Жасарал Қуанышәлин. Қазақ тілінің жағдайы: өткені, бүгінгісі, келешегі
(«Күретамыр» ҚҚ ұйымдастырған дөңгелек үстелде жасалған баяндама)
Қазақ тілі өзінің арғы-бергі өмір тарихында дүркін-дүркін салмақты сынақтарға ұшырап отырды. Әсіресе, бұл сынақ Кеңес дәуірі тұсында күрделі трагедиялық сипат алып, Асан қайғы, Бұхар жырау, Махамбет, Абай сияқты ұлылар сөйлеген тілдің алдына шекспирлік «Бар болу немесе жоқ болу?!» сауалын қойды. Республикада №1-ші тіл болуға тиісті тілдің осынша төмен деңгейге құлдилауы бірінші кезекте кеңес жылдарындағы демографиялық жойқын апаттармен тығыз байланысты. Қазақ жұртын екі мәрте алапат Зұлматқа ұшыратқан ашаршылық жылдарында Қазақстанның 3,8 миллион халқы жаппай опат болды: 1921-23 жылдары 1,5 миллион, 1931-33 жылдары 2,3 миллион адам қырылып, 1915 жылы 6 миллионға жеткен халықтың 60 пайызы жоқ болды. Ұлттың табиғи дамуын көптеген онжылдықтарға кері лақтырып тастаған ауыр нәубетке тап осы жылдары сырттан түйдек-түйдек ағылған көші-қон тасқыны қосылды. Нәтижесінде 1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан тұрғындарының 82 пайызын құраған қазақ халқының үлес салмағы 1926 жылы 58,5 пайызға, 1939 жылы 38,0 пайызға, 1962 жылы 28,0 пайызға құлдырап кетті.
(«Күретамыр» ҚҚ ұйымдастырған дөңгелек үстелде жасалған баяндама)
Қазақ тілі өзінің арғы-бергі өмір тарихында дүркін-дүркін салмақты сынақтарға ұшырап отырды. Әсіресе, бұл сынақ Кеңес дәуірі тұсында күрделі трагедиялық сипат алып, Асан қайғы, Бұхар жырау, Махамбет, Абай сияқты ұлылар сөйлеген тілдің алдына шекспирлік «Бар болу немесе жоқ болу?!» сауалын қойды. Республикада №1-ші тіл болуға тиісті тілдің осынша төмен деңгейге құлдилауы бірінші кезекте кеңес жылдарындағы демографиялық жойқын апаттармен тығыз байланысты. Қазақ жұртын екі мәрте алапат Зұлматқа ұшыратқан ашаршылық жылдарында Қазақстанның 3,8 миллион халқы жаппай опат болды: 1921-23 жылдары 1,5 миллион, 1931-33 жылдары 2,3 миллион адам қырылып, 1915 жылы 6 миллионға жеткен халықтың 60 пайызы жоқ болды. Ұлттың табиғи дамуын көптеген онжылдықтарға кері лақтырып тастаған ауыр нәубетке тап осы жылдары сырттан түйдек-түйдек ағылған көші-қон тасқыны қосылды. Нәтижесінде 1897 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан тұрғындарының 82 пайызын құраған қазақ халқының үлес салмағы 1926 жылы 58,5 пайызға, 1939 жылы 38,0 пайызға, 1962 жылы 28,0 пайызға құлдырап кетті.
Егер біз 1959 жылғы КСРО-ның басқа одақтас республикаларындағы ұлттық-демографиялық жағдаймен салыстырсақ, Қазақстанның мүшкіл халі одан сайын айқындала түседі. Төл тұрғындар үлесі Арменияда - 88.0, Ресейде - 83.3, Беларусьте - 81.1, Литвада - 79.3, Украинада - 76.8, Эстонияда - 74.6, Әзірбайжанда - 67.5, Молдовада - 65.4, Грузияда - 64.3, Өзбекстанда - 62.2, Латвияда - 62.0, Түркіменстанда - 60.9, Тәжікстанда - 53.1, Қырғызстанда - 40.5, ал, Қазақстанда бар болғаны 30.0 пайыз ғана құрады. Соның салдарынан бүкіл әлемде тек Қазақстанда ғана еркін тыныс алу мүмкіндігі бар қазақ тілінің өз Отанында өмір сүру өрісі, тіршілік ету ортасы кеңес уақытында шектен тыс тарылып, тіліміз тұншыға бастады.
Оның үстіне республикамызда ежелден келе жатқан қазақтың жер-су, елді мекен атаулары орыстық қалыпқа аударылып, мыңнан астам қазақ мектептері орысша білім беретін ошақтарға айналдырылды. Іс қағаздарынан бастап, үлкен-кіші, ресми-ресми емес мәжіліс-жиналыстар мен мәслихат-құрылтайлардың барлығы «ұлы тілде» жүргізіліп, қазақ тілі іс жүзінде кәсіби-техникалық, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, ғылым мен өндіріс салаларынан ығыстырылды. Бұл, әсіресе, хрущевтік «тың және тыңайған жерлерді игеру» жылдары аса қарқынды екпінмен жүргізілді. Осылайша, бұрышқа қуып тығылған қазақ тілі сол тұйықтан әлі күнге дейін өз бетімен шыға алмай жанталасуда. Ал, осындай жағдайда әлде кімдер тарапынан: «Балтық бойындағылар, армяндар мен өзбектер сияқты, тілдеріңді дамытуға ешкім сендерге кедергі жасаған жоқ қой», - деп, осынау қанқұйлы саясаттың басты құрбандары - қазақтардың өздерін кінәлау, әлбетте, жұмсарта айтқанда - әділетсіздік, өз атымен атаса - имансыздық!
Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреген бойда еліміздің байырғы тұрғындары тілінің хал-ахуалы күрт жақсарып, ол республиканың шын мәніндегі мемлекеттік тіліне айналуға тиісті еді. Өйткені, көп жағынан Қазақстан өкіметінің өзі жасанды түрде ұйымдастырған посткеңестік кезең катаклизмдеріне қарамастан, тек ұлттың өз ішкі қуаты арқасында ғана демографиялық жағдайымыздың бірте-бірте оңала бастауы тілдің қайта түлеуіне оңтайлы жағдай туғызған болатын.
Төмендегі кестеге көз тастасақ, бұған көз жеткізу қиын емес.
1897-2008 жж. ҚР тұрғындары этникалық құрамының өзгеру динамикасы (мың адам)
Тұрғындар
|
1897 |
%
|
1926
|
1939
|
1959
|
%
|
1970
|
1979
|
1989
|
1999
|
2008
|
% |
Барлығы (млн адам) |
4,15 |
100 |
6,2 |
6,1 |
9,31 |
100 |
13,0 |
14,7 |
16,2 |
15,0 |
15,56 |
100
|
Қазақтар |
3392,8 |
81,7 |
3627,6 |
2313,7 |
2787,3 |
30,0 |
4238,4 |
5293,4 |
6496,9 |
7985,0 |
9320,0 |
59,9
|
Орыстар
|
454,4 |
10,9 |
1275,1 |
2449,1 |
3972,0 |
42,7 |
5521,9 |
5991,2 |
6062,0 |
4479,6 |
3920,0 |
25,2 |
Өзбектер
|
29.6 |
0,71 |
129,4 |
103,2 |
135,9 |
1,5 |
216,3 |
263,3 |
331,0 |
370,7 |
448,0 |
2,9 |
Украиндар
|
79,6 |
1,92 |
860.2 |
656,7 |
761,4 |
8,2 |
933,5 |
898,0 |
876,0 |
547,1 |
428,4 |
2,8 |
Ұйғырлар |
55,8 |
1,35 |
63,4 |
35,4 |
59,8 |
0,6 |
120,9 |
147,9 |
181,5 |
210,4 |
236,0 |
1,5 |
Татарлар |
56,0 |
1,35 |
79,8 |
106,9 |
191,7 |
2,1 |
285, 7 |
312,6 |
320,7 |
249,0 |
226,4 |
1,5 |
Немістер
|
2,6 |
0,01 |
51,1 |
92,4 |
658,7 |
7,1 |
858,1 |
900,2 |
946,9 |
353,4 |
212,3 |
1,4 |
Кәрістер |
- |
0,00 |
0,04 |
95,9 |
74,0 |
0,8 |
81,6 |
92,0 |
100.8 |
99.7 |
102,5 |
0,7 |
Әзірб-дар |
- |
0,00 |
- |
12,0 |
38.4 |
0,4 |
57,7 |
73,3 |
89.0 |
78.3 |
85,0 |
0,5
|
Беларустар
|
- |
0,00 |
25,6 |
31,3 |
107,3 |
1,2 |
198,3 |
181,5 |
177.9 |
111.9 |
84,2 |
0,5 |
Өзге этностар |
77,0 |
90,6 |
86,3 |
196,9 |
508, 2 |
5,4 |
500,6 |
534,9 |
616.2 |
468,0 |
503,0 |
3,2 |
Ескерту: жиынтығы барша Қазақстан тұрғындарының 96,8%-ын құрайтын сан жағынан ең ірі этностар ғана кірген кестеде, салыстыруға қолайлы болу үшін, олардың пайыздық үлес салмағы тек көп жағынан кезеңді 1897, 1959 және 2008 жылдар бойынша ғана берілді.
Кестеде төрт бірдей ерекшелік назар аудартады: біріншіден, 1959 жылмен салыстырғанда 2008 жылы республикадағы қазақтар саны 9,3 миллионға жетіп, 3,3 еседен астам көбейген, сөйтіп, 1959 жылғы бүкіл Қазақстан халқының санымен теңелген; екіншіден, 1959 жылмен салыстырғанда, республика тұрғындары ішіндегі қазақтардың үлес салмағы тура екі есе өскен; үшіншіден, орыстардың саны олардың тап сол 1959 жылғы сан деңгейіне дейін азайған; төртіншіден, 1959 жылы саны 5574 мың еуропалық этностар саны 3213 мың түрік этностарынан үстем түсіп, арасалмақ 60% - 34,5% болса, 2008 жылы, керісінше, 10315 түріктектілер 4746 мың еуропалықтардан үстем түсіп, арасалмақ 66,3% - 30,5% құрады.
Сондай-ақ, бұл өзгерістер, кейбір саясаткерлер, журналистер мен басқа да замандастарымыз жиі айтып жүргендей, орыстар мен «орыстілділерді» бұрынғы кеңестік республикалардан «мақсатты түрде ығыстырып шығару», «русофобия» салдарынан орын алған жоқ. Бұл - негізінде үш басты фактор жатқан объективті процесс: біріншіден, «жас» түрік ұлыстары табиғи өсімнің анағұрлым жоғары қарқынын сақтап тұрған жағдайда, «кәрі» еуропалық ұлыстардың барлық жерде біраздан бері депопуляцияға ұшырап, яғни, өлімнің туудан көп болуы салдарынан сандарының азайып жатқандығы; екіншіден, КСРО ыдырағаннан кейін қазіргі барша тәуелсіз мемлекеттерді қамтыған және бүкіләлемдік үрдіс болып табылатын, жалпы империялық құрылымдардың құлауы міндетті түрде тудыратын миграциялық процестер; үшіншіден, этникалық өзін өзі айқындау немесе өзін өзі бағдарлау процесцінің кері сипатқа ие болуы - егер кеңес заманында орыс ұлтымен аралас некеде туылған балалар басым көпшілік жағдайда «орыс» болып жазылып келсе, қазір бұл үрдіс қарама-қарсы сипатқа ие болуда. Бұған төмендегі кесте дәлел бола алады.
ТМД және Балтық бойы мемлекеттеріндегі орыстар саны, 1989-2000 жж.
|
1989 жылғы санақ, мың адам |
Посткеңестік есеп |
Кему, % |
|
мың адам |
санақ жылы |
|||
Ресей |
119865,9 |
115868,5 |
2002 г. |
-3,3 |
Украина |
11356 |
8334,0 |
2001 г. |
-26,6 |
Қазақстан |
6228 |
4479,6 |
1999 г. |
-28,1 |
Өзбекстан |
1653 |
1362,0 |
мөлшер |
-17,6 |
Белоруссия |
1342 |
1141,7 |
1999 г. |
-14,9 |
Латвия |
906 |
703,2 |
2000 г. |
-22,4 |
Кыргызстан |
917 |
603,2 |
1999 г. |
-34,2 |
Эстония |
475 |
351,2 |
2000 г. |
-26,1 |
Литва |
344 |
219,8 |
2000 г. |
-36,1 |
Молдавия |
562 |
198,1 |
2004 г. |
-64,8 |
Түркіменстан |
334 |
156,8 |
мөлшер |
-53,1 |
Әзірбайжан |
392 |
141,7 |
1999 г. |
-63,9 |
Тәжікстан |
388 |
68,2 |
2000 г. |
-82,4 |
Грузия |
341 |
67,7 |
2002 г. |
-80,1 |
Армения |
52 |
15,0 |
2001 г. |
-71,2 |
всего |
145155,9 |
133710,7 |
|
-7,9 |
|
|
|
|
|
РФ-сыз |
25290,0 |
17842,2 |
|
-29,4 |
ТМД |
143430,9 |
132436,5 |
|
-7,7 |
Балтық бойы елдері |
1725,0 |
1274,2 |
|
-26,1 |
Валерий Тишков. «Русский мир: смысл и стратегии» http://www.materik.ru/index.php?section=analitics&bulid=172&bulsectionid=19109 Бюллетень №170 01.06.2007
Мұнда, Алексей Лобанов сияқты орыстың әсіре патриоттары «дәлелдегісі» келіп жүргендей, орыстар санының азаю көрсеткіші жағынан Қазақстанның әсте бірінші орын алмайтындығы жақсы көрініп тұр.
Қалай болғанда да, ешкімнің жеке еркіне бағынбайтын бұл факторлардың барлығы қазақ тілінің Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде қарқынды дамуына және позициясының сөзсіз нығаюына жағымды әсер ететін факторлар болып табылады. Біріншіден, қазақтардың белгілі бір бөлігінің «орыстілділігіне» қарамастан (бірақ, әлбетте, жиі айтылып жүргендей, 40%-ның емес, бұл жөнінде - төменірек), 1959 жылмен салыстырғанда қазақ тілінің қолданылу аясы көп кеңіген. Екіншіден, республикада жүргізілген халық санақтары көрсеткендей, еуропалық ұлыстар өкілдері обьективті де, субьективті де себептер салдарынан қазақ тілін меңгеру мәселесіне үнемі «ту сыртын» бере қараса, түркітектілер қазақ тіліне анағұрлым ықыласты екендігі көзге ұрып тұрады.
Мәселен, 1970 жылғы санақ бойынша орыстардың небәрі 1.01 пайызы ғана қазақ тілін еркін меңгерген. Ал, өзге еуропалықтар көрсеткіштері мынадай болған: немістер - 0.52, украиндар - 0.49, беларустар - 0.13. Енді түркілерге қарайық: ұйғырлар - 7.80, әзірбайжандар - 7.14, татарлар - 5.37, өзбектер - 3.56. 1979 жылғы санақ бойынша: орыстар - 0.67, немістер - 0.51, украиндар - 0.39, беларустар - 0.20. Байқасаңыз, алғашқы үш этностың көрсеткіштері тіпті кері кеткен! Түркілер: ұйғырлар - 9.34, әзірбайжандар - 7.40, татарлар - 5.36, өзбектер - 4.73. 1999 жылғы санақ бойынша: немістер - 3.30, орыстар - 2.15, украиндар - 2.02, беларустар - 1.64. Түркілер: ұйғырлар - 62.78, өзбектер - 47.41, әзірбайжандар - 44.39, татарлар - 40.58.
Сөйтіп, кеңес заманымен салыстырғанда қазақ тілін меңгеру көрсеткіштері еуропалықтар арасында да, түркілер арасында да көп ілгерілегені айқын. Рас, бұл тұрғыда соңғылары өздерінің қомақты басымдығын сақтап қалған: егер еуропалықтардың мемлекеттік тілді еркін білетіндері 1.64 - 3.30 пайыз аралығында болса, түркілер көрсеткіші 40,58 - 62,78 пайыз аралығында, яғни, жартысына жуықтан үштен екіге таман. Ал, егер көрнекілік үшін ең ұшқары көрсеткіштерді алсақ, ұйғырлардың қазақ тілін еркін білуі беларустарға қарағанда 40 есе дерлік артық екен! Принципінде, бұған таңдануға да болмас, қанша айтқанмен, түрік бауырлардың өзара тілдік, діндік, тарихи, мәдени, салт-саналық, психологиялық туыстығы өз әсерін тигізетіні белгілі ғой.
Ал, егер қазақ тілін еркін және нашар білетіндер санын қоса есептесе, саны 10 мыңнан асатын диаспоралар арасындағы қазақ тіліне ең жүйріктері мыналар болып шықты (пайыз есебімен): қырғыздар - 88.8 (орыс тілін 80.5 игерген), ұйғырлар - 80.5 (76.1), өзбектер - 80.0 (59.2), түріктер - 74.7 (75.9), тәжіктер - 67.9 (35.8), татарлар - 63.6 (96.9), әзірбайжандар - 63.4 (86.0), күрдтер 61.2 (76.9), башқұрттар - 58.3 (97.9). Ең төменгі көрсеткіштер: беларустар мен поляктар - 9.9-дан (99.4 және 98.9), мордвалар - 12.3 (99.5), украиндар - 12.6 (99.5), орыстар - 14.9, немістер - 15.4 (99.3), молдавандар - 17.8 (99.2), чуваштар - 19.0 (99.3).
Және бір көңіл аударарлық жағдай - диаспоралардың бірқатары қазақ тілін өз ана тілінен артық біледі екен (алфавит бойынша, пайыз есебімен): әзірбайжандар - тиісінше 63.4 және 51.1, башқұрттар - 58.3 және 28.2, қырғыздар - 88.8 және 38.3, кәрістер - 28.8 және 25.8, поляктар - 9.9 және 9.1, тәжіктер - 67.9 және 56.8, татарлар - 63.6 және 37.1, тең дәрежеде дерлік: гректер - 26.4 және 26.8, түріктер - 74.7 және 75.5, ұйғырлар - 80.5 және 81.5.
Кейбір ақпарат көздері қазақтардың 40 пайызы өз ана тілін білмейді деп, аттандай айтуға құштар. Мұны қазақ тілінің қамқорлыққа зәру екендігін сездіру үшін алғаш аузына алған академик Әбдуәли Хайдаров болатын. Мұның, бәлкім, кезінде қажеті де болған шығар, бірақ бұл деректің түбі шикі. Ал, нақты ақпарат - 1999 жылғы санақта республикамыздағы 7 985 мың қазақтың 7 934 мыңы қазақ тілін білетіні деректелген. Олардың 114 мыңы, яғни, 1.4 пайызы ана тілін нашар білген. Ал, 51 мың қазақ, яғни, 0.6 пайызы, мүлде білмеген. Жалпы алғанда қазақ тілін шала білетіндер мен мүлде білмейтіндер саны 2 пайыздан сәл ғана асады. Бізде басқа ресми дерек жоқ.
Рас, санақ нәтижелерінде де анау-мынау ауытқулар орын алуы мүмкін, алайда, жоғарыда айтылғандай алшақтық болуы мүмкін емес, әлбетте.
Тарих біздің халқымыздың жеткілікті дәрежеде ширақ екендігін, оның анау-мынау жағдайларға, соның ішінде нарықтық қарым-қатынастарға да, жылдам бейімделіп кететіндігін көрсеткен. Ендеше, ол озінің ана тіліне бейімделе алмайды деуге кімнің ауызы барады?! Ал, жоғарыда келтірілген фактілер қазақтардың өз тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдануға әлдеқашан дайын екендігін еш күмәнсіз дәлелдейді.
1999 жылғы соңғы санақ қорытындысы көрсеткен диаспоралардың қазақ тілін меңгерудегі жетістіктері - мемлекет қамқорлығының нәтижесі болып табыла ма? Түк те олай емес! Өйткені, мемлекеттік тілдің басқа емес, дәл мемлекеттік орындар - Президент әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, Жоғары сотта, Бас прокуратурада және т.б., сондай-ақ, олардың жергілікті мекемелерінде адам жыларлық жағдайда екенін айқын көріп отырмыз ғой. Демек, парадокс болса да, ақиқатын айтуға тура келеді: мемлекеттік тілдің дамуы мен нығаюына басты кедергі - мемлекеттің өзі! Бұған не себеп? Тек салғырттық қана емес. Көптеген шенеуніктердің балалары ана тілін білмейді, сондақтан олардың болашағы мен мансабы үшін қатты қауіптенетін ата-аналары мемлекеттік тілдің жұмыс істеп кетуіне мүдделі емес. Оның үстіне, шенеуніктердің өздерінің де басым көпшілігі мемлекеттік тілді білмейді. Тіпті, біздің кейбір премьер-министрлеріміздің өзі ана тілін тура біздің көз алдымызда үйрене бастағанына бәріміз куә емеспіз бе?! Ал, солардың тілді қазір қаншалықты дәрежеде меңгергенін мен білмеймін. Бірақ, меніңше, өз қызметін қазақ тілінде еркін атқарып кететіндей дәрежеде болмаса керек.
Осыған орай біз зор өкінішпен мынаны атап айтуға мәжбүрміз: Қазақстанның тәуелсіздік алуының және халқымыздың өз ынтасының арқасында ғана өткен ғасырдың соңы мен жаңа жүзжылдықтың басында табиғи түрде қалыптасқан аса оңтайлы жағдайларды республика билігі қазақ тілін жан-жақты дамыту мақсатында пайдалануға әсте асығар емес. Қазақстанның алғашқы тіл туралы заңы қабылданғаннан бері өткен 19 жыл ішінде жағдай өзгерген жоқ десе де болады. Ол аз болса, қоғамымызда күні бүгінге дейін тіл проблемасы төңірегіндегі пәтуәсіз айтыс-тартыстар толастар емес, ал, мемлекеттің өзі қазақ тілін шынайы дамытып, оның мемлекеттік мәртебесін бекіту жөнінде практикалық және нәтижелі шаралар қабылдайтын түрі жоқ. Осыған байланысты: «Мұндай жағдайда не істеу керек?» - деген заңды сұрақ туындайды...
Менің пікірімше, аталмыш проблеманы кешенді түрде шешу мақсатында мемлекет еш кідіріссіз мынадай шаралар қабылдауға және жүзеге асыруға тиіс:
1. Мемлекеттік тілдің бірінші кезекте барша мемлекеттік қызметкерлер үшін түгел міндеттілігі жөнінде арнайы баптар енгізу арқылы Конституциядан бастап, еліміздің заңдарын жетілдіру. Әйтпесе, сайып келгенде, күні бүгінге дейін мемлекеттің өзі үшін міндетті емес тіл, әсіресе, егер мемқызметкерлердің мемтілді білу қажеттілігі еш те бір заңдық мәжбүрлеу мен заңдық жауапкершілік шараларымен бекітілмесе, ол қалайша мемлекеттік тіл болмақ?! Абсурд, басқа түк те емес! Міндеттемейтін заңның - заң емес екендігін де түсіндіріп жату қажет пе?
2. Сондай-ақ, «ештен кеш жақсы» принципімен тиісті заңдарға, бүкіл әлем тәжірибесіне сай, мемлекеттік тілдің еліміздің барша азаматары үшін түгел міндетті екендігі жөнінде арнайы баптар енгізу (ал, Қазақстанның баршаға ортақ осынау нормадан оқшау тұруға тиіс емес екендігі де түсінікті болса керек), бірақ олардың мемқызметкерлерге қатысты баптардан айырмашылығы - бұл баптардың өз күшіне түпкілікті енетін тастай мерзімін белгілеу қажеттігі. Айталық, бес жыл немесе, ең көбі - он жыл мерзім, ал, одан соң бұл тұрғыда ешқандай әңгіме болуы, мемлекеттік тіл міндетті емес деген ойдың өзі, немесе, осы мәселе төңірегінде бостекей һәм ұшы-қиыры жоқ айтыс-тартыс тудыру ниеті енді қайтып ешкімнің басына да келмеуі тиіс. «Заң нашар, бірақ ол - заң» қағидасы белгілі ғой.
3. Мемлекеттік тілдің сөзсіз міндеттілігі мен әрекетке қабілеттілігін заң негізінде қамтамасыз ету ісіне ұйымдастырушылық және материалдық сипаттағы барша қажетті шаралар «еріп жүруі» тиіс, атап айтқанда:
- барлық деңгейде тиісті атқарушы және бақылаушы құрылымдар, соның ішінде мемлекеттік тілді енгізудің, өкінішке қарай, біздің қоғамымыз алдында тікесінен тік тұрған проблемалары жоқтың қасы болса да, Қытай тәрізді елдерде табысты қолданылып келе жатқан тіл полициясына дейін ұйымдастырылып, іске қосылуы керек;
- қазақ тілінің мұғалімдері мен оқытушыларын жедел және кәсіби деңгейде даярлау, оларға лайықты жалақы төлеу, сапалы, барлық талаптарға жауап беретін оқулықтар, көрнекі құралдар мен басқа да әдебиеттерді дайындап, жарыққа шығару, мемқызметкерлер үшін бөлек және өзге азаматтар үшін бөлек мемлекеттік тілге үйрету тұрақты курстарын ашу және оларды барлық қажеттіліктермен жабдықтау тәрізді мемлекеттік тілді дамыту мен бекіту мақсаттарына жеткілікті қаражатты еліміздің бюджетінде мұқият есептеу және қарастыру;
- барша БАҚ-тарда, әсіресе, орыс тіліндегі, тәуелсіз ұлттық мемлекет құру жолына объективті және түбегейлі түрде бет бұрған Қазақстанда өз өмірін одан әрі реттеу тұрғысында ел азаматтарының қазақ тілін білу қажеттілігі мен артықшылығын, жалпы алғанда мемлекеттік тіл мәселелерін белсенді және мақсатты түрде насихаттау, Михаил Сытник тәрізділердің қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуға «жарамайтындығы» жөніндегі шектен шыққан нәсілшілдік «идеяларына» толы сандырақ мақалалары мен кітаптарын әшкерелеу және т.б.
Бүкіл айтылғанды қорыта келе, атап өтуді қажет ететін мәселе - мемлекеттік тіл мәселесімен мемлекеттің өзі тікелей айналыспайынша, біздің республикамызда қазақ тілін іс жүзінде дамытып, оның позициясын бекітуге бағытталған осындай және одан да басқа ұсыныстар бар болғаны игі ниет боп қала береді. Ал, мемлекеттің әзірше ондай шаруамен айналысатын түрі жоқ. Сондықтан біздердің, яғни, жұртшылықтың міндеті - қайткен күнде де, және мейілінше тезірек, аталмыш өзгеріске қол жеткізу үшін бүкіл күш пен амалдарды жұмылдыру...
2008 жылдың 20-ншы наурызы
«Абай-ақпарат»