Дүйсенбі, 30 Желтоқсан 2024
2571 0 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 14:38

ҰҚК: Террорлық әрекет жасамақ болғандар ұсталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті 2020 жылдың 14-ақпан күні жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру кезінде Алматы қаласында жат діни ағымның 2 өкілін ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді. 

Ұсталған азаматтардың мекен-жайлары бойынша тергеу іс-қимылдары жүргізілді. Нәтижесінде шабуылдау көзілдеген нысандардың бейне-фото түсірілімдері бар смартфондар, суық қару, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы және оны жасауға арналған құрамдас бөліктер табылған.

Қазір күдікті азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 255-бабы, терроризм актісіне дайындалу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу материалдары көрсеткендей, ұсталған азаматтар республика аумағында, нақытрақ айтсақ, адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 2004 жылдан бері бірнеше лаңкестік, экстермистік және діни ұйымдарға тыйым салынған.

Атап өтсек:

1.ҚР Жоғарғы Сотының 2004 жылдың 15-қазандағы шешімі бойынша:

«Аль-Каида»

«Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»

«Күрд Халық Конгресі»

«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» ұйымдарына тыйым салынған.

2. Жоғарғы Соттың 2005 жылдың 15-наурыздағы шешіміне сәйкес:

«Братья-мусульмане»

«Асбат аль-Ансар»

«Талибан» қозғалысы»

«Лашкар-е-Тайба»

«Боз гурд»

«Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» ұйымдарына тыйым салынған.

3. Елорда сотының 2005 жылдың 28-наурыздағы шешімі бойынша: 

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымына тыйым салынған

4.. Астана қалалық сотының 2006 жылғы 17-қарашадағы шешіміне сәйкес: 

«Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

«АУМ Синрикё» ұйымдарына тыйым салынған

5. Елорда сотының 2008 жылғы 5-наурыздағы шешімі бойынша: 

«Түркістан ислам партиясы» ұйымына тыйым салынған

6. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22-жнлтоқсандағы шешіміне сәйкес: 

«Алля-Аят» ұйымына тиым салынды

7. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22-жнлтоқсандағы шешіміне бойынша: 

«Ата жолы» ұйымына тыйым салынды.

8. Атырау қалалық сотының 2001 жылғы 25-қарашадағы шешіміне сәйкес:

«Джунд-аль-Халифат» ұйымына тыйым салынды.

9. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 2012 жылғы 7-маусымдағы шешімі бойынша: 

19.«Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдақ бірлестігі ұйымына тыйым салынды.

10. Елордадағы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26-ақпандағы шешіміне сәйкес: 

«Таблиғи джамағат» ұйымына тыйым салынды.

11. Елордадағы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18-тамыздағы шешімі бойынша:

«Ат-такфир уәл-хиджра» ұйымына тыйым салынды

12. Елордадағы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15-қазандағы шешіміне сәйкес: 

«Ислам мемлекеті».

«Ан-Нусра фронты» ұйымдарына тыйым салынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2095