Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3484 0 пікір 22 Маусым, 2009 сағат 09:40

Нұрлан МЕРАЛЫ. ДҮР АТАНҒАН ДАРАБОЗ ДАРЫН

Алты алаштың анасы атанған Сыр бойының бір бөлшегі саналатын киелі Қармақшы өңірінің жүз жүйріктің отаны атануы тегін емес болса керек. Алдыңғы дәуірлерді айтпағанда он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы мен өткен XX ғасырдың басында бір топ жыр жұлдыздары топ жарып шықты. Сол жүйріктер шоғырының көрнекті өкілі - Оңғар жырау Дырқайұлы болатын. Бар жоғы қырық үш жылдық қысқа ғұмырында артына өшпес мол рухани мұра қалдырған орақ тілді, от ауызды арқалы ақын, жампоз жыршы, сырлы сазгер сол кездегі Қазалы уезіне қарасты Қармақшы ауданының Жамансыр болсындағы 3-ауылда (қазіргі Жаңажол қонысы) 1859 жылы қарапайым отбасында дүниеге келіпті.

Халықтың өзі дүр атандырған тау тұлғалы таланттың өнегелі өмірі мен шығармашылық еңбегін жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту мақсатында аудан әкімінің өкімімен биылғы жыл "Дүр Оңғар жылы" аталып, бір жарым ғасырлық мерейтойын облыстық деңгейде өткізудің бағдарламасы жасалды.

Аудан халқына танамал ардагер ақсақалдар Сұлтан Сармолдин және Әбдірей Бөрібаевтың төрағалығымен жыл басында "Дүр Оңғар ақын атындағы қоғамдық қор" ұйымдастырылып, Жосалы кентінің көрікті тұсынан шығыс үлгісіндегі сегіз қырлы  күмбезді ескерткіш кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Осы ізгілікті мәдени шаралардың бастамасы ретінде жуырда Жаңажол ауылында Дүр Оңғар жылының тұсау кесер рәсімі өткізілді. Тойдың топжиярында аудан әкімі Биғали Қаюпов мемлекет басшысының "Мәден мұра" бағдарламасын жергілікті өңірді жүзеге асыру мақсатында қолға алынған кезекті шара барысында атқарылатын жұмыстардың барысын баяндады. Бұл орайда ақын туындыларынан жинақ құрастырып, дәстүрлі жыр өнерін зерттеуші ғалымдар мен өнерпаз жастардың қатысуындағы деректі фильм түсіру сынды басқа да танымдық тұрғыдағы іргелі ізденістердің барын білдік.

Өшпес өнер иесінің ауызекі тілдегі жауҺар жырларын ұрпаққа сабақтастырған Мардан  Байділдаев пен Тынышбек Дайрабай сынды көрнекті ғалымдар мен Үбісұлтан Аяпов, Әлқуат Қайнарбаев, Әбдірәуық Тұрмағанбетұлы, Үбіжар Толыбековтердей жергілікті азаматтардың ерен еңбегі айрықша атап айтылды.                                             - Мәселен мына бір өлең сөздерден үлкен философиялық түйінді аңғармау мүмкін емес, - деді Биғали Әбдікерұлы. - Бәлкім поэзия тілімен жүйленген жұмбақ деуге болатын шығар. Бабамыздың терең түйсіктегі, ұшқыр қиялының жемісіндей көрінетін жыр жолдарында адамдық ғұмырға зор маңыз берледі. Бір дария таяздайды кешкен сайын (өмірдің өте беруі, жандының өлуі); Бір нәрсе қыза түседі өшкен сайын (нәпсі құмарлық); Бір дарақ өсе түседі кескен сайын (ұрпақтың өсіп-өнуі); Бір түйін күрмеледі шешкен сайын (қиял, арманға берілген сайын ұшына жетпеу); Бір тесік тарылады тескен сайын (дүние қысқалығы); Бір шарбат жан тоймайды ішкен сайын (бала сүю тәттілігі); Бір көлік қалмайды артта көшкен сайын (ұрпақтар жалғасы); Бір арқан тарқатылады ескен сайын. (ой, тілек); Алдыңда көрінеді бір асқар тау (үміт); Жақындап, ұзарады жеткен сайын (адам өмірі, ажалы).                                                                                                           Қызылорда облыстық мәдениет басқарамасының бастығы Берік Жүсіпов өз сөзінде биылғы мерейтой барысындағы шаралар Сыр сүлейлерінің алдыңғы қатарында тұрған Балқы Базар жыраумен иық теңестіретін Дүр Оңғар ақынның мол мұрасын өскелең жастарға тағылым ету үшін зерделеу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажетігін алға тартты. Аймақ басшысы Болатбек Қуандықовтың қолдауымен облыстық бюджеттен қарастырылған қомақты қаржының негізінде Қызылорда қаласында өңірлік жыршылар байқауы мен ғылыми-танымдық конференция өткізу жоспарға енгізілгенін есіттік.

- Оңғар Дырқайұлының басқа замандастарынан өзіндік бір ерекшелігі тарихи сөз құнарын жаңа заманғы үрдістермен байытудағы қызметінен анық байқалады. Ақынның шығармаларында діни түсініктер мен ескі ұғымдардан ада таза да терең қазақ дүние танымдық  өлшемдер кеңінен қолданылған,-деді филология ғылымдарының докторы, фольклор зерттеуші профессор Бағдат Кәрібозұлы. - Әсіресе оның өлеңдерінен сол кезеңмен үндестікті аңғаруға болады. Демек толғаулары тұтастай публицистикалық сарынға құрылған. Яғни біз ұлттық поэзиямыздың біршама есейгендігін көреміз. Кешегі кеңестік жылдардың тамаша туындылары көқктен түскен жоқ. Осындай құнарлы топырақтан өсіп шықты. Сондықтан кәсіби жазба әдебиетіміздің бұрынғы үрдістерін қайта жаңғыруға сүбелі үлес қосқан өзіндік стилі бар дарабоз дарынды әр қырынан көрсету борышымыз әрі парыз.

Париж сахнасында еуропалықтарға қазақтың қарапайым да қасиетті домбырасының үнін тұңғыш рет паш етіп, халық әнін әулеткен Әміре Қауашбаевтың тарихи сапарынан соң ұзақ жылдардан кейін француз ұлтының өкілдерін Сыр сүлейлерінің мақамымен таңырқатқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің профессоры Алмас Алматовтың айтуынша "дүр" - сөзі "ең асыл" - деген мағына беретін ұлағатты тіркес көрінеді.

Оңғар Дырқайұлының 150 жылдық мерейтойы жер-жерде жүйелі жалғасын тауып, алдағы күз айының бірінде туған елінде қорытындалатын болып келісілді.

Қызылорда облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504