Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2365 0 пікір 19 Қыркүйек, 2011 сағат 04:59

Амангелді Кеңшілікұлы. Тағдырмен бетпе-бет (жалғасы)

Халықты құлдық санадан құтқарғысы келген арыстай азаматтарымызды атып  өлтірдік. Тәуелсіздіктің арқасында жеріміз сатылып, ырысымыз жатқа бұйырып, рухымыз бауыздалып кетті. Егер тірі жүрсең қазақ болып туғаныңа өкініп, Абай кешпеген қасіретке белшеңнен малшынып, біреулері тойып, біреулері тоңып секіретін рухсыз қоғамнан запа шегіп, құсалықтан өлер едің. Заманның дәл осылай азғындалуы арғы-бергі ғасырымызда болған емес. Қоғам - жиіркенішті, заман - жиіркенішті, қайда барып күн көрем, Мұқағали?!

«Райымбек! Райымбек!» поэмаңда сен ақтабан шұбырынды замандағы  шаңырағы ортасына түсе жаздаған қалың еліңнің қайғысына қабырғаң қайысып, қымызымыз жауымыздың таңдайында, қыздарымыз дұшпандарымыздың борбайының астында кеткен нәубатты жырлап едің.

 

Ақтабан шұбырынды,

Қадарсың қайда барып тұғырыңды?!

Қазақ жері - алып бір қара қазан,

Қазанда қайран жұртым қуырылды.

Ақтабан шұбырынды.

Қарғаған кім болды екен ғұмырыңды?

Жортпай тұрып, үйрендің жығылуды,

Шаппай тұрып үйрендің тығылуды.

Ақтабан шұбырынды,

Ақ туың жығылуылы.

Олақ қатын тоқыған алашадай,

Өрмегіңнің арқауы суырылды.

Жәннатыңды жамсатып жау орнады,

Халықты құлдық санадан құтқарғысы келген арыстай азаматтарымызды атып  өлтірдік. Тәуелсіздіктің арқасында жеріміз сатылып, ырысымыз жатқа бұйырып, рухымыз бауыздалып кетті. Егер тірі жүрсең қазақ болып туғаныңа өкініп, Абай кешпеген қасіретке белшеңнен малшынып, біреулері тойып, біреулері тоңып секіретін рухсыз қоғамнан запа шегіп, құсалықтан өлер едің. Заманның дәл осылай азғындалуы арғы-бергі ғасырымызда болған емес. Қоғам - жиіркенішті, заман - жиіркенішті, қайда барып күн көрем, Мұқағали?!

«Райымбек! Райымбек!» поэмаңда сен ақтабан шұбырынды замандағы  шаңырағы ортасына түсе жаздаған қалың еліңнің қайғысына қабырғаң қайысып, қымызымыз жауымыздың таңдайында, қыздарымыз дұшпандарымыздың борбайының астында кеткен нәубатты жырлап едің.

 

Ақтабан шұбырынды,

Қадарсың қайда барып тұғырыңды?!

Қазақ жері - алып бір қара қазан,

Қазанда қайран жұртым қуырылды.

Ақтабан шұбырынды.

Қарғаған кім болды екен ғұмырыңды?

Жортпай тұрып, үйрендің жығылуды,

Шаппай тұрып үйрендің тығылуды.

Ақтабан шұбырынды,

Ақ туың жығылуылы.

Олақ қатын тоқыған алашадай,

Өрмегіңнің арқауы суырылды.

Жәннатыңды жамсатып жау орнады,

Жатқаны анау өртеніп қара орманың.

Туырлығы туралып тоқым болып,

Қаңқасы тұр қалқиып қара Орданың.

Ақтық байлап, табынып тал-қайыңға,

Өтті күнің, сор қатып маңдайыңда.

Кетті қымыз жауыңның таңдайында,

Кетті қызың жауыңның борбайында.

Ақыныңа, серіңе, батырыңа,

Туысыңа қимаған жақыныңа.

Тұяғымен ор қазған тұлпарларың,

Тулап кетті жауыңның тақымында.

Нәлет айтып, кеш кірген ақылыңа,

Ана сүтің аузыңа татыды ма?

Ал, мен ауылдың қирап, халықтың босып, үйсіз-күйсіз қаңғырған қазақтың жер асты, жер үсті байлығының тоналып, несібесінің жатқа бұйырып, қайран жұртымның тағдырының қара қазанда қуырылған ақтабан шұбырындысын көзіммен көріп, жүрегім жылап, жанарымнан жас емес, қан сорғалап «Қазақты сүюді» жаздым.

«Қазақстанның бір үлкен қаласына бара қалсам, жүрегімді қуаныш сезімі емес, керісінше қайғы мен мұң билейді. Қазақ болып өмір сүрудің -қасірет екенін ұғамын. Қай қалаға барсам да ең алдымен көзіме қайыр сұрап, қаңғырып, жұмыссыз жүрген қазақ оттай басылады; тәнін сату арқылы сол қаладағы бір үлкен көшенің атын шығарған қазақтың қыздарын көремін; араққа салынып айналасын зәр сасытып жатқан қазақты кезіктіремін. Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау секілді ауыр қылмыстардың бәрі де тұрмыс-тіршілігі ауыр осы қазақтардың арасынан шығып жатады. Құдайшылығыңды айтшы, мұндай қазақты қалайша сүюге болады? Рухани мүгедекке айналған бұл адамдардың жан-дүниесінің ұсақ болатындығы соншама, оларды сүюге қанша талпынсаңыз да еш нәтиже шықпайды. Әлемнің рухани тынысынан сұлулық іздеген сіздің биік жаныңыз нұрлы дүниені сүйгісі келеді. Міне осы сәтте неміс, ағылшын немесе француз болып тумағаныма қатты өкініп, тілдесетін қазақ таба алмай, көз жасымды көлдетіп, жылай жаздаймын». (Амангелді Кеңшілікұлы, «Қазақты сүю» кітабынан)

Жауатын бұлттай түнере бермей, менімен бір уақыт сырласшы, ақыным! Мен өмірде ақын қалмағандықтан, ұры мысықтай жасырынып, ұлылықтың сәулесін сағынып, сенің ескерткішіңнің алдына өлген Рухымды іздеп келдім, Мұқағали.   Кезінде сенің асқақ дауысың саңқылдаған өмірдің биік аспанынан бұл күндері атақ-даңққа таласқан құзғын қарғалар мен билікке ар-ұятын, рухын сатқан байғұстардың аянышты үні ғана естіледі.

Ендеше жүректегі қайғымның, жанымдағы дертімнің сенікінен он есе ауыр, заманымның жүз есе қиын екенін түсінші, қымбаттым. Сен ең болмағанда келешегіңе сеніп, арыз жазып кеттің. Ал, мен болсам замана дауылының келешегімді қайда ұшырып әкетіп бара жатқанын да білмеймін.

Келешегім! Бар ма, ол? Бар болса, менің жаным неге оны сезбейді? Ал, жоқ болса, онда өмірлік мәнін жоғалтатын мына баянсыз тіршіліктің  ендігі уақытта маған керегі қанша?

 

Жаз едім кеше,

Айналып күзге барам ба!?

Жалын жоқ,

От жоқ, жасыған мына жанарда.

Ауытқып кетті, аймалап тұрған самал да,

Кеулеп тұр міне,

Дауыл ма, әлде боран ба?

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522