Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3580 0 пікір 7 Ақпан, 2020 сағат 13:20

Қазақстан медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салды

Қазақстан көрші Қытайда коронавирус ошағы өршіп тұрған тұста, медициналық маскаларды экспорттауға тыйым салды.

Қытаймен шекаралас (жалпы шекара көлемі 1 800 шақырымды құрайды) Қазақстанда әзірге вирус жұқтырғандар жөнінде оқиға жоқ. Бірақ Қытайға оралған ондаған қазақстандық карантинде.

«Біз маска өндірушілер мен жеткізушілердің этикаға сай емес әрекеттер жасағанын атап өткіміз келеді. Олар маскаларды Қытайға шығарып сатқан. Сол себептен үкімет маска экспортына тыйым салды», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Соңғы мәлімет бойынша Қытайда коронавирустан 563 адам қаза тапқан. 28 мыңнан астам адам вирусты жұқтырған. Аталған вирустан тағы екі адам - Гонконгте және Филиппинде қаза тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1116
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2653
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 770
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 738