Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
3343 2 пікір 15 Қаңтар, 2020 сағат 11:01

Өзбекстанда журналистерге кедергі келтіргендерге 100 долларға дейін айыппұл салуы мүмкін

Өзбекстанда журналистердің іс-әрекетіне кедергі келтіргендер алдағы уақытта жауапқа тартылуы мүмкін. Осы мақсатта Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізіліп, қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сәйкес, журналистің кәсіби қызметіне тосқауыл қойғандарға (журналисті өз келісімінсіз ақпарат таратуға мәжбүрлегендер, аккредитация беруден негіссіз бас тартқандар, ақпарат алу құқығын бұзғандар және журналистің материалдары мен техникалық құралдарын тартып алғандар) 46 000 сумнан 1,1 миллион сумға дейін ($4,8-$115) көлемде айыппұл салынады.

Заң жобасына қоғамдық талқылау 28 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1209
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1688