Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
2942 5 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 10:51

Иран украиналық "Боинг" ұшағын екі зымыранмен атып түсіргенін мойындады

Иранның азаматтық авиация ұйымы украиналық "Боинг" ұшағының апатқа ұшырауы туралы екінші есебін жариялады. Құжатта ұшақ Ресейде шығарылған "Toр-M1" зенитті-зымыран кешенімен "жер-әуе" санатына жататын екі зымыранмен атып түсірілгені айтылған. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Иран билігінің мәліметі бойынша, ұшақ Тегеран әуежайынан ұшқанына алты минуттан соң негізгі радар экранынан жоғалып кеткен. Зымыран тиген ұшақ бағыттан ауытқып, қатты жылдамдықпен қоғамдық саябаққа құлаған.

Әлеуметтік желілерде бақылау камерасы түсірген видео тарады.

Есепте Иран құлаған "Боинг" ұшағының "қара жәшігін" зерттейтін техникалық мүмкіндік жоқ екенін мойындады. Bloomberg мәліметі бойынша, Франция мен АҚШ мұндай құрылғыны Иранға беруден бас тартқан. "Қара жәшік" тағдыры әзірге белгісіз.

Тегераннан Киевке ұшқан "Боинг" ұшағы 8 қаңтарда апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 176 адам қаза тапты. Олардың дені - Иран мен Канада азаматтары.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576