Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4259 32 пікір 15 Ақпан, 2020 сағат 15:49

Қордайда 185 адам зардап шегіп, 47 көлік өртенген

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы шетін оқиғаның зардаптарын жою жөніндегі облыстық штабтың жиынын өткізді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауыл тұрғындары тіршілігінің қалыпты жағдайға түсу жайын талқылаған.

Облыстық штабтың мәліметінше Қордайдағы шетін оқиғадан 185 адам зардап шеккен. Олардың 34-і  ауруханаларға жатқылған. Сондай-ақ, 39 үй, 20 коммерциялық нысан, 47 автокһөлік өртенген.

"Ал 1-13 ақпан аралығында Қордай, Қарасу, Ауқатты және Сортөбе ауылдарынан Қырғызстанға 23 131 адам өткен. Ал Қазақстанға кіргендері 21 261 адам", депті жергілікті әкімдік.

Сонымен қатар, ауылдарды қалпына келтіру және тазарту үшін 250 адам мен 53 техника жұмылдырылыпты. Барлығы 680 тонна құрылыс қоқысын шығарған.

Қазіргі уақта 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 жанармай бекеті мен 30-ға жуық басқа да коммерциялық нысандар қалыпты жұмыс жасап жатыр.

Ал жоғалған құжаттарды реттеу үшін арнайы мобилді орталықтар іске қосылған. Ол Сортөбе ауылдық округінің әкімдігінде орналасқан.

778 отбасына гуманитарлық көмек көрсетілген. Олардың дені азық-түлік, тұрмыстық тауарлар. Жалпы көлемі 57,2 тонна.

Abai.kz

32 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2288
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567