Бейсенбі, 28 Қараша 2024
46 - сөз 4842 7 пікір 30 Қаңтар, 2020 сағат 13:01

Ақыл айтып ақша табатындар көбейіп кетті

Соңғы бір айдың ішінде кәсіп ашып, үлкен бизнесмен болып отырған 4-5 әйелмен кездестім. Солардың өміріне қарап отырсаң, біреуі бизнес тренинг пен семинарда болып көрмепті. Біреуінің өмірі тіпті қызық. Ол кісі басында көшеде арба сүйреп жүріп шәй мен ыстық бәліш сатыпты. Қыс қақап тұрғанда қалың киініп алып көшеде, жолдың жиегінде тұрған екен. Содан біраз ақша жинап алып асханасын ашқан. Одан кейін мейрамхана, наубайхана салыпты.

Тағы бір әйел Қапшағайдан күйеуі екеуі қалаға темір-терсек тасып жүріпті де, екі жылдан кейін киім тігетін цех ашып алыпты. Олар да сөйтіп қара жұмыс істеп жүріп көтерілген. Бизнес ашқысы келетін адамда ең алдымен ішкі ұмтылыс, тиыннан теңге құрағысы келетін мақсат болуы керек екен. Ең бірінші істің көзін тап, сосын барып кіріс.

Кейінгі кезде семинар, бизнес тренингтен көз ашпайтын болдық. Елге ақыл айтып ақша табатын бизнесі жоқ бизнесмендер көбейіп кетті. Бар ақшасын сонда салып, бизнесі жүрмей қалған соң өзіне қол жұмсағандар да бар екен. Одан да істің көзін тауып, сол ақшаға тәуекелдеп өз бетіңнен бизнес ашып көрші, сол саған семинар да, бизнес тренинг те, өмірлік сабақ та болады!

Жолымбет Мәкіштің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1568
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3376
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6470