Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2370 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 05:44

Серік Ерғали. Ел іргесін бекіткен көтеріліс (жалғасы)

Оқиға

Жайыққа ел түкпірінен жиналғандар 13-қыркүйектен қалмай келіп болды. Сол кезде ешбір қаржының жоқтығына қарамастан, елдің жағдайы кеңестік қордың әлі де әлсіремей тұрған кезі еді. Келген жұрт қонар орын мен асты ешбір мәселе қылмай өздері тауып жатты. Штабтың басты мақсаты ахуалды бейбіт жолмен, бірақ ұлт пайдасына шешу ғана болатын.

14-қыркүйек күні таңғы сағат 7-де Орал қаласының маңында елеусіз түрде құм басып, құрылыс табанына түсіп жатқан, казактар қолынан қаза болған қазақтар қорымына Айсұлу Қадырбаева бір топ адамды ертіп барды. Қорым деген аты ғана, ешбір бейіт көзге түспейді, жермен-жексен. Ақын да өр көңілді Айсұлу апамыз көзіне жас алды. Білген дұғамызды оқыдық.

Сол күні ауа-райы қара суық болды. Оқиғаға жиналуы тиіс деген мекеме, оқу орындарына таңертеңгі сағат 9-ға жиналуды хабарлағанбыз. Саяси ағарту үйінің маңындағы алаңға дыбыс күшейткіш алдырттық, плакат, лозунгылар дайындалып жатты.

Сағат дәл 9 болған сәтте митингіні ашып жіберіп, жан-жақтан келгендер алма-кезек сөз алып, орталық көшені басымызға көтере орысша-қазақша сампылдап жаттық. Ол кезде барлық жерде биліктің белбеуі босап, көшелік демократия белең алған кезең еді.

Оқиға

Жайыққа ел түкпірінен жиналғандар 13-қыркүйектен қалмай келіп болды. Сол кезде ешбір қаржының жоқтығына қарамастан, елдің жағдайы кеңестік қордың әлі де әлсіремей тұрған кезі еді. Келген жұрт қонар орын мен асты ешбір мәселе қылмай өздері тауып жатты. Штабтың басты мақсаты ахуалды бейбіт жолмен, бірақ ұлт пайдасына шешу ғана болатын.

14-қыркүйек күні таңғы сағат 7-де Орал қаласының маңында елеусіз түрде құм басып, құрылыс табанына түсіп жатқан, казактар қолынан қаза болған қазақтар қорымына Айсұлу Қадырбаева бір топ адамды ертіп барды. Қорым деген аты ғана, ешбір бейіт көзге түспейді, жермен-жексен. Ақын да өр көңілді Айсұлу апамыз көзіне жас алды. Білген дұғамызды оқыдық.

Сол күні ауа-райы қара суық болды. Оқиғаға жиналуы тиіс деген мекеме, оқу орындарына таңертеңгі сағат 9-ға жиналуды хабарлағанбыз. Саяси ағарту үйінің маңындағы алаңға дыбыс күшейткіш алдырттық, плакат, лозунгылар дайындалып жатты.

Сағат дәл 9 болған сәтте митингіні ашып жіберіп, жан-жақтан келгендер алма-кезек сөз алып, орталық көшені басымызға көтере орысша-қазақша сампылдап жаттық. Ол кезде барлық жерде биліктің белбеуі босап, көшелік демократия белең алған кезең еді.

Облыс, қала басшылығына жағдайдың ушықпау жағын ойластыруды, жиналған казактардың той тойлауды дереу доғаруын, келіссөзге келуін айтып мәмілеге шақырдық. Облыстық әкімшілікке барып, оқиғаның алдын алу шараларын ұсынып, өз құзырларын қолдануды талап еттік. Сонда түсінгеніміз, Оралда жергілікті мәселені шешуге қауқар боларлық облыс басшылығында дәрмен де, жігер де жоқтығы еді. Күйінгеннен митинг мазмұнын басшылықты кінәлауға бұрдық. Осының арасында біздің талабымыз бойынша келген шіркеу басшысымен келіссөз мандымады. Жергілікті өкімет ойдағыдай мәмілеге келтіруге екі жаққа да араша бола алмады.

Біз сол күні тойға байланысты шіркеу мен «Зенит» сарайында өтпек арнайы шараларды дереу доғаруды талап еткенбіз. Басынған казактар бізді менсінбеді, ал жергілікті билік казактардың шылауында жүрді. Жергілікті өкіметті басынғаны айқын көрініп тұрды. Ал, өкімет өкілдері оған намыстанбады да. Бар болғаны бізді аяқтан шалып, болашақ кінәлау сценариіне біздің жақты жасанды түрде икемдеумен болды.
Митинг қыза бастады. Жастар жан-жақтан келіп қосылып алаңды кернеді. Ересектер де ішкі ашынысын білдіріп, митинг отына май тамызды. Сол арада казактар жағына көбірек барғыштап жүрген Мұқанов (ол кейін Жоғарғы Кеңеске депутат болды) деген орыстілді қазақ мінген «Волганы» жұрт аударып тастады. Біз әрбір шалт қимылды бақылап, артық әрекетке ұласпайын қадағаладық, әлгі Мұқановпен сөйлесуді өзіміз қолға алып, жұрттың даурығуын бастық. Жәшікпен арақ таратылып жатқаны туралы да хабар түсті. Бірақ оның бәрінен түк шықпады. Біз түгіл жиналған халық жауапкершіліктің қандай екенін жақсы сезіне бастады. Бұл -  мәселенің басты көрінісі еді. Жиналған жұрт бір командаға ұласты деген сөз.

Сағат 10-да шіркеуде шоқыну салтанаты, 11-де «Зенитте» казактар құрылтайы болады деген хабар алдық. Ресми басшылықтан күдер үзген біздер оқиға барысын үйлестіріп, қолға алуды және басқаруды ойластыра бастадық.

Дереу әр облыстан келген топтардан біріктіріп, 13 адамнан тұратын штаб жұмысын іске қостық. Енді жиналған жұртты меңгеретін және ушыққан жағдайға алдын ала әзірлік шарасын жасап, тәртіп сақтау мен оқиғаны басқаруға күш жасақтау керек болды. Сөйтіп, 100 адамнан тұратын ерікті жасақ құрдық. Олардың мәліметін тізіп, қолдарын қойғызып, ант қабылдадық.

Казактар шіркеуінде шоқыну басталған кезде біздер де 113 адам сап түзеп, құрылтайды болдырмау мақсатымен «Зенит» сарайына тарттық. Ал, Саяси ағарту үйі жанындағы басты алаңда қалған жұрттың бармауын тапсырып, митингіні жалғастыра беруді айтып, оларға басшылар мен жасақтар тағайындап қалдырдық.

***

«Зенитке» таяп келіп тізіліп тұрдық. Милиция жасағы бізден де көп екен. Алдында көрші облыстардан милиция мен МҚК-нің қызметкерлерін алдыртты деп естігенбіз. Алматылық орта бойлы қазақ, милиция генерал-майоры жүрді. Бірақ оның қызметі қаншалықты екенін ақыры түсіне алмадық. Милиция жасағы бетін бізге қаратып «Зенит» пен біздің арамызға қалқан болып сап түзеп тұрды. Әсіресе, орыс-казак милициялардың қабағы қатыңқы, дөрекі сөйлейді. Іш қазандай қайнаса да алдын ала өзіміз жасаған нұсқау бойынша ешбір арандатуға бармай, бар мақсатымыз - келімсек казактарды кейін қуып, құрылтайын болдырмау.

Күн қара суық. Жеңіл киінген біздің өңменімізден өтіп барады. Бір кезде әлем-жәлем, әскери киінген қауға сақал казактар сап түзеп, бізді айналып, тұп-тура «Зенитке» қарай әскери қадаммен, бізге қыр көрсете өте бастады. Бізден шыдам кетті. Бір-бірімізді тоқтатсақ та, әркімнің кеудесі ызаға толы екені түйілген қабақ пен жұдырықтан көрініп тұрды.

Бір мезгілде арамыздағы Жамбылдық шымыр денелі, каратэшы, орта бойлы Мұхтар деген жігіт шыдай алмай айқай салып, казактарға тұра ұмтылды. Бәріміз оның соңынан жүгіріп, ұстап қалдық. Байғұс жігіт ызаға булығып, шарасыздықтан намысқа түйілген кеудесі шыдамай, еңкілдеп жылап жіберді. Өзін-өзі ұстай алмай, 100 метр бойына сап түзеген біздің жасақты бойлап ойындағы сөзін айқайлай айтып, ерсілі-қарсылы жылап кезіп кетті. Біз жылама демедік. Өйткені, бәріміз үшін ең болмаса, біреу намысын жыртып, іштегі шерін тарқатқанын дұрыс санадық. Мұхтардың бұл қылығы жарты сағатқа созылды. Оған ілесіп, саптағы бір милиционер қазақ үнсіз жылап тұрды. Кем-кемдеп Мұқтарды сабыр сақтауға шақырдық. Өйткені, оған қосылушылар қатары шыға бастады.

Казактардың салтанатты жиналысының ашылғанын білдік. Аспанды бұлт торлап, бір уақытта жаңбыр сіркіреді. Неге екені белгісіз маған аспан жылап тұрғандай болып көрінді. Ертеңгі дұға оқыған бейіт басы есіме түсті. Бізбен бірге о дүниелік әруақтар да шарасыздықтан жылап тұрғандай сезіндім, ойымды саптағыларға айттым. Әлдекім мұны жақсылыққа жорыды. Жауын 15 минут жауды да, көп ұзамай күн шығып, жылып қоя берді.

Біз митингідегі жұрттың бағынбай, бері қарай келуге сұранып жатқанын естідік. Оларға «келмеңіздер, қырғын болады» деп хабар айттық.
Арамыздан жеті адам делегат ретінде мен, Айсұлу, Аманжол, Жасарал, Бақытжан, Орал, Дәурен казактар салтанатына барып келіссөз жүргізуді ұйғардық. Сөйткенше, бізге қарай жамырай жүгіріп келе жатқан митингіге жиналған  он мың адамның қаптап келе жатқанын көріп, шошып кеттік. Бейне бір құрлықты басып, топансу келе жатқандай. Бір сәт бәріміздің ойымызда «Кәзір қырғын басталады!» деген суық ой қарып өтті. Казактарға да, Ресейге де керегі осы ғой!..

Дереу 3 жасар баласымен жамбылдық Хадиша жүгіріп барып, басындағы орамалын жұлып алып, қаптаған қазақ жастарының алдына жайып отыра қалып, «Тоқтаңдар!» деп айғай салды. Саптағы біздер де дереу есімізді жиып, қол ұстасқан күйі келе жатқан топқа қарсы сабымызды керіп тұра қалдық. Дереу бұрын жеткендердің өздерін қол ұстастырып, екінші қатар, сосын үшінші қатар түздік. Сөйтіп, кіжініп келгендердің өздеріне өздерін тосқауыл етіп, енді казактармен келіссөз жасау керектігін айтып, көріктей қызған жұрттың басылуын өтіндік.

Солай тұрғанда әлгі жетеудің келіссөзге бару керектігі еске түсті. Мыңдаған митингішілердің қан қысымы көтерілгендігі сондай, ештеңеге тоқтар емес. Кешегі оралдық бұйығы қазақтардың бір күннің ішінде мұндай намысқойланып батылдық пен жаугерлікке барады деуге қимас едік. Сонымен, митингішілерден келіссөзге бар болғаны 15 минут сұрадық. Егер осы уақыт ішінде ештеңеге үлгермесек, не істесеңдер соны істеңдер деп жауапкершіліктің бір ұшын оларға да кері тастадық.
«Зенит» сарайына келіп, облыс басшысы Н.Есқалиевке бар жайды айтып, казактардың жиналуына 15-ақ минут берілетінін ескерттік. Жағдайдың қаншалықты ушыққанын облыс басшылығы да, казактар да айтпай-ақ сезді. Дереу «Зенит» мәдениет сарайының қаптал есігіне автобустарын тақап, казактардың кетуден басқа шарасы қалмады.
Бұл жайтты тосып тұрған қазақтарға айтуымыз мұң екен, 3-4 қатар тосқауылды да, милиция сабын да быт-шыт қылып, «Зенит» сарайына қарай лап қойды. Казактардың автобусқа мінгені мініп, мінбегені жаяу тым-тырақай қашып, манағы маңғаз империялық кейіптің ту-талақайы шығып, масқара болып тырағайлап кетті. Ұлттық рухтың салтанатты құдыреті дегеніміз - осылай көрініс берген еді! Көтеріліс дегеніміз - шайқас пен қирату емес екен, ол - ушыққан ахуалды өз пайдаңа жарата білудің зор тактикасы.

 

Жайық оқиғасы нені көрсетті?

Бұл оқиға бір біріне қарама қарсы көтерілген қос тараптың қатысымен қатар нақты мақсаттың екі жақта да болғанын айқындады. Бірақ мұндай жағдайда жеңіс тек қана бір жаққа тиесілі екені белгілі, ол Алла бұйыртып, бізге тиді.

1. Сәті келіп, ниет біріккенде санаулы топ та бұйыққан халықтың қанын тулатып, рухын желбіретіп, өз тағдыры үшін ұлы күш болатынын көрсетті.

2. Елдің егемендігі үшін жауапты да, күш те, күрескер де халықтың өзінен басқа ешкім болмайтынын көрсетті.

3. Қазақстан егемен боларда елдің күш-жігерін біріктіріп, оның намысын жыртатын нақты саяси күш те, қоғамдық топ та (зиялы қауым), басшылық та (Н.Назарбаев сол күндері Б,Ельцин екеуі Қарабақтағы әзербайжан-армян соғысына ара ағайындықпен жүрген еді) болмады. Қазақ халқына бұл жолы да Жаратқан ие жар болды!

4. Асқақ мұратын халықтың тағдырымен байланыстырғандар болып оның жігерін ұштап, көтере білсе, халықтың бұйыққан рухын бір сәтте-ақ көтеріп, оның жемісін жеңіспен көмкеруге болады. Кез-келген елдерде алынбай отырған асуға айналған түрлі дағдарыстар халықтың өз күш-жігерін тұсағаннан болады екен.

5. Қазақ элитасы (бір де бір атақты зиялы Орал оқиғасына қатыспады) халық үшін бас көтеруге ниет те білдірген жоқ, қаншалықты қажет екенін аңдамады. Зиялы қауымның соншалықты бейшара екені осы оқиғадан тағы да көрініп қалды.

6. Оқиға Ресей тарапынан Қазақстан жеріне көз тігу мәселесін бірнеше есе кейін серпіп, Қазақстан басшылығына елдің территориялық тұтастығын нығайтып алуға баға жетпес мүмкіндік әперді.

7. Оқиғаның шығу себебі саяси жағынан мейлінше жойылмайынша, оның жалғасы болашақта кез-келген уақытта жалғасатындығына ешбір кепілдік жоқ.

Серік Ерғали

2001 жыл, қыркүйек.

P.S. Аталмыш тақырыпқа оралуымызға оқырмандар сұранысы түрткі болды. Шамасы, халқымыз өзінің рухани күш-жігерін шыңдайтын тақырыптарға зәру секілді. Оқиғаға қатысты фото автор мұрағатында санаулы ғана. Өкініштісі сол, оқиғаны толық бейнелейтін үш сағаттық видеотүсірімді әлдекімдер бермей отыр, оны қолға түсірудің сәті түспеуде.

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437