Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2353 2 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 10:56

Сирияда әуе соққысынан ондаған адам мерт болды

Сирияда Ресей бастаған күштердің әуе соққысынан кемінде 40 адам мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігі куәлар мен құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, елдің солтүстік-батыcындағы шабуылдан 350 мыңға жақын тұрғын үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болып, он мыңдаған адам Түркияның шекарасына қарай қашқан.

Желтоқсанның ортасында Сирияның үкіметтік күштері орыс авиациясының қолдауымен Идлиб провинциясында шабуыл жасаған. Ол оппозицияның бақылауындағы Евфрат дариясының батыс жиегіндегі соңғы аймақ болып есептеледі. Гуманитарлық ұйымдардың ақпаратына қарағанда, желтоқсандағы әуе соққысынан 22 адам мерт болған. Мұнан бөлек ауруханалар мен мектептер талқандалған.

Мәскеу мен Дамаск бұл айыптауларды теріске шығарып, радикал экстремистердің позицияларына ғана соққы жасалып жатқанын білдіріп келген.

АҚШ басында тұрған халықаралық коалиция Сириядағы радикал исламшылдарға қарсы күресін 2014 жылы бастаған. Коалиция Сирияның демократиялық оппозицияшыл күштерін қолдайды.

Ресей болса Сириядағы әскери кампаниясын 2015 жылы 30 қыркүйекте бастаған. Коалиция Сирияның президенті Башар Асадты қолдағандығы үшін Мәскеуді бірнеше рет сынаған. Батыс елдері Асадты адам құқықтарын жаппай бұзып жатыр деп айыптап келеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2019