Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3132 0 пікір 20 Қыркүйек, 2011 сағат 06:20

Ашық хат: Желтоқсан көтерілісіне саяси баға берілсін!

...Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,

1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын толық дәрежеде бағалап үлгерген жоқпыз...

Нұрсұлтан Назарбаев

(«Ғасырлар тоғысында» кітабынан»)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Әр халықтың ұлттық тарихи тағдыры яғни ұлттық ар-намысы, құқықтары мен мүддесі, өзіндік бет-бейнесі болады. Егер ұлт ретінде өзінің тарихи тағдырын ұлт талабына сай қорғай білмесе, ол халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ. Үстіміздегі жылы желтоқсан айында халқымыз екі ұлы мерекені: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын атап өтеді.

Алғашқы тарихи күнді әдетте біз өз деңгейінде атап келеміз. Ал тарих толқынындағы елеулі желтоқсан көтерілісіне деген көзқарас әлі де нақтыланбай келеді. Турасына көшсек, сол баяғы кеңестік жүйе жағдайындағы көзбен қараймыз. Желтоқсан қайраткерлері өз халқының дербестігі мен тәуелсіздігі  жолында намыс отын алаулатып, лайықты үн қата білсе де, рухани бұл күрескерлік, ерен ерлік өз деңгейінде бағаланбай отыр.

...Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп,

1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын толық дәрежеде бағалап үлгерген жоқпыз...

Нұрсұлтан Назарбаев

(«Ғасырлар тоғысында» кітабынан»)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Әр халықтың ұлттық тарихи тағдыры яғни ұлттық ар-намысы, құқықтары мен мүддесі, өзіндік бет-бейнесі болады. Егер ұлт ретінде өзінің тарихи тағдырын ұлт талабына сай қорғай білмесе, ол халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ. Үстіміздегі жылы желтоқсан айында халқымыз екі ұлы мерекені: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын атап өтеді.

Алғашқы тарихи күнді әдетте біз өз деңгейінде атап келеміз. Ал тарих толқынындағы елеулі желтоқсан көтерілісіне деген көзқарас әлі де нақтыланбай келеді. Турасына көшсек, сол баяғы кеңестік жүйе жағдайындағы көзбен қараймыз. Желтоқсан қайраткерлері өз халқының дербестігі мен тәуелсіздігі  жолында намыс отын алаулатып, лайықты үн қата білсе де, рухани бұл күрескерлік, ерен ерлік өз деңгейінде бағаланбай отыр.

Осы жылдар ішінде желтоқсан көтерілісінің қасіретін ғана айтып келдік, ендігі жерде оның шынайы мәнін яғни, отансүйгіштік пен қаһармандық туралы айтатын кез келді.

20 жылды тұтас бір тарихи кезең деуге болады. Халқымыздың сана-сезімі оянған. Желтоқсан оқиғасына демократиялық және халықаралық стандарттар бойынша саяси әрі құқықтық тұрғыдан жаңаша нақтылы, әділетті баға беру қажеттігі талай рет мәселе ретінде көтерілді, әзірше қозғалыс байқалмайды.

Кезіндегі кеңестік жүйенің ойдан шығарылған айыптауы әрі жалған бағасы біздің көпұлтты халқымыздың арасына іріткі сала алмады. Бүгінгі күні оған көптеген дәлелдер бар.

Желтоқсан көтерілісінің қаншалықты қатыгездікпен басып-жаншылғаны белгілі. Қазақ елінің ар-намысы, тәуелсіздігі мен мүддесі үшін ондаған мың жігіттеріміз бен қыздарымыз жаппай ерлік көрсете білді. Көтеріліс тек Алматы қаласында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де жалғамып, кейбір аймақтарда ашық, кей жерлерде жасырын түрде болып өткені ақиқат.

Қазақстанның нағыз патриоттары, сондай-ақ, Н.К.Фокина, М.Т.Дауранов, А.Княгинин, Г.Ким, И.Дуберман, В.Каро-Мадэ сияқты өзге ұлт өкілдері және 5 жылға бас бостандығынан айрылған ұйғыр ұлтының өкілі   А.Рузиев көтерілісшілер жағына шықты.

Қаншама қыршын ұл-қыздарымыз түрмелерге жабылып, бас бостандықтарынан айрылды, қуғын-сүргінге ұшырады. Қаншамасы мүгедек болып қалды,  тіпті кейбіреулері  өмірлерін құрбан етті.

Бұл жөнінде  Конституциялық  Кеңестің материалдарында бұлтартпас дәлелдер жеткілікті.

Сіз жазықсыз жазаланған, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылған желтоқсан күрескерлерін өз үкіміңізбен ақтап шығардыңыз. Бұл оқиғалардың белсенді қатысушыларының бірі  - Қ.Рысқұлбековке «Халық Қаһарманы»  атағын беріп, оның ерлігін тиісінше жоғары бағаладыңыз.

Бұл бағаны халқымыз Сіздің тарихымызға жасаған шыншыл да әділетті бағасы деп түсінеді, біледі.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздер, желтоқсандықтар, мемлекетіміздің халық сайлаған көшбасшысы ретінде Сізді - маңызы бар оқиғаға  -  Желтоқсан көтерілісіне саяси және құқықтық тұрғыдан тарихи бағасын бере алады деп сенеміз.

Сізден, осыған орай, төменде ұсынылып отырған іс-шараларды қолдауыңызды сұраймыз.

1. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығына байланысты мемлекеттік комиссия құру.

Бұл комиссияға жоғары мәртебе беру үшін Мемлекеттік хатшы      немесе Парламент палаталары  спикерлерінің бірін оның төрағасы етіп тағайындау.

Комиссия құрамына әртүрлі қоғамдық ұйымдар өкілдерін, депутаттарды, қоғам қайраткерлерін, осы проблемаларды зерттеп жүрген ғалымдар мен мамандарды енгізу. Комиссия халықаралық ауқымда ұйымдастырушылық, заңдық, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар кешені жоспарын әзірлеп, үкіметке тапсыруы тиіс.

2. Іс-шара жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік резервтен немесе бюджеттік түсімдерден жеткілікті қаражат бөлу.

 

Құрметті Президент, біз желтоқсан қайраткерлері тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен  желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығының қарсаңында қазақ жадында мәңгі сақталатын бұл тарихи мәні зор оқиғаға лайықты баға беріледі деп үміттенеміз.

Сондай-ақ, туған еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштік және қаһармандық өнегесіне тәрбиелеуде желтоқсан көтерілісінің мәні зор деп сенеміз. Біз осыны үлгі етіп, өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін тиісті деңгейге көтергіміз келеді. Осылайша, олардың қарышты қадам жасап, ерлік істерге баруын, сол арқылы еліміздің  демократия өркендеген, бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарында тұруын қалаймыз.

 

Құрметпен, Желтоқсан қайраткерлері:

Айтмырза Құрманғазы Зейноллаұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптар бойынша 4 жылға бас бостандығынан айрылған, Баисимбеков Ерлан Мамырханұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Декелбаев  Ерлан Әбдірашитұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған, Ермеков Тоқтар Тишкулұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Есжанов Тынышбек Қарлыбайұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша және 201-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Есимбаев Қадыр Сейтханұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жылға бас бостандығынан айрылған, Есіркепов Уызбек Шәкірұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Иманғожа Бақтыбек Жұмабекұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған, Күзембаев Қайыргелді Қалиақпарұлы, ҚазССР ҚК 60-65, 88-1, 173-1-баптары бойынша 14 жылға бас бостандығынан айрылған, Қамбаров Қалдыбек, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Қасенбаев Мейрамғазы Жағыпарұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 2 жылға бас бостандығынан айрылған, Қорабаев Шора Халықұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған, Құдайбергенов Расылхан Омарұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Музаффар Әлібек Құндақбайұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айрылған, Отарбаев Кенжетай, Қаз ССР ҚК 60-65-баптары бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған, Рамазанов Амандық Сәбитұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Сәбитова Жансая, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған, Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 3 жылға бас бостандығынан айрылған, Таубай Бақтығали Артықбайұлы, ҚазССР ҚК 65-бабы бойынша 4 жылға, 173-ІІ бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айрылған, Шыныбаев Нурман Алибекұлы, ҚазССР ҚК 60-65-баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айрылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498