Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1959 0 пікір 16 Қыркүйек, 2011 сағат 08:30

Ва, шіркін, Вахтанг!

...Қол қоймағандардың қатарынан табылған әйгілі әншіміз Бибігүл Төлегенова кеше арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, біздің орыстілді әріптестеріміздің алдында жатта кеп ақталды.  Ақталатындай жөні бар екен,  Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын!» деп, ашық хат жазып, Алматыда ала шапқын болып жүргенде апамыз Түркияда демалып жатыпты.  Өзі тап осылай деді. Дегенде, тіпті, былай деді: «... На то пашло, турасын айтқанда, мен ол кезде Түркияда, теңізде, күнге қыздырынып демалып жаттым!»

Оқырманның есіне сала кетейік. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына ашық қарсы шығып, қазақ ұлтын қорлап сөйлеген бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне Заң тұрғысынан бақылау қажеттігін айтып ашық хат жазған зиялы қауым өкілдерінің  қатарында Бибигүл Ахметқызы да болған-мыс. Ашық хатта Ата заңымыздың 7-ші бабының екінші тармағын, яғни, «орыс тілі ресми түрде мемлекеттік тілмен тең қолданылады» деген жолды алып тастау жөнінде орынды ұсыныста айтылған-ды. Бұл ұсыныстың өзі Конституцияның 7-бабы толыққанды жұмыс істеуі керек деген талаптан шыққан (аталған бапта «Мемлекеттік тіл - қазақ тілі» ).

Хош, сонымен апамыздың әңгімесіне оралайық. Ашық хаттқа қол қоймағанын азар да безер болып түсіндірген Төлегенова  Қазақстандағы аса қадірлі тілде төгіле отырып «біз орыс тілінде бәрібір сөйлейміз, сөйлей беретін боламыз» деп бір-ақ қайырды. Поу, деген-ай десеңізші! Дұрыс қой, апамыздікі. Бұл адамдардың буыны отаршыл орыс мәдениетінің ықпалында өсті. Көгерді, көктеді. Жарты әлемді жамбасына басқан КСРО-ның (СССР-дің) көгінде жұлдыздай жарқырады. Мойындауымыз керек, қазақты бұратана санаған импершіл саясаттың ішінен саңлау тауып қайткенде қазақ үнін естіртті. Советтік «ұлы достық» аясында тербеліп, елдің алақанында әлпештелді.  Сондықтан олар үшін өткенді өшіріп тастау - қиянат. Әйткенменде, олар қиянаттың зорына қыңқ етпейтін ұрпақ болып шықты (бұл арада қазаққа түкіргені бар Болат Аюханов сияқтыларды ерекеше атағанымыз жөн шығар. Қараңыз: Болат Аюханов: «Маған Алатау мен мал Отан емес» www.abai.kz/node/9443 ) Аюхановтардың қатарына енді қынжыла отырып Бибигүлдей саңлағымызды қосамыз ба, қайтеміз? Неге десеңіз, «қазақ  қаңғып дөй далада көшіп-қонып қана жүрген, қаласы да, мәдениеті де болмаған, бәрінен жұрдай тобырлардың қауымы» дейтін қорлық сөзге шыдамай ашық хат жазған жұрттан жырылып, жақсы атануға тырысқан апамыздың аяқ астынан құбыла қалғаны жанымызға батуда. «Қазақтың киіз үйі - қаңғыбастардың лашығы екен. «Қазақ ұлт емес» екен. Бүтін бір ұлтты бұдан артық қалай сорлатуға болады? Соның біріне намысы жанбай кенеттен кері сөйлеген  апамызға айтарымыз болмай тұр. Айналайын апасы-ау, заман қазір өзгерді ғой. Сіздің байтақ отаныңыз Мәскеу емес - Астана! Туған еліңіз, Сіздің бар жоғыңызды білмейтін орыс емес, Сізді әлпештеп алақанында ұстап келе жатқан - қазақ! Сіздің бұлбұл үніңізді Мәскеу ұқпайды. Сіз алдымен қазаққа керексіз. Қазақ Сізге керек. Бір басыңызға жететін атақ даңқтың бәрін алып болған, асарыңызды асап, жасарыңызды жасап қойған  Сізге не көрінді сонша, тәйір-ау?.. Әлде, Астанадағы біздің ақжағалы ұлықтардың алдында қылдан тайып кетемін бе деп үрейленесіз бе? Солай сияқты... Солай сияқты деуімізге себеп - Бибигүл Төлегенова жуырда Елордамыздың төрінде ән шырқамақ көрінеді. Өзіне хабарласқанымызда ол Астанада  репетиция жасап жатқанын айтып, әңгімеге уақытының жоқтығын білдірді. Шамасы, апамыз Астана жұртына  үлкен бір концерт  бермек. Алайда біз Төлегеновадан хатқа қол қойғаны, я, қоймағаны туралы емес, Вахтанг Кикабидзе туралы сұрағымыз келіп еді.

Вахтанг Кикабидзе. Гүржі мен Ресейдің халық әртісі. Біздің апамыз да КСРО мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына сахиб. Ваха ағайдың да, біздің апайдың да Совет өкіметінен көрмеген жақсылығы кем. Екеуі де алып империяның тұсында ән салды, киноға түсті, өнердегі әйдік тұлғалардың біріне айналды. Алайда, Вахтанг  2005 жылы Ресейде концерт қоюдан бас тартып, «Дружба» орденін кеудесіне қадамай «читогритолатып»  Отанына тартып отырды. Оның байлығы  - Ресейдегі бақ-қуатты өмірі, жайлы тұрмысы, өнер өріндегі биіктері, алда мүлтіксіз бағындырар асқаралы асулары емес, адам, тұлға ретінде қалыптасқан жылдарының мазмұны, азаматтық позициясы екен («Мои года - моё богатство»).

Вахтанг Константинұлы Кикабидзе Ресейдің Гүржістанға саяси қысым көрсетуіне байланысты 2005 жылы Тблисиге біржола қоныс аударды. Қазір туған елінің тілеуін тілеп,  ұрда жық орыс мінезіне қайта оралған бүгінгі Ресей билігін сынап та жүр. Әйткенменде, саясаттың аты - саясат. «Түске дейін - мүйіз, түстен кейін киіз». Соған орай саясаткерлер де сан түрге ене береді. Өнер ғана мәңгілік.  Ваха ағай соны біледі. Ал, Сіздің не білгеніңіз бар, апай? Вахтанг әріптесіңіздің ерлігін мысал ете отырып Сізден осыны  сұрайық деп едік.

«Абай-ақпарат»

P.S.   Айтпақшы, Ваха ағай  бұл күндері «Қапқаз ұлтының келбеті» деген кітап жазып жатқан көрінеді.  Ва, шіркін, Вахтанг!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543