Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3041 0 пікір 19 Қыркүйек, 2011 сағат 17:17

Тәуелсіз ел тарихы мектеп оқулықтарында қалай көрініс табуы керек?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеяс­ының XVII сесси­я­сын­да сөйлеген сөзінде «Тәуел­сіз­ді­гі­міз­дің 20 жылдығы  -жасампаз тари­хым­ыз, мерейлі меже, сонымен қатар, бо­ла­шаққа бағдар болатын байыпты белес», - деп атап өтті.

Кез келген өркениетті мемлекет өз елінің азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының тарихын оқы­тып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын іс-әре­кет­терін дәл анықтай алады. Сон­дық­тан да Отан тарихын мектеп курсында оқытудың мән-мағынасына әрқашан көңіл бөлініп отыратыны белгілі.

Жалпы орта білім беретін мектепке арналған тәуелсіз Қазақстанның тарих оқулықтарының қалай жазылғаны жай­лы жылдар өте келе талай ай­ты­ла­ды және жазылады. Ол - болашақтың ісі. Біз бұл мақаламызда тәуелсіздік жыл­дарының алғашқы кезеңіндегі атқарылған істерге шолу жасауға ұмтылдық.

Кеңестік заманда Қазақстан тарих­шы­ларының оқулық жазуда тәжі­ри­бесі болған жоқ. Мәскеудің белгілеген стандарты, бағдарламасы бойынша «қа­лыңдығы пышақтың қырындай ғана» «Қазақстан тарихы» оқулығын Е.Бек­маханов, Н.Бекмаханова, Т.Тұр­лығұлов сияқты авторлар жазатын. Ал өркениетті елдерде оқулық жазумен жеке бір институттар айналысатыны белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан хал­қы Ас­сам­блеяс­ының XVII сесси­я­сын­да сөйлеген сөзінде «Тәуел­сіз­ді­гі­міз­дің 20 жылдығы  -жасампаз тари­хым­ыз, мерейлі меже, сонымен қатар, бо­ла­шаққа бағдар болатын байыпты белес», - деп атап өтті.

Кез келген өркениетті мемлекет өз елінің азаматтарын тарихи біліммен қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының тарихын оқы­тып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын іс-әре­кет­терін дәл анықтай алады. Сон­дық­тан да Отан тарихын мектеп курсында оқытудың мән-мағынасына әрқашан көңіл бөлініп отыратыны белгілі.

Жалпы орта білім беретін мектепке арналған тәуелсіз Қазақстанның тарих оқулықтарының қалай жазылғаны жай­лы жылдар өте келе талай ай­ты­ла­ды және жазылады. Ол - болашақтың ісі. Біз бұл мақаламызда тәуелсіздік жыл­дарының алғашқы кезеңіндегі атқарылған істерге шолу жасауға ұмтылдық.

Кеңестік заманда Қазақстан тарих­шы­ларының оқулық жазуда тәжі­ри­бесі болған жоқ. Мәскеудің белгілеген стандарты, бағдарламасы бойынша «қа­лыңдығы пышақтың қырындай ғана» «Қазақстан тарихы» оқулығын Е.Бек­маханов, Н.Бекмаханова, Т.Тұр­лығұлов сияқты авторлар жазатын. Ал өркениетті елдерде оқулық жазумен жеке бір институттар айналысатыны белгілі.

1992 жылы Қазақтың Ы.Алты­н­са­рин атындағы Білім проблемалары инс­титуты Ж.Қасымбаев, Т.Тұрлы­ғұ­лов сияқты көрнекті тарихшы және әдіскер ғалымдардың жетекшілігімен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Қазақстан тарихын» оқы­ту­дың тұжырымдамасын жасады. Мұнда тарихты мектепте оқытуды ұйым­дас­тырудың негізгі бағыттары, пәннің маңызы, мақсаты мен міндеттері, маз­мұны, қойылатын талаптар, т.б. ма­ңыз­ды мәселелер айқындалды.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақ­стан тарихы КСРО тарихының құрам­дас бөлімі ретінде 7-10-сыныптарда ша­малы сағатпен жүргізіліп келген болатын. 1990-1991 оқу жылынан бастап мектептің оқу жоспарына тарих жеке пән ретінде енгізілді. Ол он бір жылдық мектептің жеті сыныбында (5-11) оқытылатын болып шешілді. Пәнді оқытуға 289 сағат бөлінді. Жаңа бағдарлама жасалып, соған сәйкес оқулықтар жазу қолға алынды. Бұл бағ­дарлама 1992 жылдың күзінде мұғалімдер қолына тиді. Қазақстан та­рихын оқыту 5-сыныптан басталып, 11-сыныппен аяқталатын болды.

1993-1994 оқу жылында Қазақстан тарихының бірнеше жаңа оқулығы жарық көрді. Оқушылар сол кітаптан білім ала бастады. Сол оқулықтардың қатарында «Рауан» баспасынан 5-сы­нып­қа арналған «Қазақ елінің қыс­қа­ша тарихы» (авторы Т.Тұрлығұлов), 9-сыныпқа арналған «Қазақстан та­рихы» (авторы Ж.Қасымбаев), «Ата­мұ­ра» баспасынан 10-сыныпқа ар­нал­ған «Қазақстан тарихы» (авторлары М.Қозыбаев, І.Қозыбаев) бар еді. Педагогика ғылымында бұларды өтпелі кезеңнің оқулықтары деп атады.

Ал 11-сыныпқа арналған алғашқы Қа­зақстан тарихы оқулығы 1993 жылы К.Нұрпейісов, Б.Аяған, Н.Жақ­сы­лықов сияқты авторлардың қаты­суы­мен жарық көрді. Жаңа ғана еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің жаңа тарихын дөп басып жазу қандай ғалымға болса да оңайға түспеген еді. Бұл оқулықтар тарих ғылымының негізіне сүйеніп жазылатыны белгілі. Кеңестік методологиядан бас тартқан, жаңасы әлі жасалмаған тарих ғылымы ол кезде әлі дағдарыста болатын. Үлкен жауапкершілікті мойындарына алған авторлар ұжымы тәуелсіз Қазақ­станның екі жылдай ғана тарихын ой елегінен өткізіп, кеңестік қасаң қағи­дадан бас тарта отырып, оқулықты жалған тұжырымдар мен бұрма­лау­шылықтардан тазартуға күш салды. Онда 1946 жылдан 1992 жылға дейінгі кезең қамтылды. Елу жылға таяу уақыт бес тақырыпқа бөлініп берілді. Ол 34 сағатқа лайықталды. Соңғы, бесінші тақырып «Тәуелсіздік жолында» деп айдарланды. Бұл тарауда КСРО-ның ыдырауы ТМД мен тәуелсіз Қа­зақстан Республикасының құрылуы, 80-жылдардың аяғы мен 90-шы жыл­дардың басындағы ұлттық-демо­кра­тия­лық қозғалыстың өрлеуі, елдігімізді алғаннан кейінгі жаңа, нарықты экономикаға көшудің басталуы, жекешелендіру үрдісінің барысы, халық­тың әлеуметтік жағдайы, «Тілдер ту­ралы» Заңның қабылдануы, еліміздің сыртқы саясатының мәселелері қыс­қаша баяндалды. Алғашқы жылдары оқулыққа қосымша құралдар болған жоқ. 2002 жылға дейін 6 рет басылған оқулық 2005 жылға дейін қолданыста жүрді. Жекелеген кемшіліктерін көр­сете отырып, жалпы алғанда бұл оқулықты еліміздің ұстаздар қауымы мен оқушылары жақсы қабылдады.

1993 жылы «Қазақ тарихы» атты ғылыми-әдістемелік журналдың шы­ғуы тарих мұғалімдері үшін жаңалық әрі үлкен көмек болды. Алғашқы нө­мі­рінен бастап бұл басылым мұға­лім­дер үшін ғылыми-теориялық және әдіс­темелік сипаттағы материалдарды үзбей жариялай бастады. Журналдың тарих мұғалімдері үшін қандай маңызы бол­ғанын мына бір мысалдан көруге бо­ла­ды. Талдықорғандық мұға­лім­дер Ұ.Жақыпова мен З.Мыр­за­кәрімова: «Біз көп жылдар бойы Мәскеуде шығатын «Преподование ис­тории в школе» журналын басшы­лық­қа алып келдік. Онда Қазақстан та­рихын оқыту туралы ештеңе жа­зылмайтын. Сонда өз ана тілімізде осын­дай журнал қашан шығады екен деп армандадық. Шүкір, сол тілегіміз орындалды. Осы журналдың шы­ғуына байланысты біз, тарихшылар тәуелсіздік деген ұғымның ұлы екенін түсініп, алдында бас июіміз керек», - деп ағынан жарылды. Бұл журнал содан бері, тарих мұғалімдерінің сүйікті басылымына айналып, өзінің мектеп ұстаздары алдындағы борышын абыроймен атқарып келеді.

Ал жаңа ғасыр басында заман та­ла­бына сай тарихтың жаңа буын оқу­лықтары шыға бастады. 2005 жылы 9-сы­ныпқа арналған М.Қозыбаев, К.Нұр­пейіс, Қ.Жүкешов бірлесіп жаз­ған «Қазақстан тарихы» және Б.Аяған мен М.Шаймерденованың автор­лы­ғымен «Қазақстанның қазіргі заман та­рихы» сияқты оқулықтар жарық көрді.

Бұл оқулықтарда 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бергі Тәуелсіз ел та­рихы тұжырымдалып, Елбасының мем­лекет құрудағы тарихи рөлі, Ата Заң­ы­мыздың, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, кәсіби парламент пен көппартиялы жүйенің қалыптасуы, білім беру мен денсаулық сақтау, спорт саласындағы оң өзгерістер, нарықты экономиканы қалыптастыру процесі, жаңа елорданың бой көтеруі, өркен­деуі, дүниежүзілік қауымдастыққа тең құқықты, тең дәрежелі әріптес ретінде қосылуы, оның халықаралық, аймақ­тық ұйымдармен, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени байла­ныс­тардың орнығуы - бәрі де оқушыға ұғынықты тілмен баяндалды.

Қазір тәуелсіз Қазақстанның та­рихы 5, 9 және 11-сыныптарда оқы­ты­ла­ды. Пәннің бағдарламасына сай 9-сыныпта, яғни мектептің негізгі са­тысында оқытылатын Отан тарихы кур­сында тәуелсіздік тарихы 12 сағат оқытылады. Ал 11-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» курсында Отан тарихының аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері терең берілген. Бұл курс қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарға бейімделген. «Тәуелсіз Қа­зақстан Республикасы» атты арнайы тараудың өзіне 5 сағат бөлінеді. Со­ны­мен қатар, тәуелсіздік тарихы басқа та­рауларда қамтылады. Атап айтқан­да, «Қазақстандағы көпұлттылық», «Қа­зақстан халқы Ассамблеясы», «Қазақтардың Дүниежүзілік құрыл­тайы», «Шетелдердегі қазақтардың атамекендеріне оралу мәселелері» сияқты тақырыптар да бар.

Мектеп оқулықтарына қосымша оқу-әдістемелік құралдар, яғни хрестоматиялар, оқушыларға арналған жұ­мыс дәптерлері, дидактикалық материалдар, мұғалімдерге арналған әдіс­темеліктер көптеп шығарылуда. Бұл көмекші құралдар тарихтың осы кур­сын оқушылардың толық, терең мең­геруіне мүмкіндік береді. Бұған қо­сымша тарих пәні мұғалімдеріне ар­налған, жоғарыда айтқан «Қазақ та­рихы», «Қазақстан тарихы: әдістеме­лік журнал» сияқты басылымдарда мұғалімдерге қажет материалдар жариялануда. «Учитель Казахстана», «Қа­зақстан мұғалімі» газеттерінде, «Әдіскер мұғалім» журналында және т.б. педагогикалық басылымдарда Қа­зақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі тарихын оқытуға пайдасы зор, мұға­лімдердің озат іс-тәжірибелері, сабақ өткізудің үлгі-жоспарлары да жиі беріліп тұрады.

Астана мен Алматы қалалық және облыстық мұғалімдердің білімдерін жетілдіру институттарындағы қоғам­дық пәндерді оқытуға арналған кафедралар мен кабинеттер, облыстық, қалалық, аудандық білім басқар­ма­ларының әдістемелік орталықтары тарихты оқытуға арналған жинақтар, нұсқаулықтар шығарып, жекелеген пән мұғалімдерінің тарихты оқытудың өзекті мәселелеріне арналған еңбек­тері де жариялануда.

Ойымызды түйіндей келе айтары­мыз, еліміздің тарихшы ғалымдары мен әдіскерлері 20 жылдың ішіндегі тәуелсіздік тарихын зерттеп, зерделеуде жаңа көзқарастар қалыптастыруда. Соның негізінде мектепке арналған та­рих оқулықтары жазылып, шәкірт­тер­ге білім беру ісінде тиімді пайда­ланылуда.

Осы орайда берілген мүмкіндікті пайдаланып, тәуелсіздік тарихын оқытуды жетілдіруге септігін тигізетін кейбір ойларымызды оқырмандармен бөліссек деймін.

Бірінші - мектеп оқушыларына тәу­елсіздік тарихынан толымды білім беру үшін 11-сыныптағы «Қазақстан тарихы» курсын оқытуға бөлінген 5 сағатты екі есе көбейтіп 10 сағатқа жеткізген дұрыс болар еді.

Екінші - тәуелсіздік тарихын оқы­туда барлық мәселені оқулықтардың ая­сына сыйғызу мүмкін еместігі тү­сінікті және оқулық 4 жылда бір рет шы­ға­ры­ла­ды. Ол аралықта тәуелсіз еліміздің да­му­ын­да көп өзгерістер бо­латыны белгілі. Ол оқулықта жазылып та үлгер­мейді. Сондықтан тарихшы және әдіс­кер ға­лым­дар соңғы жыл­дардағы жа­ңалық­тар­ды сараптап, 9 және 11-сы­нып­­тар­дың «Қазақстан та­рихы» кур­сы­на қосымша оқушыларға арналған кітапшалар шығарса деген тілек бар.

Үшінші - 9-11-сынып оқу­шы­­ла­ры­на арналған, тәуелсіздік та­ри­хын то­лық таныту мақсатында элек­тив­ті-фа­культатив курстарын жүр­гі­зуді ұйым­дастыру қажет. Мәселен, «Тәу­елсіз Қазақстанның сыртқы сая­са­ты», «Егемен Қазақстанның әлеу­меттік-эконо­ми­калық дамуы», «Тәуел­сіз Қазақ­стан­ның мәдениеті» және «Астанатану», т.с.с. арнайы курстар бағ­дарла­ма­ларын жасап, мектептегі оқу процесіне енгізу өз нәтижесін берері анық.

Төртінші - тарихшы және әдіскер ғалымдар бірлесе отырып, мектепте Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихын оқытудың әдістемесін жасаса, нұр үстіне нұр болмақ.

Сейітқали ДҮЙСЕН, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми  қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Астана.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520