Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3786 0 пікір 16 Қыркүйек, 2011 сағат 05:24

Еркебұлан Әлімханұлы. Қытай қаупі қайтсе сейіледі?

Жақын барып үңілмесең жауыңа,

Шығам деме ұлы жеңіс тауына.

М. ШАХАНОВ «Отырардың күйреуі»

 

Түріктердің шығыстағы шекарасы Сарыөзеннен (Хуанхэ) басталатын. Бүгінгі Қытайдың ортасында тұрған Қытай қорғаны Қытайдың Батыс шекарасы болатын. Ал бүгін Сарыөзен қайда, түркілер қайда? Қытай қорғанымен Түркінің ұрпағы тәуелсіз Қазақ елінің арасындағы шекара қайда? Тіпті бүгінгі шекараға қарап сонау Қытайдың ортасында жатқан қорғанды түркілердің ата-бабасы ғұндардан қорғану үшін салған дегенге сенудің өзі қиын сияқты...  Қытай мысықтабандап жылжи отырып, Сарыөзеннен Ертіске дейін келді, ал Еділге дейін жете ала ма?...

Тарихқа жүгінсек, бірнеше рет Еділге жетуге ұмтылған екен. Ғұндар екіге жарылған соң, солтүстік ғұндарды жұта отырып Жетісуға дейін жетті, бірақ Таң империясының тұмсығы Жетісудан ілгері жылжымады. Ішкі қырқыстардан кейін мұндағы топрақты тастап кетуге мәжбүр болды.

Артынан Таласқа дейін жетті, бірақ 751 жылы Атлақ шайқасында мұсылман Түркілердің әскерінен жеңіліп қайта шегінді.

ХІХ ғасырдың соңында Ұлытауға жақындады. Алайда «Шүршіт қырылғаннан» кейін қайтадан кері шегінді. Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан заманындағы бірлік қана қазақты жойылып кетуден аман сақтап қалды.

Жақын барып үңілмесең жауыңа,

Шығам деме ұлы жеңіс тауына.

М. ШАХАНОВ «Отырардың күйреуі»

 

Түріктердің шығыстағы шекарасы Сарыөзеннен (Хуанхэ) басталатын. Бүгінгі Қытайдың ортасында тұрған Қытай қорғаны Қытайдың Батыс шекарасы болатын. Ал бүгін Сарыөзен қайда, түркілер қайда? Қытай қорғанымен Түркінің ұрпағы тәуелсіз Қазақ елінің арасындағы шекара қайда? Тіпті бүгінгі шекараға қарап сонау Қытайдың ортасында жатқан қорғанды түркілердің ата-бабасы ғұндардан қорғану үшін салған дегенге сенудің өзі қиын сияқты...  Қытай мысықтабандап жылжи отырып, Сарыөзеннен Ертіске дейін келді, ал Еділге дейін жете ала ма?...

Тарихқа жүгінсек, бірнеше рет Еділге жетуге ұмтылған екен. Ғұндар екіге жарылған соң, солтүстік ғұндарды жұта отырып Жетісуға дейін жетті, бірақ Таң империясының тұмсығы Жетісудан ілгері жылжымады. Ішкі қырқыстардан кейін мұндағы топрақты тастап кетуге мәжбүр болды.

Артынан Таласқа дейін жетті, бірақ 751 жылы Атлақ шайқасында мұсылман Түркілердің әскерінен жеңіліп қайта шегінді.

ХІХ ғасырдың соңында Ұлытауға жақындады. Алайда «Шүршіт қырылғаннан» кейін қайтадан кері шегінді. Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан заманындағы бірлік қана қазақты жойылып кетуден аман сақтап қалды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қытай Қазақстанға «сапарын» қайта бастады. Осыған дейін бізді Қытайға жұтылу кетуден құтқарған ата-бабаларымыздың ерлігі ғана емес, Қытай территориясындағы империялардың өз ішіндегі алауыздығының себі тиіп еді. Сарай төңкерістері мен өзара соғыс, жағрапиялық ұзақтық бізге толық қуатын төгуге мүмкіндік бермеді, бізді құтқарып отырды. Қысқаша айтқанда «тарих сәттілігі» біз жақта болыпты. Ал ХХІ ғасырда мұндай «кездейсоқ оқиғалардың» орын алуы қиын және жағрапияның ұзақтығы технология заманында сөз емес.

Тағы да сол тарихты парақтасақ, біз осыған дейін Қытайдың кейбір тайпаларын да жұтқанбыз, Қарақытайлар соның айқын дәлелі. Әйгілі антрополог О. Ысмағұлдың деректеріне сүйенсек, қазіргі қазақтардың ата-бабасы еуропа нәсілдес болатын, ендеше сол ішкі Қытайдағы қырқыстардан қашқан, одан кейін Шыңғысхан заманында келген тайпалар жергілікті халықпен сіңісіп, біздің бет-пішінімізді өзгертіп жіберген. Яғни, оларды сіңіру тәжірибеміз бар, алайда ұлтшылдық, мемлекетшілдік, ұлттық болмыс сияқты ұғымдар үстемдік құрған қазіргі заманда оларды сіңіру мүмкін емес. Ал біздің сіңуіміздің мүмкіндігі жоғары. Өйткені Қытайда «бір отбасында бір бала ғана болу» саясатының жүзеге асуына байланысты ерлердің саны әйелдерге қарағанда әлдеқайда көп және сыртқа жұмыс іздеп шығатын мигранттар негізінен ер адамдар болып келеді. Бұлар жергілікті халықпен араласса (ал еліктегіш қазақ халқы араласуға бейім екені баршамызға аян),  онда еңбекқор қытайлар саясат пен бизнеске белсене араласып, аз ғана жылдың ішінде мемлекеттің жоғарғы элитасының қатарынан орын алу қабілеті жоғары. Сөзімізді дәлелдеу үшін Қытайдың бірнеше көрші елдеріндегі мигранттардың жағдайын келтіре кетуді жөн көрдік.

Оңтүстік Азия елдеріне Қытайдың ықпалы бұрыннан жоғары болатын. Бұл елдердің халқының санының белгілі бір пайызы этникалық қытайлар екені белгілі. Ал соңғы жылдары бұлар тұрып жатқан елдерінде үлкен күшке айналғаны көрініп отыр.

Тайландта 9-10 миллион шамасында этникалық қытай тұрады, алайда ғасырлар бойына келе жатқан қарым-қатынастардың нәтижесінде тайлықтармен араласып кеткен қытайлықтарды қоссақ, олардың саны 30 миллионға жуықтайды. Ал бұлардың мемлекетттегі ықпалын, қазіргі премъер-министрінің және бұдан бұрынғы премерлерінің де көпшілігінің Тайландтағы ең бай 40 адамның 30-дан астамының түбі қытайлық екеніне қарап аңғаруға болады.

Малайзияда 6,390,900 этникалық қытай бар, олар жалпы халықтың 24,6% құрайды.[1] Малайзияның ірі кәсіпкерлерінің басым бөлігі осылар болып табылады. Олар Малайзияның экономикасын уысында ұстап отыр деп айтуға да болады, мұны мемлекеттік салықтың 90 % төлейтініне қарап-ақ байқауға болады, тиісінше этникалық ханьдардың табысы малайлардан жоғары, бұл әрине, екі халық арасында алауыздыққа ұрындырып отыр.

Индонезияда 2,5 миллиондай (1,2 %) этникалық қытай бар. Халықтың 1 пайыздан астамын құрайтын бұлар, экономиканың басым бөлігін (70%) қолдарында ұстап отыр. Көптеген ірі концерндер мен шағын және орта бизнес иелері Индонезиялық қытайлар. Мемлекеттің көптеген жылдар бойына жалғасқан қытай бизнесмендерін ауыздықтауға тырысқан саясатына қарамастан олар мұндай дәрежеге жетіп отыр. Индонезиялық қытайлардың демеушілігімен құрылған ханьдардың мүддесін қорғайтын саяси партиялар, басылымдар мен саясаткерлер жетерлік.

Ханьдардың ролі бұл аймақтағы Сингапур, Камбоджа, Филиппин, Въетнам бастаған басқа да елдерде жоғары. Бұл елдерде де олар өз бизнестері мен шаруаларын дөңгелетіп отыр және билікке айтқандарын жүргізе алатын дәрежеде. Тіпті аралдағы Жапонияның өзінде 655,377[2] этникалық қытай тұрып жатыр, олардың арасынан әр салада Жапонияға танымал болған тұлғалар да шығып жатыр.

Көріп отырғанымыздай этникалық қытайлар мейлі олар халықтың 1 пайызын құрасын, мейлі 50 пайыздан астамын құрасын Оңтүстік Азияның кез-келген елінде дәурені жүріп тұр.

Қазақстандағы этникалық қытайлардың саны нақты қанша екені белгісіз. Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда 2009 жылы 300 мың шамасында Қытай азаматының Қазақстан территориясында жүргені анықталып отыр. Ал одан бергі екі жыл ішінде бұл санның қаншалықты өзгергені беймәлім.Бірақ бұл жерде назар аудара кететін жәйт, ақпарат агенттігі Қытай азаматтары туралы мәлімет беріп отыр, яғни, олардың арасында қандастарымыз бен ұйғыр ұлтының өкілдерінің саны басым болғандықтан Қазақстандағы ханьдардың нақты санын білу қиынға соғып тұр.

«Сананы тұрмыс билеген заманда» Қазақстан үшін Қытайдың экономикалық қуаты маңызды. Қытай экономикасының біз үшін локомотив болу мүмкіндігі бар екені қазақ экономистері тарапынан жиі айтылады, тіпті АҚШ-Канада байланыстары сияқты Қытай-Қазақстан қатынастарын жасау мүмкіндігі қарастырылып, осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрине, экономикалық әлеуеті біз қаласақ та, қаламасақ та бізге әсер ететін болады. Сондықтан онымен қарым-қатынастарды жандандыру ең тиімді жол болып табылады.  Өйткені шекараны тарс жауып алсақ, онда держава пайдасы үшін күш қолданатын болады. Сондықтан ел қауіпсіздігін сақтау үшін реалист ғалымдардың теориясына жүгінсек болады. Реалистік теорияда державаға жақындасудың бірнеше тәсілі бар. Соның ішінде «шакалдық жақындасу» деп аталатын, жақындасу. Бізге ыңғайлысы -осы. Яғни пайдаға ортақтасу үшін күшті державаға жақындаймыз, бірақ теңшерілімді (баланс) сақтайтын боламыз. Қазақстанның жүргізіп отырған бұл саясатының тиімділігіне тарих бағасын бере жатыр, алайда біз үшін дәл қазір бұдан басқа жол жоқ...

Әрине, Қытай сарапшыларының бізге қатысты таңдаған өздерінің теориялары бар екені де анық. Әлем елдерінде Қытайға қатысты шығып жатқан кітаптардың барлығын аударып, мақалаларды сүзіп отыратын бұл елдің сарапшыларының ой түкпірінде не жатқанын дөп басып айту қиын. Осы жерде ТМД мен Орталық Азияға маманданған қытайлық саяси зерттеушілердің, түрлі құпия комитет сарапшыларының орысшаға жетік болғанымен қазақ тілін білмейтінін айта кеткен жөн. Ал Қауіпсіздік Комитетіне жақын біздің зерттеушілеріміздің айтуынша, қазақ тіліндегі маңызды мәліметтерді алу үшін аталған зерттеушілер сол жақтағы кейбір қандастарымызды пайдалынып отырса керек (бұл мәліметтің анық-қанығы бізге беймәлім болғандықтан, осындай әңгіменің бар екенін ғана айта кетуді жөн көрдік).

Аждаһа жан-жағындағы басқа мақұлықтарды көзге ілмейді, жолында тұрса езіп болмаса аттап өтіп кетеді. Әлемдегі ең ежелгі өркениеттердің бірі саналатын аждаһа  елі де талай елдерді жұтып қойған, сан ғасырлық тарихы бар сыртқы саясат пен дипломатиялық тәжірибесі жинақталған мемлекет. Қытай мемлекетінің негізгі ұлты саналатын жұңғо - көптеген халықтар мен елдердің интеграциялануы, бірігуі нәтижесінде пайда болған. Жұңғоларға сіңіп кеткен соңғы ұлттардың бірі - бір кезде оларды жаулап алған, бүгінгі Қытайдың негізін салған манчжурлар еді. Яғни, жұңғо да «американдық ұлт» сияқты құрамалардан құралған ұлт болып табылады. Демек, мұндай құрамалардан құралған мемлекеттің сан ғасырлық ұлттарды сіңіру немесе интеграциялау тәжірибесі қалыптасқан. Бұл тәжірибелердің өзегін төмендегі философиялық ойларда жатыр.

Атақты философ Конфуций көз жұмарының алдында жан-жаққа тараған шәкірттері жиналып, соңғы өсиетін айтар деп күтіпті, бірақ тілден қалған ұстаздары сөйлейтін халде емес еді, ажалы таянған ойшыл аузын ашады, шәкірттері үңіліп қараса тіссіз иектің арасынан тілін көрсетіп тұр екен, сонда шәкірттері ұқтық депті. Философ «қатты тісіңмен емес жұмсақ тіліңмен бар, жұту оңайырық» дегенді өсиет етіп қалдырыпты. Сондықтан бұл ел ешқашан тісін ақситпайды, қайта алдыңа тізерлеп келіп, иіліп отырып, күлімсіреп құшағыңа кіреді.

Цин Ши Хуанның философиясы «аспан астында бір патшалық құру», яғни әлемде бір ғана ел болады, сондықтан қайда жүрсең де өз еліңде жүргендей сезінуің керек. Дәл осы ойды ту етіп ұстаған патшаның бірнеше мемлекетті біріктіргені тарихтан белгілі. Бұл филосифия соңғы жылдары қайта оянған Қытаймен бірге жаңғырып, кең етек жайып келеді, тіпті елдің «астыртын» идеологиясына  айналғандай...

Аждаһа әрине, қауіпті бірақ кезінде мұз дәуірінде дәл осы алыптар жойылып майдалар аман қалған жоқ па еді? Демек, аждаһаның да осал тұсы бар.

 

Түйін

Біз қанша тырыссақ та ханьдардың елімізге миграциясын тоқтата алмаймыз. Егер миграцияны тоқтату мүмкін болса қуатты АҚШ Латын Америкасынан келетін ағынды әлдеқашан тоқтатқан болар еді. Мигрант ханьдар дамыған елге көшетіндіктен олар Қазақстанды Ресей мен Батыс Еуропаға кететін транзит ретінде пайдаланатын болады. Бұл транзит Шығыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық жолының ашылуымен үдейтін болады.

Мемлекеттің арнайы саясаты арқасында ғана Шыңжаң аймағындағы этникалық қытайлардың үлесі 50 пайыздан енді асты. Олардың бұл аймақты толтыру үрдісі әлі осы ғасырдың ортасына дейін созылатын түрі бар, ендеше ханьдар ол жақты толтырғанша біздің елге жаппай ағыла қоймайды.

Мигранттарды тоқтата алмайтынымызды айттық, Қазақстанда халық санының (оптимистік болжамдарда ғасыр ортасында 25 миллион шамасында боламыз), яғни, жұмысшы күшінің аздығы бар, Қытай инвестициясының алдағы уақытта тек қана арта беретіні тағы бар, алдағы уақытта Қазақстанда заңды және заңсыз жолмен жүретін ханьдардың саны миллионнан асатын болады.

Ал қазақтарды Қытай экспансиясынан қорғайтын бірден-бір жол, ол халықтың бойындағы «Қытай фобиясы». Қазақтардың бойындағы бұл қорқыныш сақталатын болса, онда билікте, басқа да бұл мінезді ескеріп, соған орай әрекет ететін болады.

«Абай-ақпарат»


[1] http://en.wikipedia.org/wiki/Malaysian_Chinese

[2] http://en.wikipedia.org/wiki/Chinese_people_in_Japan

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547