Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
2856 0 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 10:47

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай бойынша келіссөздер аяқталды

Тәжікстанның Исфар қаласындағы Гүлістан ауылында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты екі ел үкімет мүшелері арасында келіссөздер өтті. Екі тарапта жағдайдың қиын екенін мойындаған.

Ұзаққа созылған сөйлесулердің қорытындысы бойынша екі тарап күн тәртібіндегі алты мәселені мақұлдап, хаттамаға қол қойған.

Осыған дейін қырғыз-тәжік топографиялық тобы істен шыққан 114 шақырым аралықтағы мақұлданған шекара аймағын анықтап, құқықтық негіздерін бір ай ішінде белгілеуге ұсыныс берілсін.

Шекара аймағында шахмат түрінде орналасқан қалған жерлерді анықтап, жерлерді алмасу бойынша ұсыныс осы жылдың 1 наурызына дейін берілсін.

Жанжал көп шығатын, екі ел тұрғындары жайғасқан аймаққа бірлескен күзет қойылсын.

Қырғыз-тәжік шектесетін аймақтар жарықтандырылып, видео қойылсын.

Екі ел ортасында сауда-саттық пен мәдениет алмасуды дамыту күшейтілсін.

Қырғыз-тәжік шекарасында атқарылып жатқан жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланып отырсын.

Аталған аймақта 10 қаңтарға қараған түні екі ел тұрғындары арасында жанжал шыққан. Бір-біріне тас лақтырып, оқ отуға дейін барған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6226