Сенбі, 23 Қараша 2024
Бәсе... 7257 15 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 12:13

Қазақ ертеден егіншілікпен айналысқан

Қазір қазақтың жынын келтіретін орысшасы «растениеводство» дегеннің қазақша калькасы «өсімдік шаруашылығы» жаңа сөз пайда болды. Ағайын-ау, бұл ата-бабамыз кәсіп еткен, өнімін нәсіп еткен «диханшылық» деген сөз емес пе? Біреулер тіпті қазақ «бақшалық//огородь» дегенді білмеген деген уәжға құдайдай сенетін болды. Әрі қаламының желі, қолының ебі барлар қазақ жермен айналыспағаннан кейін екі рет аштыққа ұшырады деп салақұлаш көсемсөздік мақала жазуды үрдіске айналдырды. 

Қазақ үй жанына талдан өзге ештеңке екпеген, егінін өзен-су бойына салған. Диханшылық кәсіптен Солтүстік пен орысы басым Шығыс аймақтағы қазақтарды мәңгіге ажыратқан патша өкіметі мен орыс отаршылары. 

Солтүстік пен орысы басым Шығыс аймақтағы құйқалы жерлердегі қазақ суарылмалы егіншілігі жайлы көп нәрсе біле бермейміз. Қазақ жеріміз кең деп мақтанғанымен оның 20 пайызы ғана суарылмалы егіншілікке жарайды. Және еліміздегі Іле, Талас, Сыр, Ертіс сияқты ірі өзендердің бәрі өз бастауын өзге  мемлекеттен алады. Қалғаны гектарына 2-3 центнер ғана өнім беретін шөл және шөлейт өңірлер. Қазақтар Әму, Сыр, Іле, Талас, Жайық және Ертіске кең көлемде егін еккен жұрт. ХІХ аяғында қазақ рулары хан иеміз Абылайдың асыл арманын жүзеге асырып, бірте-бірте жер емуге көше бастады. Бірақ бұл үрдістің кең етек алмай, мүлдем тоқталуына әуелі Оңтүстікте Қапал, Алматы, Шығыста Алтай, Шимойнақ сияқты дәстүрлі егіншілік дамыған өңірлердің қазақтан тартып алынуы, кейін ұлтымызды қалған Жайық, Ертіс сынды егіншілігіміз дамыған ірілі-ұсақ өзен-сулардан айырған 1867 жылғы Патша және 1900 жылдарғы Столыпиннің «Жер реформасы» өз кедергісін келтірді. Құйқалы жердегі өзен мен шөлейт жердегі өзеннің өз айырмашылығы бар. Суарылмалы егінге пайдаланылуының өз ерекшелігі бар. Қазақтар егінді өзен бойын салып, негізінен тары еккен. Әрі Тарбағатай жақта Қарауыз атамыз тіпті жердегі өзен суын таудың қырқасына шығарып егін салғанын көнекөз шежіреші ақсақалдарымыз жыр қылып айтады. Белгілі ақын Қалқаман Сариннің бабалары түркістандық қожалар салған тоған мен арықтың көне сілемдері Абай ауданының Архат өңірінде сақталып қалған. Бұл мәселе «қазақ көпшелі халық болған» деген жалған мифті ұлтымыз үшін дәлелдеуді керек етпейтін аксиомаға айналдыру үшін әлдебіреулерге қажет. Жерімізде қазір қазақы қара есеппен саусақ бүгер болсақ, 9-10 мыңға тарта 7-8 мың жылдық тарихы бар бағзы қалалар мен кенттердің орны бар. Олар зерттелмейді өйткені номад халықтың номад тарихшыларына түкке керегі жоқ. 

300 жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы өзбек-қазақ егіншілігіне қолбайлау бола алмады. Қазақ егіншілігінің кең белең алуы 1850 жылдарға тұспа-тұс келеді. Бірақ Патша өкіметі Ертіс пен Жайық өзеніне 40 шақырымға дейін қазақтарды жолатпау туралы заң шығарды. Ал, қазақтар егін егіп жүрген өзен-көлдер көзден бұл-бұл ұшып, Ресейден көшіп келген «қара шекпендерге» тартып алынып берілді. Тіпті Оңтүстік өңірлеріміздегі қазақ-жоңғар соғысы кедергі келтіре алмаған дәстүрлі егіншілік дамыған жерлер де ортарлаушы биліктің зорлығымен қазақтардан тартып алынды.

Осылайша Солтүстік пен Шығыста, қазақ диханшылығы мүлдем өшті. Ол үшін отаршылар егіншілік жерлерді тартып алып – бір, қазақ дихандарына ауыр салық салып – екі, жер емуге арнайы рұқсат бермей – үш  сойқан салып, құйқалы жерлер жаттың қолында қалып, алаш жұрты адам төзгісіз шөл мен шөлейт аймақтарға ығыстырылды. 

Малы жоқ, кәсібі мен нәсібі болған егіншілік жерінен айырылған қазақ амалсыз орысқа жалшы болды. Бұл шара әуелі 1830-1850 жылдар арасында жүзеге асырылды. 1850-1880 аралығында халық толқуы орын алып, өзен-суды тартып алу аз-маз кідірді. Бірақ, кейін 1880-1912 жылдарға созылды. Сөйтіп, өр қазақ мал соңында ғана салпақтаған өз елінің еш құқықсыз құлына айналды. «Елу жылда ел жаңа» дейді халқымыз. Бар-жоғы 80 жылдың ішінде өзен бойындағы егіншілік жерсіз қазақ номад болып шыға келді. Ал, шөлейт аймақтағы орталық және оңтүстік-шығыс жерлердегі өзен-суларға егін егушілер қазақ арасында мүлдем болмады. Ал, бәрі орыстар тартып алған өңірлерге егіліп, осы өңірдегі ағайынға малға айырбасталатын. Енді ақша шығып, арзан бағалы орыс астығы салықтан көз ашпаған қазақ дихандарына сор болып, Жайық пен Ертіс бойындағы жерлерінен айырылып, еріксіз орысқа жалшы болды.

Орыс-қазақтардан зорлық көрген Жайық диханшыларының жұмыс іздеп ішкі Ресейге ағылуы, олардың санының қанша болғанын амал не тарихшыларымыз ауызға алмайды. АҚШ кітапханасында жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтарды 10 пайызы, одан кейін 25 пайызы егіншілікпен айналысқаны туралы нақты дерек бар. Бұл деректі орыс басқыншылары өз статистикалық деректерінде үнемі бүгіп қалып, қазақ тарихшыларының назарынан жасырып келеді. Қазақтар қырғыз бен маңғұл сияқты 100 пайыз көшпелі емес, жартылай көшпелі ел. Сонда дәл қазірге дейін, бабаларымыздың өткен барша тарихына күл шашып, бізді тек номад қылып көрсету кімге керек болып отыр? 

Тарихшыларымыз қазақ көшпелі болған деген ғылыми әндеріне салып, егіншілік жерлердің қалай тартып алынғаны туралы сөз етпейді. Тек жайылымдар, қыстаулар, күземдер, жайлаулар тартып алынды деп зар жылайды. Патша мен Қызыл отаршылар осылай 1920 және 1930 жылдардың ашаршылығына негіз салды. 

Енді бір кездері қазақтар айырылған көл-өзен бойы жат жұрттықтар өз еліне ауа көшкендіктен елсіз-жұртсыз ен қалып барады. Ал, осы өңірлердегі қазақтарда қолына кетпен алып, диханшылықпен жер ему дәстүрі жоқ. Сондықтан, билік басындағылар суарылмалы егін салуға жарамды жерлерді қазіргі жекенің қарауынан алып, мемлекет қарауына алып, вахталық әдіспен Оңтүстік қазақтарының қауымдаса игеруіне жағдай жасауы керек. Диханшылық дәстүрі жоқ, орыс фермерлерінің өзенге дейінгі жерді жыртып тастауының бір ғана мысалын: ШҚО Бородулиха ауданындағы Қызылжар өзенінің қазіргі ауыр экологиялық ахуалынан көреміз. Бұл өзен-көл маңын жыртып тастау келеңсіздігі Шығыс пен Солтүстікте жаппай орын алып отырған өмір шындығы. 

Оңтүстіктегі бауырларымызға осы өзен-суларға иелік етіп, тұқымдық жылыжайларын салып алуға қаржы бөліп, диханшылық кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берілсе, көп нәрсе ұтар едік. 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379