Е.ТАҢБАЕВА. Азғырдағы он жеті ядролық жарылыс
..АЗҒЫР СЫНАҚ АЛАҢЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДАҒЫ АЗҒЫР СЕЛОСЫ МАҢЫНДА ШЫҒЫС ЖӘНЕ БАТЫС ТҰЗ ҚАБАТТАРЫНДА ОРНАЛАСҚАН.
-Мұнда 1966-1979 жылдары Ресей Федеральды Ядролық орталығына қарасты оңтүстік сейсмикалық экспедициясы жерасты 17 ядролық жарылыс жасаған,- дейді ауданның бас экологы Юрий Лялин. -Жарылыс 600-1000 мм диаметрлі бұрғымен 165 метрден 1500 метр тереңдікте жасалып, ядролық қуат күші 10-25 тротиль килотоннасына тең дәрежеде болған. Осының нәтижесінде көлемі 1,2 миллион текше метр тоғыз жерасты қуысы пайда болған. Яғни, А-2 алаңында 7 ядролық жарылыс жасалған. А-9 алаңында сүзгі тәріздес, диаметрі 600 метр, тереңдігі 35 метр шұңқыр пайда болып, ол кейіннен қар - жаңбыр суларымен толып қалды. Онда жиналған су көлемі 20 мың текше метрді құрайды.
- Семейдегі секілді Азғырдағы жарылысты көрдік деп адамдар айтпайды ғой.
- Сезбеген деуге болмайды, рас барлық жарылыс жабық жерасты күйінде жасалды. Пайдаланылған изотоптар - цезий 137, стронций 90, плутоний 239,240.
- Жалпы жұртшылыққа аян болғаны еліміз ядролық қарудан бас тартқан соң ғана секілді.

- 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ядролық қарудан өз еркімен бас тартқаннан кейін Азғыр сынақ алаңы жабылып, онда табиғатқа келген залалды қалпына келтіру үшін оны Ұлттық Ядролық орталыққа берген. Сондықтан Үкіметтің қаулысымен «Галит» объектісінен босаған 300 гектар жер облыстың қосалқы жер құрамына 25 жылға берілген және оған жергілікті тұрғындарды радиациялық қауіпті аймақтарға жібермеуге бақылау жасау тапсырылған. Ұлттық Ядролық орталыққа радиоэкологиялық және радиациялық мониторинг жүргізу тапсырылған.
- Осы орталықтың қызметінің ауыз толтырып айтар нәтижелері бар ма?
- Аталмыш міндет жүктелген Ұлттық Ядролық орталық өзінің еншілес «Ядролық физика институты» мемлекеттік кәсіпорны негізінде Азғыр ғылыми-өндірістік радиоэкологиялық экспедициясын құрып, радиоэкологиялық және радиациялық мониторинг жүргізіп келеді. Бұрынғы Азғыр сынақ алаңында 10 технологиялық алаң бар. 2001 жылы облыс бюджетінен 5,9 миллион теңге қаражат бөлініп, оған 3000 килограмм ластанған топырақ көміліп, барлық технологиялық алаңдардың санитарлық бақылау қоршаулары жүргізілді. А-2, А-3, А-5, А-10 алаңдары 4 секторға бөлінген.
- Олардың қызмет аясы түсінікті болды, ал үкіметтің 2003 жылғы өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы не істеп жатыр?
- Азғыр және Капустин Яр сынақ алаңдарының әсеріне ұшыраған Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарына кешенді зерттеу үшін құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы да біраз шараларды жүзеге асырып жатыр. Бұрынғы Азғыр сынақ алаңына экологиялық мониторинг жүргізу үшін республикалық бюджеттен 15 миллион теңге қаражат бөлінді. Табиғатты зерттеп, экологиялық мониторинг жүргізу үшін зерттелу аймағының географиялық координаттары мен реперлік нүктелері анықталып, белгіленді.
- Азғыр алаңының реперлік нүктелерін атай аласыз ба?
- Бұрынғы Азғыр сынақ алаңының эпицентріне Азғыр, Асан, Үштаған, Батырбек, Балқұдық, Қоңыртерек және Сүйіндік елді мекендері кіреді. Үштаған елді мекенінде реперлік нүкте мектеп үйі, Асан елді мекенінде де мектеп үйі, Батырбекте село орталығы, Сүйіндікте мешіт үйі, Азғыр селосында бұрғылау мұнарасы, Балқұдық селосында селолық мәдениет үйі және Қоңыртеректе село орталығы болып белгіленген. Технологиялық алаңдардың реперлік нүктелеріне бұрғылар кіреді. Ақбұқа елді мекенінде Құбашев Мектештің үйі, Жәртік нүктесінде Досполов Нұрболаттың жазғы жайлау орны, Шегенді елді мекенінде Жоламанов Кәкимнің жайлауы реперлік нүкте болып белгіленді. Анықталған реперлік нүктелердің географиялық координаттары «Сталкер» немесе «GPS» құралдары арқылы анықталды.
- Одан ары қарайғы зерттеу жайы қалай болды?
-Бұл жерлерден азимут бойынша солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс бағыттары бойынша және технологиялық алаңдарда орталық реперлік нүкте бұрғыдан солтүстік - 200 метр, оңтүстік - 60 м., батыс - 30 м., шығыс 90 метр қашықтықта 0-5 см, 5-10 см және 10-20 см тереңдіктен 1000 грамнан топырақ алынып, оның құрамындағы ауыр металдарды анықтау үшін зертханаға - Алматы қаласына жіберіледі. Топырақ құрамы гамма-сектрометр приборы арқылы анықталады.
Сонымен қатар, технологиялық алаңдардағы аномальды нүктелерден де топырақ алынып, оның құрамы зерттеледі. Топырақ алу кезінде 3 см., 100 см. биіктікте эквиваленттік доза қуатының деңгейі белгіленеді. Алынған топырақ полиэтилен пакеттерге және қапшықтарға салынып, темір жол қатынасы арқылы зертханаға жолданады.
Технологиялық алаңдарды радиометрлік зерттеу СРП 68 радиометр-дозиметрі арқылы ай сайын жүргізіліп, талданады. Әрбір экспедиция қызметкеріне жеке дозиметр беріліп, олардың дозалық қабылдауы өлшенеді.
Алайда, жасыратыны жоқ, зерттеу үстірт жүргізілуде.
Бұл аймақта 10 мыңға жуық халық тұрады. Мәселен, Сүйіндік елді мекенінің өзінде 3,5 мың тұрғын бар. Зерттеу жүргізуге су құрамы аталмыш село, елді мекендердегі Маер, Шәккі, Бұлақ, Ақбұқа және А-9 алаңындағы көлдерден алынады. Су 5 литрлік бөтелкеге құйылып, сүзіледі және оған азот қышқылы (жеткенше борсып кетпеуі үшін) араластырылады. Зертхана жағдайында оның химиялық, бактериологиялық және гамма-спектрометрлік құрамдарына талдау жасалады. Судың химиялық құрамындағы магний, кальций, литий, никель, берилий рұқсат етілген шекті нормадан артық. Бұл, әрине, радиацияға қатысты емес, судың табиғи құрамына байланысты. Су құрамында минералдық, органикалық қосылыстардың рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі тұрғындар арасында түрлі асқазан-ішек, қан-жүрек тамырлары, остеохондроз ауруларының көптеп кездесуіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан күні бүгін өзекті мәселе - Азғыр өңірі тұрғындарын таза ауыз сумен қамту болып отыр.
Е.ТАҢБАЕВА
«Атырау» облыстық газеті