Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3616 3 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 10:55

Путин 2024 жылдан кейін "жетекші" рөлден бас тартпақ

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы өкілеттігі аяқталғаннан кейін "жетекші" рөлден бас тартады. Ол осылай деп Сочидегі "Сириус" білім беру орталығында студенттермен кездесу кезінде мәлімдеді.

"Жетекші" рөлі туралы студенттің бірі сұрады. Путин мемлекет басшысынан жоғары тұратын институттың болуы "қос билік туғызып, елді құрдымға апарады" деп жауап берді.

Путин Липецк облысы тұрғындарымен де кездескен. Онда ол парламенттік басқару тиімді деп есептемейтінін мәлімдеген.

Президенттің пікірінше, елде көпжылдық тәжірибесі бар партия жоқ. "Партиялардың дені нақты тұлғамен байланысты. Мысалы Жириновский бар, ЛДПР бар, Жириновский жоқ...", – деген Путин.

Президент сонымен бірге Ресей ірі территориясымен мықты президенттік билікті қажет етеді деп, басқа басқару жүйесімен тәжірибе жасамаған абзал деген.

Путин бір апта бұрын Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол Мемлекеттік кеңесті қайта жаңғырту рөлін ұсынды. Қазіргі оппозиция Путин 2024 жылы биліктен кетсе, Мемлекеттік кеңесті басқарып билікте қала бергісі келеді деп қауіптенеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2018