Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
5726 2 пікір 10 Ақпан, 2020 сағат 19:09

Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді

Bek Air компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі Решет Қалибекті сотқа берді. Решет Қалибектің айтуынша, оған бір апта бұрын сотқа шақырту қағазы келген.

"Жақында Bek Air маған сотқа бергені туралы қағаз келді. Енді ойлап отырғаным, неге жерге рұқсат берген әрі сол жерге үй салуға рұқсат берген әкімдіктің үстінен емес, менің үстімнен арызданады? Енді мені кінәлі қылғысы келеді. 21 ақпанға сотқа шақыртып отыр. Мен бастапқыда Bek Air компаниясының үстінен арызданғанмын. Ал енді олар менің үстімнен арызданып отыр", - деп хабарлады Решет Қалибек.

Айта кетейік, Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған. Лайнер Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылған болатын. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Ресми дерек бойынша, апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1573
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1175
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090