Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 14:44

«Нұр Сұлтан» әуежайында 11 рейс тоқтатылып, 38 рейс кешіктірілді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 38 рейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды,-деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ұшақтың басқа қалалардан кеш ұшуы және ауа райының қолайсыздығына байланысты 22 әуе рейсі кейінге қалдырылды. Олар:

-«Эйр Астана» авиакомпаниясының 9 рейсі (соның ішінде Омск, Ташкент, Мәскеу және Киевтен халықаралық рейстер бар),

- SCAT авиакомпаниясының 8 рейсі (соның ішінде Улан-Батордан, Мәскеу мен Прагадан халықаралық ұшулар бар),

- Qazaq Air - Алматы мен Қостанайға 2 рейсі,

- Fly Arystan авиакомпаниясының Павлодар, Алматы және Қостанай қалаларына 3 рейсі.

Ұшақтың басқа қалалардан кеш келуімен және әуежайда ауа-райының қолайсыздығынан 16 рейс кешеуілдейді. Олар:

-«Эйр Астана» авиакомпаниясының 6 рейсі (соның ішінде Ташкент пен Киевке халықаралық рейстер бар),

- SCAT авиакомпаниясының 6 рейсі (соның ішінде Мәскеу мен Прагаға халықаралық рейстер бар),

- Qazaq Air және Fly Arystan авиакомпанияларының 4 рейсі кешігеді.

Сонымен қатар, Lufthansa (Франкфуртқа), Turkish Airlines (Стамбұлға), Лот ( Варшаваға), Эйр Астана, Qazaq Air, SCAT компанияларының 11 рейсі тоқтатылды.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Бұған дейін «Нұр-Сұлтан» әуежайында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 32 рейс кешіктірілгені хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2019