Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын ,- делінген Президент жарлығында.
Сапарбаев 2019 жылдың тамызынан бері ҚР премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.
Ал, осыған дейін Ақорда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қызметінен кеткенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған еді.
2009 жылдың 4 наурызынан 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. 2014 жылы 11 қарашада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ал 2015 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен.
2019 жылы ақпанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып, бұл қызметте жарты жылдай жұмыс істеген.
Abai.kz