Жұма, 29 Наурыз 2024
Тағайындау 5895 5 пікір 14 Қаңтар, 2020 сағат 14:17

Әділбек Қаба жаңа қызметке тағайындалды

Журналист Әділбек Қаба ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев айтты.

- Бұған дейін ҚР бас прокуратурасының тіл саясаты басқарма бастығы, "Тіл және қоғам" журналының бас редакторы, ҚР Парламенті менаты баспасөз қызметінің басшысы  қызметін абыроймен атқарған белгілі заңгер-журналист, жазушы, ақын Әділбек Қаба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ел өміріне қатысты қай тақырыпқа қалам сілтесе де терең зерделеп, әлеуметтік проблеманың тамырын дөп басып, қоғам назарын аудара алатын қаламгерлік шеберлігімен танылған Қазақстан журналистер академиясының академигі Әділбек Қаба, "Жас алаш", "Айқын" газеттерінде Бас редактордың бірінші орынбасары, қызметін атқарған болатын.Танымал қаламгер, ұлтжанды азамат, әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Әділбек Қаба мырзаға жаңа қызметінде сәттілік тілейміз, - дейді Ерлан Жұрынбаев.

Айта кетейік, Әділбек Күнесханұлы Қаба 1963 жылы 14 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Сарыбастау ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1980 жылы тамамдап, еңбек жолын аталған ауданның Ленин ұжымшарында бастаған. КазГУ-дің журналистика факультетін бітіргеннен соң "Арай-Заря" журналында тілші болды. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінің жауапты хатшысы, бас редактор орынбасары, "Айқын" газеті бас редакторының бірінші орынбасары, "Тіл және қоғам" журналының редакторы, ҚР бас прокуратурасы баспасөз қызметінің басқарма басшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

2012-2018 жылдар аралығында Әділбек Қаба Парламент Сенат баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып келді. Ал былтыр баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Дереккөз: Baq.kz

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1576
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590