Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2297 0 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:20

Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Думаға ұсынылды. Путин қандай өзгерістер ұсынады?

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын Мемлекеттік Думаның қарауына жіберді. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Мемлекеттік Думаның сайтында жарияланған құжатта Негізгі заңның 22 бабына бірдей өзгерістер енгізу ұсынылған.

Оған сәйкес, Конституцияға Мемлекеттік кеңес деген жаңа билік органы енгізіледі. Ол "мемлекеттік билік органдарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық басым бағыттарын анықтау мақсатында" президент тарабынан құрылады.

- Мемлекеттік Дума президент ұсынған үкімет басшысын, сонымен бірге премьер-министр ұсынған вице-премьер мен министрлерді бекіту құқығын алады. Күштік құрылым басшыларын президент Федерация Кеңесі мен келіскеннен кейін өзі бекітеді. Сонымен бірге мемлекет басшысы премьер-министрді және министрлерді қызметінен алу құқығын сақтап қалады.

- Заң жобасында Конституциядағы президенттік мерзімнің саны туралы баптан "қатарынан" деген сөзді алып тастау ұсынылған: "Бір адам Ресей Федерациясының президенті қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды деп жазылған. Демек, Путин 2024 жылы мерзімі аяқталғаннан кейін президенттікке қайта сайлана алмайды.

- Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация Кеңесінің мүшелері (олар үшін "сенатор" термині енгізіледі), министрлер және соттар үшін жаңа шектеулер болады. Олар Ресейден басқа мемлекетте тұру құқығы бар қандайда бір құжатқа ие болмауы керек.

- Өзгерістерге сәйкес, Ресейдің президенті болып елде кемінде 25 жыл тұрған және оған дейін басқа елдің азаматы болмаған адам ғана сайлана алады.

- Бұдан бөлек халықаралық келісімдерге қарағанда Ресейдің негізгі заңдарына артықшылық беру қарастырылған.

- Заң жобасындағы өзгертулер парламент тарабынан қабылданғаннан кейін "жалпы халықтық дауыс беруге" шығарылатыны жазылған.

Путин Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсынысты 15 қаңтарда білдірген. РБК ақпаратына қарағанда, жалпы халықтық дауыс беру 12 сәуірге жариялануы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475