«Аслан Шайқыұлының мақаласындағы ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді»
Теріске шығару
«Abai.kz» ақпараттық порталында 2020 жылдың 5 ақпанында Аслан Шайқыұлының атынан жарияланған «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!» атты басылымында ақиқатқа жанаспайтын, сондай-ақ менің ар-намысым, қадір-қасиетім мен іскерлік беделіме нұқсан келтіретін ақпаратты ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабы, сондай-ақ, ҚР ҚК 130-бабына сәйкес теріске шығаруды және төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұраймын:
2020 жылғы 5 ақпанда жарияланған Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!" атты Аслан Шайқыұлы атынан жарияланған мақалада Екібастұз қаласы білім бөлімінің, сондай-ақ, оның басшысы Ж.А.Хамзабаеваның қызметі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат баяндалған.
Атап айтқанда, Екібастұз қаласының білім бөлімінің №33 мектепте болған оқиғаға қатысты ешқандай шара қолданбады деуі дұрыс емес. Білім бөлімі өз құзыреті шегінде 3-сынып оқушысымен болған жағдайға бірден жауап берді.
Іс қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Қызметтік міндеттеріне жауапсыздықпен қарағаны үшін мектеп директоры қызметінен босатылды, жасөспірімдердің заңсыз әрекеттері үшін оқу ісінің меңгерушісі, сынып жетекшісі және әлеуметтік педагог тіртіптік жазаға тартылды. Іс Екібастұз қаласының полиция бөліміне тапсырылды, қазіргі уақытта өндірісте. Жауапты органдар жасөспірімдердің ата-аналарын қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 3-бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін) әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қолданады.
2019 жылдың қазан айында мемлекеттік аудитпен анықталған білім бөлімі тарапынан бұзушылықтар туралы жарияланған ақпарат дәлелденбеген және Ж.А.Хамзабаеваның ар-намысына, қадір-қасиетіне және әскерлік беделіне нұқсан келтіреді.
Бұл аудит 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың шілдесіне дейін аралықты қамтыды. Хамзабаева Ж.А.2018 жылдың қараша айынан білім бөлімінің басшысы болып тағайындалғандықтан, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы 2018 жылдың қараша айынан ғана берілді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Ж.А.Хамзабаева лауазымына кіріскеннен бастап тексеру комиссиясыанықтаған барлық ескертулер жойылды. Атап айтқанда, бөлім ережесінде орталықтандырылған бухгалтерия туралы мәліметтердің болмауы туралы ескерту бөлім ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен жойылды. (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы №955/10 қаулысы).
Одан әрі жүргізілген есептеулер негізінде орталықтандырылған бухгалтерлік есеп құрылымы мен қызметіне өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ, 464003011 "жалпы білім беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетке 130 700,00 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат қайтарылды (артық есептелген қаражат).
Бүгінгі күні аудиттік тексеру қорытындысы бойынша барлық ескертулер жойылды, басшы Ж.А.Хамзабаева лауазымына тағайындалғанға дейін жұмыста кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Одан әрі цифрландыру аясында өңірдің білім беру жүйесіне бұлтты бухгалтерия енгізілуде, бұл өзгеріс кадрлық есеп пен бухгалтерлік есепті қамтиды, сондықтан қаржылық бұзушылықтарды болдырмау мақсатын көздейді.
басылым авторы №1 балабақша меңгерушісі Т.В.Шмидттің марапатын табыстау туралы көрсеткен факт шындыққа жанаспайды.
Т.В.Шмидт кандидатурасы бөлімнің кадрлық қызметімен марапаттауға ұсынылды және қаланың педегогикалық қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.С.Рахимжановамен келісілді. Татьяна Викторовна Шмидт "Ромашка"№1 бөбекжай-бақшасы" даму орталығының басшысы ретінде аймақтың мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары көрсеткіштері үшін марапаттауға ұсынылды.
Балабақша мен оның тәрбиеленушілері туралы халықаралық және республикалық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардағы көптеген жетістіктерін бірнеше рет қала, облыс және республика көлемінде бұқаралық ақпарат құралдарына жазды.
Мақала авторы Ж.А.Хамзабаеваның атына смс-хабарламаларды жіберу мәселесі бойынша наразылығы дұрыс емес және негізсіз болып табылады.
Аслан Шайқыұлы Н.В.Нефедованың қалалық мәслихаттың отырысында смс-хабарламаларын таратуын көрсетеді. Біріншіден, Аслан Шайқыұлы атты адам қалалық мәслихаттың отырысына қатысқан жоқ, сондықтан, ақпаратты білуі мүмкін емес. Екіншіден, аталған факті бойынша мәслихат сессияларында шешімдердің тәртібі мен обьективтілігі үшін жауапкершілікті Ж.А.Хамзабаева емес, қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Қ.Құспеков жауап беретіндігіне назар аудару қажет.
№28 мектептегі жағайға келсек, білім бөлімі және оның басшысы Ж.А.Хамзабаева тарапынан ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сондай-ақ, мектеп тәлімгері Фарида Тойлыбайдың арызы бойынша қызметтік тексерісті Ж.А.Хамзабаева кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Рахимжановамен бірге жүргізді. Шағымда көрсетілген дерек расталғандықтан, №28 орта мектептің директоры Кенжебаева А.К. жұмыстан босатылды. Мектеп қызметкерлерімен кездесу кезінде ақша жинау фактілер айтылған жоқ және бұрын ақша жинау туралы шағыммектеппедагогтары тарапынан білім бөліміне түспегені анақталды.
Ж.А.Хамзабаеваның өтінімі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының Екібастұз қаласы бойынша департаментіне осы факті бойынша хат жолданды.
Басылымда көрсетілген барлық басқа мәлеметтер Екібастұз қаласы білім бөлімінің қызметі және оның басшысы Ж.А.Хамзабаеваға қатысты емес және автордың өз ой-пікірі болып табылады.
Басылым авторы өзінің негізсіз пікірі мен алып-қашпа сөздерге сүйенуі негізінде, қоғам арасында Екібастұз қаласының білім бөлімі мен педагогикалық қауымдастығының қызметіне теріс баға беруге тырысқанын атап көрсеткіміз келеді.
Екібастұз өңірінің білім бөлімінің ағымдағы жылы атқарған жұмысы туралы обьективті деректер бар, атқарылған жұмысқа тиісті жоғары баға да берілді.
Соның бірнешеуін мысалға атап өтуге болады.
Жаңа оқу жылына дейін алты оқу нысаны күрделі жөндеуден өтіп, барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
6 мектепке компьютерлік жабдықтар сатып алынды, 3000 бастауыш сынып оқушылары жеке шкафтармен қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі жыл сайын кеңейіп келеді. 2019 жылы мемлекеттік тілде оқытатын 150 орындық балабақша ашылды, бақшада 43 адам жұмыспен қамтылған. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілер саны артып келеді. Оқу жылының басында өңірдің мектепке дейінгі мекемелеріне 7822 бала қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда екі жастан үш жасқа дейінгі балаларды қамту 23%-дан (2018 жылы) 37%-ға дейін артты. Үш жастағы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту 100% құрайды. Екібастұздың барлыұқ балабақшаларында өзге ұлт өкілдері 745 (2018-585) мектепке дейінгі балалар оқитын және тәрбиеленетін топтар ашылды.
Есепті жылы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстық даярлықпен 751 тәрбиеші қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына және бірінші сыныпқа қабылдау кезінде тең құқықтар мен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында өңірде кезекке қою мемлекетітк қызметтер толық автоматтандырылған.
Мектеп түлектері арасында мемлекеттік білім грантын алушылар саны жоспарлы түрде өсуде. 2019 жылы №26 Екібастұз мектеп-гимназиясы облыстағы мемлекетітк білім гранттарының саны бойынша көшбасшы орынға ие болды (33 грант). Өңірімізде "Алтынб елгі" иегерлерінің саны өсуде. Өткен жылы өңір мектептерін 662 түлек бітірді, оның 33-і "Алтын белгі" иегері.
Бөлім дарынды балалармен жұмыс жасауда белгілі бір табыстарға жетті. Ғылыми жарыстардың облыстық кезеңінде Екібастұз оқушылары 22 жүлделі орынға ие болды, бұл қатысушылар санының 70% құрайды.Бес шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруға тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) ашылуы ықпал етті. №21 ЖОМ және №22 МГ базасында екі ресурстық орталық жұмыс істейді, оларға магнитті ауыл мектептері қосылған. Тірек мектептердің педагогтары сессия кезінде қажет болған жағдайда балалар үшін жеке сабақтар өткізеді. Бекітілген мектептердің педагогтарына үнемі әдістемелік көмек көрсетіледі.
2019 жылы өңір мектептеріне 78 жас маман шақырылды. Өңірде оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құрайды. Кең жолақты Интернетке барлық мектептер қосылған.
Білім бөлімі Teachersoffice" жобасын табысты жүзеге асыруда. Бүгінгі күні 28 мектепте мұғалімнің жұмысына қолайлы жағдай жасалған. "Нұр Отан" партиясымен бірге балаларды еуропалық стандарттар бойынша бағдарламалау дағдыларына үйрету бойынша 6 тегін IT-сыныптар ашылдыү STEМ-оқыту енгізілуде. Қазіргі уақытта 22 "Рухани жаңғыру" кабинеті, 11 "Домбыра" кабинеті ашылды.
Екібастұз өңірінде инклюзивті білім берумен 1300 бала немесе ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы саны 85% оқумен қамтылған. 799 бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды, 501 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. Екібастұзда ағымдағы жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ашылуымен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға кеңес алу және түзету мәселесі шешілді. Сөйлеу кемшіліктерінің алдын алу және түзету үшін 29 логопедиялық пункт ашылды, оған 782 бла қатысады (жалпы орта білім беретін мектеп - 14 407 оқушы, балабақшаларда - 15 375 бала қамтылған).
Аймақта ұйымдастырылған демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту 1-10 сынып оқушыларының 17,9 мыңнан астамы (2018 ж. - 17855) қамтылған және 100% құрайды. Аймақ бойынша үйірмелер мен секциялар жұмыспен қамтудың жалпы қамтылу деңгейі 100% құрайды (облыстық көрсеткіш 98,4%). Әлеуметтік жетімдік деңгейін төмендету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. "Жанұя" отбасылық қарым-қатынас клубы ашылды, аймақтық сауаттылық мектептері құқықтық сауаттылық шараларын ұйымдастырды, толық емес обласылармен жұмыс жасау үшін Әкелер кеңесі жұмыс істейді.
Бұл білім бөлімінің соңғы жылдары қол жеткізген нәтижелерінің кейбіреулері ғана. Алайда, Аслан Шайқыұлы қол қойған «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!» атты бағалау басылымында бөлім жұмысының обьективті көрсеткіштерінің ешқайсысы көрсетілмеген.
Мен портал редакторынан келесі сұрақтарға жауап беруін сұраймын:
1. Осы материалды жарияламас бұрын ақпараттық дұрыстығына, мәліметтің шындыққа негізделуіне тексерілді ме?
2. Неліктен қазақтың ұлы философы және ойшылы Аай Құнанбайұлының атымен аталған ақпараттық портал Екібастұздың білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы жалған ақпарат таратуға мүмкіндік береді?
«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Хамзабаева.
Редакциядан:
2020 жылдың 5 ақпаны күні Abai.kz ақпараттық порталында Аслан Шайқыұлының «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!» атты мақаласы жария болды. Порталымыздың электронды поштасына келіп түскен сол мақалада Екібастұз қаласындағы білім саласына қатысты сыни көзқарастағы пікірлер мен ақпараттар айтылған.
Бүгін редакциямызға «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Хамзабаевадан терістеу талабы келіп түсті. Онда Аслан Шайқыұлының мақаласында айтылған ақпараттардың шындыққа жанаспайтыны айтылған.
«Abai.kz ақпараттық порталында 2020 жылдың 5 ақпанында Аслан Шайқыұлының атынан жарияланған «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!» атты басылымында ақиқатқа жанаспайтын, сондай-ақ менің ар-намысым, қадір-қасиетім мен іскерлік беделіме нұқсан келтіретін ақпаратты ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 19-бабы, сондай-ақ, ҚР ҚК 130-бабына сәйкес теріске шығаруды және төмендегі ақпаратты жариялауыңызды сұраймын», деп жазылған.
ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабы, 1-тармағында: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады», деп жазылған.
Аталған Заңның 19-бабы, 1-тармағында: «Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады», деп жазылған.
Abai.kz ақпараттық порталы жоғарыда көрсетілген Заң нормаларын басшылыққа ала отырып және «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Хамзабаевадан келіп түскен терістеу талабы мен онда баяндалған нақты ақпараттарға сүйене отырып, 2020 жылдың 5 ақпаны күні Abai.kz ақпараттық порталында Аслан Шайқыұлының «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!» атты мақаласындағы ақпараттарды теріске шығарады және екінші тараптың теріске шығару талабын жариялайды.
Ескерту! Талап етуші тараптың ресми хаты қаз-қалпында жарияланды. Ондағы пунктуациялық және грамматикалық қателер талап етушінің түпнұсқасымен бірдей.
Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз.
Abai.kz