Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2122 0 пікір 13 Қыркүйек, 2011 сағат 06:43

Мұхтар Шерім. Ештеңенің керегі жоқ!

Миллиардердің баласы еріккен күні Каспий теңізінде балық аулап отырған. Қармағының қалытқысы бүлкілдей бастағанда, тартып қалып еді, құйрығы күнге шағылысып, алтын балық жағада жарқ-жұрқ етіп жатты. Кәдімгі ертегідегі алтын балықтың өзі! Быттиған беттерінің арасына мұрыны «жасырынып» қалған байдың баласы, қолына ұстай беріп еді, алтын балық сөйлеп қоя берді.

- Мырза, мен алтын балықпын ғой...

- Болсаң қайтейін?

- Алтын балықпын деймін...

- Немене, мені алтын көрмеді деп пе едің?

- Үш тілегіңізді айтыңыз, орындайын. Сосын мені жібере салыңыз...

- Менде тілек жоқ...

- «Мемлекеттік тіл» дегендеріңізбен, қазақ тілдеріңіз мүгедек екен. Шала қазақтарды қазақша сөйлетіп  жіберейін бе?

- Зачем?-деп ыңыранды миллиардердің баласы.

- Орыстардың  «Лад» деген қозғалысы тілдеріңізге шабуыл жасай береді екен. Ауыздарына айран құя салайын ба?

- Маған қызық емес...

- Алтын керек пе?

- Итак навалом менде...

- Үш емес, үш жүз тілек айтыңызшы, ауа жетпей бара жатыр...

- Ой, не надо мне тілек...

- Мұнай беремін...

- Мұнай папамда бар...

- Қымба-ат маркалы машина берейін...

- Жер бетіндегі қымбат машина  өзімде... Керек емес!

- Айналайын... жіберші мені... Атың кім?

- Талтаңбай...

- Жасың нешеде?

- Жиырма сегізде.

- Менен бір жас кіші екенсің... Інішек, жібере салшы, үстім кеуіп барады...

- Жібермесем ше?

- Тілектеріңді орындамаймын...

- Орындамай-ақ қой... Менде бәрі жетеді...

- Ит адам екенсіз!-деді алтын балық жыламсырап.

- Немене, немене?

- Жүрегіңіз мрамор екен...

- Кончай, а? Маған ештеңенің керегі жоқ!

- Олай болса, тәңір жарылқасын, мені теңізге лақтырып жіберіңіз...

- Ішім пысып отыр... Карта ойнай аласың ба?

- Ойнайын.

- Қандай түрін? Преферанс, күліс...

- «Қара қатын»...

- Кеттік!

Байдың баласы қалтасынан  алтылық ойын картасын шығарды. Алтын балық алқынып:

- Егер мен жеңіп, сіз «қара қатын» болсаңыз, мені жібересіз бе?

- Көреміз...

Екеуі жағада карта ойнай бастады. Байдың баласы ұтылып, «қара қатын» атанды. Қуанып кеткен алтын балық:

- Қара қатын, қара қатын! Негр қатын!-деп құйрығымен мұның бетіне шапалақтады. Сосын мұңайып:

- Мені теңізге жіберіңізші...-деп өтінді.

- Жібермеймін...

- Қатын екенсіз ғой!

- Немене, немене?

- Кейбір екі жүзді әйелдер сияқты екенсіз деймін...

- Кончай, а? Қазір уысымда тұрсың, бір сықсам, ішек-қарның аузыңнан шыға­ды!

- Сізді депутат етіп жіберейін...

- Ненавижу... маубас депутаттарды...

- Сенатор...

- Керегі жоқ.

- Енді кім болғыңыз келеді?

- Құдай...

- Кешіріңіз, құдай етуге құдыретім жетпейді... Өйткені, Құдайдың өзі мені жаратты... -деген алтын балық талықсып бара жатты. Сосын көздерін сығырайтып ашып:

- Інішек, мен өлген соң, денемді  теңізге лақтырып жіберші... «Су баласы суға қарап өседі» дейді біз жақта... -деді де, жыбыр-жыбыр етіп барып, жүре берді...

- Зачем?-деді байдың баласы, --сен маған өлген соң ғана қымбатсың!

Шынында солай болып шықты, ештеңені керек етпейтін кеңкелесіміз балық­ты күнге кептіріп, қақтады да, сыртына лак жағып, жылтыратып, әйелінің алтын  «цепочкасына»  тағып қойды... Ит балық болса, лақтырып жіберер еді, алтын балық қой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498