Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2199 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 04:30

Қ.ОРАЗ. Адамның сүйегі үстінде ауыр техника жүр

Атырау облыстық тарих және археология орталығы мен Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы қызметкерлерінен құрылған археологиялық барлау тобы мамыр айының 4-31 аралығында Жылыой ауданындағы «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты территорияда тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау жөнiнде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тарих және археология орталығының басшысы Амандық Ғарифоллаұлы жетекшілік еткен археологиялық барлау тобының құрамы 6 адамнан тұрды. Археологиялық барлау жұмыстарын атқаруға ТШО компаниясы жағдай туғызды.

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар көшіп-қонып жүрген аудандардың бірі екендігі белгілі. Суы мен шабындығы мол Каспий теңізі жағалауының табиғи-климаттық жағдайы, аң, балық аулау, мал шаруашылығын дамыту үшін қолайлы аймақ болды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде бұл территориядан бұрын-соңды облыстың ескерткіштері тізімі қатарында болмаған 40 ескерткіш жаңадан анықталды. Анықталған ескерткіштердің ішінде 32 археологиялық және 8 сәулет ескерткіші бар. Ескерткіштердің ішінде ең көп кездесетіні неолит (б.з.б. V-ІІІ м.ж.), қола (б.з.б. ІІІ-І м.ж.), ерте темір дәуірлерінің тұрақтары, қоныстары. Қола, темір дәуірлерінің қоныстары мен тұрақтарының маңында адамдар жерленген құмтөбелі қабірлер орналасқан.

Бұл аумақтан адамдардың ертеден мекен еткендігін дәлелдейтін көптеген жәдігерлер анықталып отыр. Олардың ішінде, тас дәуірінде мекендеген адамдардың әртүрлі тас еңбек құралдары, қола дәуіріндегі шаруашылық құралдар мен әшекей бұйымдар, орта ғасырлық тиындар сияқты әр дәуірдің өзіндік мәдениетінен хабардар ететін жәдігерлер бар.

Анықталған неолит дәуірінің тұрағынан кремнийден жасалған әртүрлі шаруашылық еңбек құралдары - кескіштер, пышақтар, сонымен бірге - тастан жасалған жебе ұштары жинақталды.
Қола дәуірінің адамдарының жерлеу рәсімін осы аймақта өте көп шоғырланған құмтөбелі қабірлерден көруге болады. Адамдардың бастары оң жаққа қаратылып, шалқасынан жерленген. Адам сүйегі маңына бірге көмілетін әшекей бұйымдар, қылыштар, айна, т.с.с. заттарға қарай отырып, жерленген адамның кім екенін білуге болады. Құмтөбелі қабірдегі ұзындығы 2 метрге жететін адам сүйегі жанынан жинақталған жиырмаға жуық жебе ұштары табылды, ал, жас қыз баланың сүйегі маңынан бүтіндей сақталған қола айна мен әртүрлі моншақтар жинақталды, сонымен бірге үлкен көлемдегі керамикалық құмыра жерленген.
Бұл ауданның орта ғасырда да халыққа мекен болғандығын дәлелдейтін жәдігерлер. Орта ғасырға жататын құнды жәдігерлердің арасында қоладан жасалған мұсылмандық айшық, күміс, мыс тиындар бар. Табылған күміс тиын - Алтын Орда билеушісі Өзбек хан тұсында соғылған тиын болса, мыс тиын - Өзбек ханның ұлы Жәнібек хан тұсында соғылғандығы анықталды.

Жұмыс барысында жаңадан анықталған ескерткіштердің қорғау аймақтары белгіленді.
«Теңізшевройл» компаниясы территориясынан анықталған ескерткіштердің бүгінгі күнгі жағдайы өте нашар. Тарихи-мәдени мұраны қорғау Заңы бойынша, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау жөнінде тексеру жұмыстары жүргізілмегендіктен, қазіргі күні топырақ алу жұмыстары кезінде ескерткіштердің бұзылу фактілері өте көп кездесіп отыр. Топырақ алу жұмыстары кезінде тұрақтар мен қоныстардың мәдени қабаттары бұзылып, ескерткіште сақталған жәдігерлер топырақпен бірге алынып кеткен. Құмтөбелі қабірлердегі адам қабірлері топырақ алу жұмыстары кезінде ашылып қалған. Техниканың астында тапталып, сынып аяқ астында шашылып жатырған адам сүйектерін көптеп көруге болады.
Теңіз кеніші территориясынан анықталған Құрайыш ата қорымы ХХ ғасырдың ІІ жартысына жатады. Бұл жерде адай, шеркеш руларының өкілдері жерленген.

Жол бойында Құрайыш атаның аты жазылған жалау ілініп тұр. Қорымның сырты сым шарбақпен қоршалып, құлып салынған. Осы күннің өзінде осы жердегі атаға, тума-туыстарына құран бағыштап келушілерге қорым ішіне кіруге мүмкіндік жоқ, сондықтан, садақаларын тор есікке байлап кетуге мәжбүр.
Ал, қорым ішіне кіргендегі жағдай келесідей, қорымдағы қабірлердің жартысынан көп бөлігі топырақ алу жұмыстары барысында қопарылып қалған. Топырағы алынған жерде осы жерде жерленген адам сүйектері ретсіз шашылып жатыр.

Осы жайттардың анықталуы негізінде, компания басшыларына Тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы Заңының талаптарын түсіндіру және осы бұзылған ескерткіштерге, адам сүйектері ашылып қалған қорымдарға құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ескерту мақсатында жиналыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, осы территорияда карьерлік жұмыстармен айналысып жатырған, жер иелері болып табылатын жеке компанияларда заң бұзушылық фактілері анықталды. Бұл компаниялар жұмыс атқарып жатырған территорияларды тексеру барысында қола дәуіріне жататын жәдігерлер табылды. Ескерткіштің бұзылуы фактісі анықталуына байланысты, компания басшыларына жұмысты уақытша тоқтату ескертілді. Бұл компанияның берілген ескертуге назар аудармауы Жылыой аудандық прокуратурасына жүгінуге ықпал етті.
Осындай Заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты Жылыой ауданы территориясында жұмыс атқарып жатырған басқа да бірнеше компаниялардағы аталған Заңның орындалысы туралы мәліметтер алу мақсатында Жылыой аудандық прокуратурасына хат жолданды.

Қ.ОРАЗ.

«Атырау» облыстық газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483