Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Әкімнің ісі 5293 11 пікір 16 Қаңтар, 2020 сағат 16:30

ҰҚК: Болат Бақауов қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың үстінен іс қозғап, жедел тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша айып тағылып, іс тіркелген. Сол бойынша қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 2-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды",- делінген ведомство хабарламасында.

Бақауовқа қатысты мұндай қауесет бұған дейін әлеуметтік желіде тараған болатын. Алайда, Павлодар облысының әкімдігі бұл ақпараттың ресми түрде расталмағанын айтқані.

Ал бүгін ҰҚК қазір Болат Бақауовқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Болат Бақауов кім?

Ол 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған. 12 жыл әкім болған.

Болат Бақауов 1971 жылы Павлодар облысының Железин ауданына қарасты Новокузьминка ауылында туған.

Білімі

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) "Заң ғылымдары" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.

Қызметі

2008-2011 жылдар аралығында Павлодар облысы, Тереңкөл ауданының әкімі,

2011-2014 жылдар аралығында  Ақсу қаласының әкімі,

2014-2016 жылдар аралығында Павлодар қаласының әкімі,

2016 жылдың 25 наурызынан бері Павлодар облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Атақтары

Хоббиі - аңшылық. 2018 жылғы ақпарат бойынша жалақысы - 744 мың теңге.

2002 жылы - "Ерен еңбегі үшін" медалімен,

2011 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен,

2012 жылы "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен,

2015 жылы "Құрмет" орденімен,

2016 жылы "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.

Әкім портреті

Болат Бақауовтың қызметі мен құзыретіне қатысты баспасөзде сын аз емес. Ал былтырғы жылдың соңында оның портреті қайырымдылық аукционында сатылғаны бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап, жұрт қызу талқы жасаған. Бейнежазбада кеш жүргізушілері - белгілі әзілкештер, Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин әкім Болат Бақауовтың портретін аукционда ойнатып жатқаны көрсетілген. Әкім портретінің құны 31 миллион теңгеге дейін бағаланған. Бұл әрине, жұрттың ашуын туғызған.

Сол кезде Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ернар Сайтахмет БАҚ-қа пікір білдіріп, әкім портретінің құны әлеуметтік желіде айтылған бағадан әлдеқайда арзан екенін, бар болғаны 700 мың теңгеге сатылғанын айтқан.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1558
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3358
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6264