Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 05:41

kiwi.kz порталында лицензиялық фильмдердің виртуалды кинотеатры ашылды

Алматы. 26 қырқүйек. ҚазТАГ -kiwi.kz интернет-порталында лицензиялық сападағы телебағдарламалар мен телехикаяларды онлайн көруге мүмкіндік беретін бірегей сервис ашылды.

««Кинозал» - Қазақстандағы осындай алғашқы жоба, ол лицензиялық бейнетуындыларды онлайн көруге арналған. Бұл - 21 000 бейне-файлдан құралған каталог. Бөлімде жаңалықтар мен сараптамалық, спорттық, көңіл көтеру бағдарламалары, балаларға арналған бағдарламалар, ресейлік телехикаялар және т.б. бар. Роликтердің жалпы ұзақтығы 12 000 сағаттан асады», - деп хабарлады интернет-портал жұма күні.

Қазақстандық киноиндустрия өкілдерімен ынтымақтастыққа басымдық беріліп отыр, делінген ақпаратта.

«Жақында интернет-ресурсотандық және шетелдік лицензиялық контентті жеткізушілермен жұмыс істей бастайды, олардың қатарында «Қазақфильм», «Satai Film», «ВГТРК», «ТНТ», «СТС» және т.б. бар», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

kiwi.kzпорталында құрылған жаңа бөлім қазақстандық құқық иеленушілеріне өз туындыларынан интернетте табыс тадуға мүмкіндік береді.

««Кинозал»бөлімін іске қосу - қазақстандық авторларға интернет желісінде өз туындыларын көрсетуден табыс табуға мүмкіндік берумен қатар, Қазнетте лицензиялық бейнені дамыту бағытындағы сенімді қадам болып табылады. Бөлімге кіру - ақылы, бір айға жазылу құны - 1000 теңге, төлем жасаудың түрлі әдістері қарастырылған: SMS арқылы, электрондық ақша - webmoney немесе несиелік картамен төлем жасауға болады», - дейді жоба авторлары.

Ақпаратқа сәйкес, контенттің құқық иеленушілеріне көрулердің мөлдір статистикасы беріліп отырады.

kiwi.kz порталының мәліметінше, жаңа сервистің дәстүрлі телевидениеден артықшылықтары көп.

«Бірінші кезекте, бұл - кеше қалт жіберген бағдарламаларды, фильмдерді ғана емес, өткен жылдардағы туындыларды көруге мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы. Екінші айырмашылығы - фильмдер мен бағдарламаларды үзетін жарнама болмайды», - делінген ақпаратта.

Жобаның авторлары жақында өздерінің бөлімін SmartTV мен Аndroid платформаларында жұмыс істейтін барлық құрылғыларға енгізуді көздеп отыр, бұл бейнетуындыларды компьютермен ғана емес, сонымен қатар, ұялы телефондар мен теледидар арқылы көруге мүмкіндік береді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407