көрінеді.

Қашан да пары шықпаған моншадай болып қызу көтеріліп тұратын Пәкістанға ел үрке қарайтын болды. Өйтпей қайтсін, бір дінді балалатып, бәлен ағымға бөліп, айрандай ұйыған ағайынның арасын сүттей ірітіп жатқан түрлі діни ағымдардың бастауы осы Пәкістан дейді білетін жұрт. Кезінде діни сауатын сол жақтың діни бұлағынан сусындап ашқан азаматтардың арамызда көп екенін ескерсек, желдің қай жақтан соғатынын айыру аса қиын емес. Бұл - өз ойымыз.

Елдегі діни ахуал діңкелеп, Ақтөбе, Балқаш, Атырау болып халықтың екі көзін төрт қылып, жағасын ұстатып жатса, Алматыдағы орталық мешіттің бас имамы Құлмұхаммед Маханбет қала көшелерінің билбордтарында жарнамасы жайнап тұрған американдық «Секс по дружбе» фильмінің атауын сынға алып, кино жарнамасының көшелерден алынып тасталуын сұрап, қала әкімі Ахметжан Есімовке хат жазыпты. Әлбетте, мүфтияттың орыс тілді сайтында жарық көрген (бұл хатты мүфтияттың қазақтілді сайтынан таппадық) үшбу хатта бас имамның әлгі аты біртүрлі ыңғайсыз кинотуындының қоғам мәдениеті мен тәрбиесіне кереғар екенін айтқан пікірімен толық келісуге болады. Алайда, ел ішін алатайдай бүлдіріп жатқан діни ағымдардың әрекетіне «ау» деп ауыз ашпаған бас молда бас қатырар мәселені тапқан екен дедік. Шынында да, қоғам үшін қайсысы қауіпті: американың киносы ма, теріс пиғылды діни ағымдар ма?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440