Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 4064 19 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 14:00

Ұлттық кеңестің үшінші жиыны қашан өтеді, не талқыланады?

Былтыр маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаны белгілі.

Билік пен қоғам арасында диалог орнатуды, елішілік қордаланып жатқан кейбір мәселелердің конструктивті шешімін табуды, оны қоғамның әр түрлі сала өкілдерінің, сарапшы-мамандарының талқысына салу арқылы кем-кетігін түзеуді мақсат тұтқан бұл кеңеске қырықтан аса адам мүше болды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткен жылы қыркүйек айында өтті. Ұлттық кеңес аясында үш бағыт – саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған. Әрбір жұмыс тобының спикерлері кезек-кезек сөз алып, өз саласы бойынша мәселелер көтеріп, оны кеңес талқысына салды.

Одан бөлек, президент Тоқаев Ұлттық кеңес мүшелерінің оншақтысын жеке-жеке Ақордада қабылдады.

Ал Ұлттық кеңестің екінші отырысы 2019-дың жылжабар - желтоқсан айында өтті. Бұл жиын - қоғамдық маңызға ие өзекті мәселелер мен осыған дейін айтылған пікірлер, ұсыныстар мен үкіметтік деңгейде талқыланған мәселелердің қортынды жиыны болды.

Жер салығы, ұлттық валюта тұрақтылығы, митинг өткізу принциптері, мемлекеттік тіл реформалары, парламенттік оппозиция т.б. бірқатар мәселелер бойынша атқарылып жатқан шаруалар тиянақталды.

Одан бері екі айдан асты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен онда айтылған мәселелер бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Кеңес мүшелерінің үшінші басқосуы енді қашан өтеді? Онда қандай мәселелер көтерілуі мүмкін? Біз Ұлттық кеңес мүшелеріне осы сауалдарды қойдық...

Көші-қон мәселесіне қатысты Заңның талқыланып жатқанына жарты жылдан асты

Картинки по запросу "ауыт мұқибек"

Ауыт Мұқибек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Ұлттық сенім кеңесінің екі отырысы өтті. Екеуі де нәтижелі болды деп есептеймін. Біраз заңнамалар мен нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді және енгізлу үстінде. Енді, үшінші отырыстың қай күні өтетінінен менің хабарым жоқ. Бірақ, осы жарты жылдықтаң алғашқы маусымында өтеді деген ойдамын. Себебі, алдыңғы екі отырыстан біршама тәжірибе жиып қалдық.

Жұмыс тобының хатшысының және мүшелерінің айтуына қарағанда, бұл жолы белгілі бір тақырыптық мәселелер көтерілуі мүмкін. Ол – мысалы, әлеуметтік сала бойынша. Барлық мәселені бір жолы шешіп тастау мүмкін емес. Әлеуметтік саланың күрмеуі көп. Өз басым осы салаға қатысты екі-үш заңнамаға ұсыныстар дайындап жатырмын.

Өзіңіз білесіз, қазір Парламентте көші-қон мәселесіне байланысты Заң талқыланып жатыр. Жарты жылдан асты. Аталған заңдарда бір-бірне сәйкес келмейтін тұстары бар. Мәселен, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң мен «Халықтың көші-қоны» туралы заңындағы баптар қандастарымыздың баспана кезегіне тіркелуіне кедергі жасап тұр. Екі бап бір-біріне сәйкес келмейді. Үкіметтің де қорытындысы алынған. Ол қортынды тіпті басқа бағытқа кеткен.

Сондай керағарлық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда да бар. «Тұрақты тіркеуге байланысты да мәселелер жоқ емес... Қысқасы, мәселе жеткілікті.

Бұл менің айтып отырған мәселелерім ғана. Ал, әлеуметтік сала деген сан салалы ғой. Кеңес мүшелері үш топқа бөлінгенін білесіз. Демек, өз басым Ұлттық кеңестің алдағы отырысында осы әлеуметтік, білім, денсаулық саласының мәселелерін талқылауды, қатысты заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар берілгенін қалаймын.

1 сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейін Заң дейтін сабақты енгізу керек

Картинки по запросу "жәнібек қожық"

Жәнібек Қожық, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Мен Ақтау қаласында тұрамын. Биліктің немесе басқаның емес, қарапайым азаматтардың бірімін. Бізді шақырғаннан кейін бардық. Бірінші отырыс 6-қыркүйек күні болды. Сонда мен екі мәселе көтердім. Біреуі - шет елден келетін заңсыз жұмысшыларға квота санын азайту және оларды тексеру. Олардың жалақысы мен әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Одан наразылық туады.

Теңіз-Шевройлда 50 мың адам жұмыс істейді. Оның 40 мыңы жергілікті Қазақстан азаматы. 10 мыңы шет елдік азаматтар деп есептеймін. Жалақысы екі түрлі. Міне, осы мәселені көтерген болатынмын. Оған 20-желтоқсан күні жауап беріп, бұл мәселені шешті. Заңдары іске асып жатыр.

Екінші көтерген мәселем - ер адамдардың зейнеткерлік жасын 60-қа, әйел адамдардың зейнет жасын 55-ке түсіру керек деген болатынмын. Енді мұны қарап жатыр. Осыған тиісті министрлер әйел адамдар 55 жастан зейнетке шықса оның зейнетақы қорындағы ақшалары жетпей қалады деген сияқты сылтауларды айтып жатыр. Бірақ, ол әлі зерттелмеген нәрсе.

Менің естуімше, Ұлттық кеңестің үшінші отырыс осы сәуір айында болады. Онда екі мәселе қаралады. Біреуі - білім саласы, екіншісі - денсаулық саласы туралы айтылады. Бұл да өте өзекті мәселе деп ойлаймын.

Менің бұл мәселеге қатысты ұсынысым - 1 сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейін Заң дейтін сабақты енгізу керек. Әрине, ол сабақты балалардың жас ерекшелігіне, сыныбына қарай ыңғайлау қажет.

Мектеп бітіргеннен кейін бала Заң біліп шығуы керек. Қазіргі болып жатқан жемқорлық та, үйден, жұмыстан басқасынан айырылып қалу да бәрі заң білмегендіктен болып жатыр. Сондықтан оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру керек деп есептеймін.

Дайындаған Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420